Жоспар: Ата тәлімі. Ескірмейтін есті сөз. Құпия хаттарға жауап. Барысы: Мұғалім



бет3/3
Дата27.11.2023
өлшемі18,37 Kb.
#129421
1   2   3
Байланысты:
Тәрбие сағаты Бабалар өсиеті – балаға мұра

II бөлім: «Ескірмейтін есті сөз»
Мұғалім: Бұл бөлмеге дайындалу балалардың өздеріне тапсырылады. Күнделікті өмірде ата – әжелердің, ата – аналардың айтып отырған ырым мен тиым сөздер жасырын өткіземіз. Кім көп біледі екен?
1-оқушы:
Таза мінсіз асыл сөз,
Су түбіндежатады.
Таза мінсіз асыл тас,
Ой түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас,
Жел толқытса шығады.
Ой түбінде жатқан сөз,
Шер толқытса шығады.
2-оқушы:
Әділ төре ел бастар,
Батыр жігіт жау бастар.
Аға жігіт қол бастар,
Шешен адам сөз бастар.
Құствы жисаң, бүркіт жи,
Қыс тоныңды түлкі етер,
Бір жаманмен дос болсаң,
Күндердің күні болғанда,
Бүкіл ғаламға күлкі етер.
3-оқушы:
Қол бастау қиын ба, жол бастау қиын ба?
Сөз бастау қиын ба?
Қол бастау қиын ба?
Көк найзалы ерің болса.
Жол бастау қиын емес,
Соңында ерген елің болса.
Бәрінен де сөз бастау қиын,
Тауып айтсаң мереке қылады,
Таппай айтсаң келее қылады.
4-оқушы:
Ақыл – адамды аздырмайтын ем.
Білім – таусылмайтын кен.
Адамның басшысы – ақыл.
Жетекшісі- талап.
Шолғыншысы – ой.
Жолдасы – кәсіп. Қорғаны – сабыр.
Қорғаушысы – мінез.


Қорытынды
Мұғалім: Қазақ жұрты жаратылысынан шешендік өнерге бейім халық. Оның қиыннан қиыстыра, төтеннен төге сөйлейтін тапқыр да, қанатты ойлары жөнінде өзіміз де, өзгелер де таңдай қағып айтудамыз. Би, шешендер даулы мәселені түйінді төрт-ақ ауыз сөзбен тындырып отырған. Олар барынша адал, ешкімге бұра тартпайтын, тура сөйлейтін нағыз шешен, әрі ақылгөй, халық қамқоры болған
Би, шешен, бабаларымыздың әруағы риза болсын, даңқы артсын, ел үшін еңбегі елеусіз қалмасын, кейінгі ұрпақ бұл кісілердің өсиеттерін есте сақтап, сөз қадірін түсіне білуге үйренсін.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет