Жоспар: Ата тәлімі. Ескірмейтін есті сөз. Құпия хаттарға жауап. Барысы: Мұғалім



бет2/3
Дата27.11.2023
өлшемі18,37 Kb.
#129421
1   2   3
Байланысты:
Тәрбие сағаты Бабалар өсиеті – балаға мұра

5-оқушы:
-Үйде кім, елде кім қадірлі? – деп сұрайды қария.
-Ата, үйде ана, елде бастық қадірлі, - депті жігіт.
-Жоқ, балам, үйде қонақ, қарт, бала қадірлі. Елде хан, әкім, ұстаз қадірлі.
Қнақты қадірлеуді бәрі біледі. Бала – үйдің патшасы, балалы үй – базар, баласыз үй – мазар, - депті қарт.
6-оқушы:
-Елді кім, үйді кім бүлдіреді? – деп сұрайды қарт жігіттен.
-Ата, елді өсекші бүлдіреді, үйді бала бүлдіреді, - депті жігіт.
-Жоқ, балам, елдіөсекші бүлдіргенмен, үйді ақылсыз бала бүлдірмейді.
Есіңде болсын ақылсыз басшы елді бүлдіреді, ақылсыз әйел үйді бүлдіреді.
7-оқушы:
-Үйдегі алтын қазық кім?
-Ата, үйдегі алтын қазық бала,- депті жігіт.
-Жоқ, үйдегі алтын қазық – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі қызға, әке тәрбиесі ұлға үлгі. Ана – ақылшың, әке – қамқоршың, ағаң – қорғаушың, інің – сүйенішің, қарындасың – қанатың екенін ұмытпа. Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем. Ананың мейірімі көзіңде, ықыласы көңілінде, ақылы сөзінде.
8-оқушы:
-Өмір сүру үшін не қажет? – депті қарт.
-Өмір сүру үшін алтын, ақша, мал, нан қажет, - депті жігіт
-Жоқ өмір сүру үшін су,от,тұз,қыз,ақыл қажет. Сутіршіліктің нәрінбереді, отөмірдің сәнін береді, тұз астың дәмін келтіреді, қыз өмірдің сәнін келтіреді, ақыл өмірдің мәнің береді. Адам ақылмен ағайынды табады, ақылсыз адам ағайыннан безеді.
9-оқушы:
-Достықты нығайтатын не? – депті қарт.
-Ата, достық пен жолдастықты ынтымақ, бірлік, теңдік, туыстық, бауырмалдық нығайтады,-депті жігіт.
-Дұрыс, балам, сенің айтқаның достық пен жолдастықты нығайтады. Есіңде болсың, шын достық ақылдыға тән. Өмірде дос болуды ойласаң «сәлеметсіз бе, кешіріңіз, рақмет, сау болыңыз, сәлем айтыңыз,рұқсат па» деген сөзді шын көңілмен айтуға үйрен. Сәлемдесуді білген кешіре де біледі. Жөн сөз – көңіліңді өсіреді, жөнсіз сөз үмітіңді өшіреді.
Мұғалім: Міне, балалар, көрдіңдер ме, дос табу үшін елде кімнің қадірлі екенін, шындықты бұзатын, достықты нығайтатын не екенімен таныстық және осындай ғибрат алатын сөздерді есте сақтау керектігін ұмытпаңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет