Байланысты: Босанғаннан кейінгі кезеңнің қабыну аурулары.
Септикалық шок. Грамм теріс бактериялары көптеп қырылғанда оның бұзылған қабығынан токсин бөлінеді. Токсин организмде биологиялық активті заттар – гистамин, серотониннің бөлінуін күшейтеді. Ал серотонин тамырды қысып, оның бойымен қанның жүруін баяулатады, қанның ішкі мүшелерде кідіруіне әкеледі. Осының салдарынан ткандерге оттегінің, қоректік заттардың келуі нашарлап, тұншығады.
Белгілері: сырқаттың кенттен қызуы көтеріліп, денесі түршігеді. Бастапқыда тахикардиямен, аяқ – қолдың, беттің қызаруымен басталған ауру белгілері, бірнеше сағаттан кейін өзгереді. Қызу 37* - тан төмендеп, терісі бозарады, салқын тер шығады. Тамыр соғуы жие, толымсыз, қан қысымы кенеттен түсіп кетеді. Қан қысымының түсіп кетуі шоктың басты, әрі маңызды белгісі, себебі оның қан кетумен байланысы жоқ.
Қанда лейкоцит, ЭТЖ артады. Қан айналымындағы бұзылыс реттелмесе, бөтекенің өткір жетіспеушілігі дамиды. Ол 2 кезеңнен тұрады:
А) олигоанурия кезеңі
Б) полиурия кезеңі
Емі: - сырқатты шоктен шығару. Егер сырқат жағдайы 8-12 сағатта жақсармаса, жатырды алып тастайды.
Төртінші кезең ауруларына метастаз бермеген сепсис – септицемия; және метастаз берген сепсис – септикопиемия жатады. Бұлар бір процестің екі кезеңі. Бастапқыда септицемиямен басталған процесс, көмек болмаған жағдайда септикопиемияға ұласады. Септицемия – қоздырғыштардың қанға өтіп, көбейіп, бүкіл денеге таралуымен, және қоздырғыш токсинінің жүрек, бауыр, бүйректі қабындыруымен сипатталатын өте ауыр іріңді процесс. Ауру белгілері босанғаннан кейінгі 2-3 – ші күндері дененің тітіркенуімен, дене қызуының 40-41 *-қа көтерілуімен басталады. Бұрыннан әлісіз, жүдеу, антибиотик қабылдап жатырған сырқаттарда дене қызуы субфебрильді немесе қалыпты болуы мүмкін. Ұйқышылдық, апатия, бас ауруы, сырқаттың сандырақтауы байқалады. Тамыр соғуы жие, әлсіз (минутына 120-130 рет), тілі құрғап, ақ теңбілденген. Терісі құрғап, сұрланады, кейде сарғыш, ұсақ немесе ірі бөртпелер пайда болады. Іші кеуіп, аурады, өтеді. Кейде жүрек қызметі нашарлап, аяқ – қолдары көгереді, қан қысымы төмендейді. Өкпе ісініп, іріңді қабынады. Зәр анализінде бактериурия, протеинурия, цилиндрурия байқалады.