Сальпингоофарит – жатыр түтіктері мен аналық бездің қабынуы. Қоздырғышы көбіне гонококк, стафилакокк, стрептококк болады. Ауру белгілдері 10-14 күндері білінеді. Дене қызуы көтеріліп, жағдайы нашарлайды, тәбеті болмайды. Жатыр маңы қатты аурады. Кіші, үлкен дәреті аурып келеді, іш қатады.
Қынаптық тексеруде: жатыр қосалқы бөліктері ісінген, басқанда аурады, қозғалысы шектелген.
Пельвиоперитонит – кіші жамбас іш пердесінің қабынуы. Бұнда кіші жамбас қуысында алғашқыда сарысу жиналып, соңынан ол іріндейді. Ауру белгілері 15-25 – ші күндері білінеді. Қызу 40*- қа көтеріліп, дене түршігеді, ішінің төменгі бөлігі қатты аурады. Алғашқы күндері жүрегі айнып, құсады, іші тақтай тәрізді қатаяды. Щеткин – Блюмберг симптомы «оң». Жалпы жағдайы, ұйқысы бұзылады, тәбеті төмендейді. Аузы кеуіп, тілін ақ таңдақтар басады. Емделген жағдайда көршілес мүшелермен бірігу (спайка) қалыптасады. Емдемесе, ірің қуыққа немесе қынапқа жарып шығады.
Параметрит, метрит, сальпингоофарит пельвиоперитонитте келесі ем беріледі: - қатаң төсек режимі, тыныштық
Қоректі тамақтану жақсы күтім
Аурудың өткір түрінде ішінің төменгі жағына мұзды мұйық басу
Ауырсынуды басатын дәрілер беру
Қабынуды басатын кальций хлоры, амидопирин
Антибиотиктер, сульфаниламидтік дәрілер
Тамырдан гемодез, глюкоза құю
Жатыр маңындағы инфильтрат (ісік) іріңдегенде, қынаптың артқы күмбезін тіліп, іріңді қынап арқылы сыртқа шығарады.
Босанғаннан кейінгі кезеңде жатыр, кіші жамбас, аяқ көк тамырларының кеңейіп ұзаруы, қабынуы, бойында тромбаның пайда болуы тромбофлебит деп аталады. Жатыр тромбофлебитінде жатырдың субинволюциясы байқалады, ұзақ қан кетеді, эндометрит белгілері пайда болады. Уақытында көмек көрсетілмесе процесс кіші жамбас тамырларына таралады. Қынапқа қол салып тексергенде кіші жамбас тамырларының ирелеңдеп, білеуленіп ісінгені сезіледі, әйел тексеруді ауырсынады.
Аяқ тамырларының қабынуы босанғаннан кейінгі 2-3-ші күні пайда болады. Алғашқыда дене қызуы 39*-қа көтеріліп, дене түршігеді, тахикардия, ұйқысыздық болады. Қабынған аяқ ауырады. Тексерген кезде шаб қыртысы жазылған, тамыр бойы қатайып, аурады, аяқ ісінген. Дене қызуы 2-3 аптадан кейін түседі, ал ісік 1-2 айға дейін сақталады. Ауру беті кері қайтқанда тамыр бойы жыбырлап, қышиды.
Емі: - қатаң төсек режимі, тыныштық, аяқты жоғары көтеріп жату.
Кіндіктен төмен мұзды мұйық басу
Дәрілерден эскузан, анавенол, троксевазин, венорутонның бірін беру
Аяққа сүлік қою арқылы қанның ұюын төмендету, қабыну белгілерін азайту.
Ауру беті кері қайтқанда, аяққа Вишневский майымен компресс қою
Антибиотиктер
Қынап, тік ішекке папаверин, новокаин балауызын салу.
Антикоагулянттар – гепарин тағайындау.
Достарыңызбен бөлісу: |