Жоспар: Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы туралы ұғым



бет1/3
Дата05.06.2023
өлшемі49,5 Kb.
#98701
түріСабақ
  1   2   3

Тақырыбы: Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы (ДБІ)
Жоспар:
1. Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы туралы ұғым
2. Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясының идеясы, ерекшелігі
3. ДБІ технологиясы арқылы бірліктерді ірілендіру мазмұны
Дидактикалық бірліктерді ірілендіру – технологияны Элиста қаласының ғалымы П.М.Эрдниев ұсынған. Ол дидактикалық бірлік ұғымын енгізген. Дидактикалық бірлік бір сабақта  өтілетін мәселе немесе  сұрақтар. Дидактикалық бірлікті меңгеру оқу процесінің «негізгі клеткасы» болып табылады. Дидактикалық бірлік оқушының есінде берік сақталуы тиіс,  ол осы  негізгі келіп қосылатын жаңа ұғымдар арқылы ұлғаятын база қызметін атқаруы тиіс.
ДБІ идеясы – ғасыр идеясы ретінде оқытудың тұтастығын қамтамасыз ететін, яғни жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, әсіресе, интеллектуалды болып жетілуіне мүмкіндік туғызатын оқыту технологиясы негізінде танылған. Ғалымның айтуынша, ДБІ-ге негізделген оқыту технологиясы әр оқушының бас сүйегіндегі орасан зор психо-физиологиялық (қорларын) резервтерді оятып, іске жұмылдырады. Іріленген тақырыптарға көшу барысында өзара байланысты біртектес ұғымдарды бірге топтастыра қарастырғанда, оқушылардың санасында олар туралы мүлде  «жаңа» білім пайда болады. Бұл «жаңа білімге» ДБІ-дің нәтижесінде ғана қол жеткізуге болады. Атап айтқанда, бір элементтен екінші элементке көшу барысында студенттер олардың арасындағы өзара байланыс ақпаратына көз жеткізеді. Тек бір-бірімен байланысты бірліктерді ірілендіру көлемінде топтастырып қолданғанда ғана берілген ақпарат нәтижелі болады, тез қабылданады.
ДБІ технологиясының негізгі ерекшелігі мұнда оқушылар оқу ақпаратын іріленген мазмұнда жинақы қабылдайды және есте берік сақтайды.
ДБІ теориясымен мына мәселелер тығыз байланысты: оқу материалдарын тірек схемалар мен сигналдар арқылы қабылдау және жазу идеясы (В.Ф.Шаталов); ғылыми теорияларды және олардың құрылымдық элементтерін бөліп қарастыру (Б.С.Гершунский); сабақ құрылымының тұтастығы мен дамуына қатысты оқыту мен оқудың актілері (Г.Д.Кириллова).  Ғалымдардың пікірінше, «құрылымдандыру» ұғымы – оқу материалдарының құрамдас элементтерін біріктіреді  (ұғымдар, заңдар, идеялар, ұстанымдар). Оларды оқушыларға жеткізу және  меңгерту белгілі бір байланыстар мен қатынастар арқылы тізбек түрінде болады[3].
Қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне мамандыққа баулып оқытуда дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясын қолдану өзара бір-бірімен байланысты, ұқсас лексика-грамматикалық единицаларды бір мезгілде жүйемен оқытып үйретуге мүмкіндік береді.
ДБІ технологиясы арқылы қазақ тілін оқытудың ұтымдылығы – алдын-ала қарастырылған ішкі байланыстары бар тапсырмалар жүйесі. Ірілендіру ұстанымына негізделген белгілі бір жаттығулар жиынтығы, олардың қатаң түрдегі бірізділігі студенттердің қазақша сөйлеуге үйрену барысында тілдік құралдарды саналы түрде және берік  меңгеруге жетелейді.
ДБІ технологиясы арқылы лексиканы игерту кезінде бірліктерді ірілендіру мазмұны төмендегідей ұстанымдарға негізделді:
1.Бірізділік; 2. Жүйелілік; 3. Сабақтастық;4.Тұтастық; 5.Шоғырлылық.
Бірізділік ұстанымы меңгертілетін материалдарды бірінен соң бірін үйлестіріп, бір ізге түсіріп ұсынуды көздейді: бірінші тапсырмада іріленген грамматикалық бірліктердің түсініктері; екіншісінде мысалдары; үшіншіде іріленген бірліктерді ажырату тапсырмасы ұсынылады.
Сабақтастық ұстанымы орындалатын тапсырмалардың арасындағы үндестікті, байланыстылықты қамтамасыз етеді. Сабақтастырыла оқытылған материалдар студент санасында берік орнығып, керек кезінде еске емін-еркін түсіруіне жағдай жасайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет