БАЯНДАМА
Орындаған: Бибетова Гүлім
Топ: БОПжӘ-202
ЖОСПАР:
1. Дүниеге көзқарастың тарихи түрлері.
2.Философия туралы жалпы түсінік.
3. Философия пәні мен әдістері.
4. Философиялық танымның құрылымы.
Дүниеге көзқарас (дүниетаным) Объективтік дүниеге, болмысқа, адамға және тіршілікке деген неғұрлым жинақталған, қорытылған біртұтас көзқарастар мен қағидалар. Дүниеге көзқарас түрлері: - діни көзқарас; - философиялық дүниеге көзқарас.
Дүниетанымның құрылысы
Білім
Сенім, наным
Іс-қимылдар
Іс жүзіндегі таным
Тұжырымдамалық таным
Үлгі, ғибрат
Құндылық
Әрекет, қарекет
Әлемді сезіну
Әлемді түйсіну
Әлемді түсіну
Дүниеге көзқарастың тарихи түрлері:
Аңыз
Дін
Философия
Философия (грекше филео –махаббат, құштарлық, софия - даналық) даналыққа құштарлық, даналықты сүю мағынасын береді. Философия (грекше филео –махаббат, құштарлық, софия - даналық) даналыққа құштарлық, даналықты сүю мағынасын береді. Философия - адам және оның айналасы туралы тәжірибелік және практикалық білімдер жиынтығы
Философия туралы жалпы түсінік
Философия – қоғамдық сананың ерекше формасы, дүниегекөзқарастың ғылыми-теориялық түрі, болмыс пен сананың жалпы принциптері, адамның адамға, дүниеге қатынасы туралы әмбебап ілім, ойлау туралы ойлау. Тұңғыш рет “философия” терминін б.з.б. VI ғ. Пифагор қолданған. Философияның миф пен діннен айырмашылығы: - білімге (ғылымға) негізделген (қиялға, сенімге емес); - рефлексиялық (ойлаудың өзіне-өзі бағытталуы); -логикалық (бірізділікті, жүйелі); - нақты ұғымдар мен категорияларды тірек етеді, сүйенеді). - Философиялық дүниеге көзқарас тұрғысында өзінің эволюциялық дамуының мына үш кезеңінен өтті: - космоцентризм; - теоцентризм; -антропоцентризм. Космоцентризм деп қоршаған ортаны, табиғат құбылыстарын, тіршілікті жасаушы дүлей, шексіз сыртқы күш – Ғарыш, барлық өзгерістер ғарыштық айналым арқылы жүзеге асады деп түсінетін философиялық көзқарасты айтады. (Ежелгі Үнді, Ежелгі Қытай, басқа да Шығыс елдері және ежелгі Грекия). Теоцентризм деп барлық тіршіліктің мәні дүниеден тысқары тұрған тылсым күш – Құдайда деп түсінетін философиялық көзқарас түрін айтады. (Ортағасырлық философияға тән). Антропоцентризм деп адам мәселесін негізгі мәселе деп қарастыратын философиялық көзқарас түрін айтады. (Еуропалық Қайта өрлеу, жаңа және қазіргі заман философиялық мектептер). Философия ілімінің негізгі әдістері:
Диалектика – болмыс пен танымның, заттар мен құбылыстардың, ойлаудың жалпы даму заңдылықтарының өзара байланысын, ішік қайшылықтарын зерттейтін философиялық әдіс.
Метафизика – диалектикаға қарама-қарсы таным әдісі, мұнда заттар мен құбылыстар бір-біріне байланыссыз, ішкі қайшылықсыз, тұрақты түрде өзгеріп отырады деп түсіндіріледі.
Әмбебапты логика - ежелгі шығыста қалыптасқан әдіс, бұл әдіс әлемді алуантүрлікте және қарамақайшылықтардың абсолюттік бірлігінде қарастырады.
Философиялық білімнің, философия пәнінің жалпы құрылымдық тұрғыдағы негізгі бес бөлімін атайық: - онтология (болмыс туралы ілім); - гносеология (таным туралы ілім); - адам; - қоғам; - философия тарихы. Философияның негізгі бағыттары: Гносеологиялық:
гностицизм,
агностицизм,
эмпиризм,
рационализм.
Онтологиялық:
материализм,
идеализм (объективтік, субъективтік),
дуализм
деизм.
Назарларыңызға рахмет!!!
Достарыңызбен бөлісу: |