Жоспар: Қабыну ауруларының себептері, жіктелуі



бет3/5
Дата07.06.2023
өлшемі21,59 Kb.
#99380
1   2   3   4   5
Байланысты:
Босанғаннан кейінгі кезеңнің қабыну аурулары.

Жайылған перитонит – қабыну процесі лимфа тамырлары немесе түтік арқылы жатырдан құрсақ қуысына таралғанда, немесе кесар тілігіне салынған тігіс іріңдеп, ажырағанда пайда болуы мүмкін. Қабыну түтіктер арқылы жатырдан құрсаққа таралғанда, ауру белгілері босанғаннан кейін бірнеше күн өткен соң, ал тігістен дамығанда, 1-2 күннен кейін пайда болады. Босанған әйелдің дене қызуы 39-40 * -қа көтеріліп, бірнеше күн түспей қояды. Дененің түршігуі болмайды. Өте ауыр жағдайда қызуда болмауы мүмкін. Тамыр соғуы әлсіз, жие, ретсіз. Қан қысымы төмен. Дем алысы жие, үстірт. Іш пердесі дем алыс қозғалысына қатыспайды. Аузы, тілі кеуіп, жүрегі айниды, құсады, іші кебеді. Щеткин симптомы әлсіз «оң», ішін басқанда ауырсынбайды. Ішек қимылдары әлсіреп барып тоқтайды. Қынаптық тексеруде жатыр – тік ішек аралығындағы қуыста сарысу анықталады. Біртіндеп сырқаттың жағдайы ауырлап, үлкен дәрет иісіндей тоқтаусыз құсық пайда болады. Зәрде белок пайда болып, ол анурияға ұласады. Денеде зат алмасу бұзылып, іріңді процестің жүрекке, өкпеге таралуынан ішкі ағзалардың қызметі бұзылады. Осыдан сырқат өлуі мүмкін.

Емі: - перитонитке күдік туғанда әйелді 6-12 сағат бақылайды. Осы уақыт ішінде күшейтілген ем жүргізіледі. Жүргізілген емнен нәтиже болмаса, әйел жағдайы бері қарамаса, жатырды алып тастайды.

Канамицин, ампициллин, цепорин т.б. күшті антибиотиктердің бірін к/т-дан, немесе құрсаққа қойылған дренаж түтігінен береді.
Улануға қарсы гемодез, реополиглюкин, глюкоза құяды.
Ішек қимылдарын реттеу ішін асқазанды жуып, гипертониялық клизма қояды.
Су – тұз алмасуын реттеу үшін к/т-дан күніне 1-2 рет тұзды ерітінділер құяды.
Белок жетіспеушілігіне қарсы плазма құяды.
Организмнің қорғаныш қабілетін арттыру үшін, аз мөлшерде қан құяды, гамма – глобулин береді.
Жүрек – қан тамыр жүйесінің жұмысын жақсартатын дәрілер беріледі.
Асқынған тромбофлебитте тамыр қабырғасының қабынуы және бойында тромбаның пайда болуы тамырдың көлемді жеріне таралады. Пайда болған тромба үзіліп, өкпе эмболиясы дамыса, сырқат кенеттен әлсізденіп, терісі бозарады, қан қысымы төмендейді, тахикардия, кеудесі қысылады. Өкпенің кішігірім тамырының эмболиясында ентігу, тыныс алған кезде кеуденің ауруы, тахикардия болады.

Емі: көк тамырдан морфин, спазмолитикалық дәрілер егіліп, оттегімен демалдырады. Көк тамырдан тромбаны ерітетін фибринолизин, қанды ұйытпайтын гепарин егеді. Күре тамыр эмболиясында жедел операциялық көмек көрсетеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет