Байланысты: Босанғаннан кейінгі кезеңнің қабыну аурулары.
Септикопиемия дегеніміз ауру қоздырғыштарының қан арқылы басқа ағзаларға таралып, онда жаңа іріңді ошақ тудыруы. Көбіне іріңді тромбофлебиттен кейін пайда болады.
Белгілері септицемияға ұқсас. Ерекшелігі, іріңді метастаз ошағы пайда болған мүшенің қызметі бұзылып, соған байланысты белгілер пайда болады. Мысалы: өкпеде іріңді ошақ дамыса, өкпе қызметінің бұзылуына байланысты белгілер пайда болады.
Метастаз ошағындағы процесс антибиотиктер әсерінінен бәсеңдеген жағдайда, ауру белгілері де бәсеңдейді. Дегенмен, басқа бір мүшеде жаңа іріңді ошақ пайда болып, ауру белгілері қайта күшейеді де, сырқат жағдайы кері ауырлайды, эндотоксикалық шок дамып, 80-90% өліммен аяқталады.
Эндотоксикалық шок белгілері: кенеттен қызуы көтеріліп, дене түршігеді, терісі көгеріп, бөрткендер пайда болады. Қан қысымы төмендеп, брадикардия, дем алу ырғақтығының бұзылуы байқалады. Бүйректің өткір жетіспеушілігі, анурия дамып, қанның ұюы бұзылады.
Сепсистің ұзақтығы және ағысы әртүрлі болады.
А) найзағай тәрізді өте шапшаң сепсис – босанғаннан кейінгі сағаттарда басталып, 2-3 күннен кейін өліммен аяқталады.
Б) өткір сепсис 2-3 аптаға созылып, сырқаттың сауығуымен немесе өліммен аяқталады.
В) өткірлеу сепсис 2-3 айға созылып, ішкі ағзаларға метастаз береді.
Жазылуы ұзаққа созылады.
Соңғы жылдары антибиотик түрлерінің жаңарып көптеп шығуына байланысты сепсистің ағысы жеңілдеген.
Анықталуы: - клиникалық белгілеріне сүйеніп
Қанды бактериологиялық зерттеу
Жатыр сұйықтығын, зәрді, құрсақ, кеуде сұйықтықтарын бактериологиялық зерттеу, қоздырғыш түрін анықтау.
Алдын – алу шаралары: - босануға дейін әйел денесіндегі ауру ошақтарын анықтап, емдеу.
Қоректі тамақтану
Қан азыдықты емдеу
Перзентханада босанған сырқат әйелдерді сау әйелдерден оқшаулау, тазалықты қатаң, уақтылы жүргізу.
Қан кетуді алдын алу, кеткен қанды уақтылы толықтыру
Қабыну белгілері пайда болысымен негізгі антибиотиктерді тағайындау
Перзентхана қызметкерлерін қоздырғышқа тексеру.
Емі бірнеше бағытта жүргізіледі
Сырқат иммунитетін арттыру
Антибиотиктер, сульфаниламидтер тағайындау
Гигиеналық шараларды қатаң сақтау
Қоректі тамақтандыру
Витамин препараттарын тағайындау, көк тамырдан сұйықтар құю.
Эритропоэзді күшейтетін, ас қорытуды жақсартатын, анемияға қарсы дәрілер беру.
Мастит – сүт бездерінің қабынуы – емшек ұштарындағы жарықтан инфекцияның омырауға енуінен болады.
Маститтің 3 кезеңі бар.
А) сыздау
Б) шоғырлану
В) іріңдеу
Сыздау кезеңінде әйелдің қызуы көтеріліп, денесі түршігеді. Басы аурып, жалпы жағдайы нашарлайды. Омырауы қатайып, қызарады, қол тигізбей сыздап аурады. Осы кезеңде үдетілген ем жүргізбесе шоғырлану кезеңіне, өтеді. Бұнда инфекция тереңге еніп, шоғырланады. Омырауды басқанда шектелген, тығыз, ауратын ісік анықталады. Қолтық бездері шошынып, аурады. Қан анализі өзгереді. Қабыну үдесе, омыраудың зақымданған бөлігі сұрланып, үлкейеді, терісінің асты сарғаяды. Сарғаю іріңдеудің белгісі. Дене қызуы 39* - қа көтеріліп, әйел жағдайы нашарлайды, тілі кеуіп, тахикардия байқалады.
Емі: антибиотиктер, сульфаниламидтер, гемодез беріледі. Омырауға УВЧ, компресс тағайындайды. Іріңдеу кезеңінде омырауды тіліп, іріңнен тазартады. Сәбиді тек бірінші кезеңде емізуге болады. 2-3-ші кезеңдерде сәбиді емшектен шығару керек.