Ассоциация әдісі – сыртқы дүниенің әсерінен ойда жаңа ұғым пайда болып, санада сәйкес, ұқсас бейнелер елесін туғызады.
Деформация әдісі – түрі өзгертілген тапсырмаларды дұрыс қалыпқа келтіру. Бірнеше сөйлем түрі беріледі. Сөйлемдерді мағыналарына қарай бір-бірімен байланыстырып, бүтін жүйедегі шағын мәтін құрастыру көзделеді. Негізгі мақсат – сөйлемдердің орын тәртібін дұрыс анықтай білу. Мұндай тапсырмалар студенттердің мәтінді логикалы түрде құрастыру дағдыларын жетілдіреді.
Салғастыру әдісі – біртектес немесе өзара ұқсас ұғымдарды бір-бірімен салыстыру. Сөйлемде іріленген мазмұндағы лексикалық бірліктердің қайсысы қандай мағынада жұмсалғандығын анықтау мақсатында екі сөйлем қатар орналастырылып, салыстырылады.
Сәйкестендіру әдісі – сырт тұлғасы біртектес ұғымдарды бір-бірімен теңестіру. Егер айырмашылығы болса, себебін түсіндіру, сәйкестендіру жолын іздестіру[5].