ҚР-дағы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру принциптері.
ҚР-ның Мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қызметі-органдар мен мекемелердің бірыңғай орталықтандырылған жүйесі, олардың басты міндеті қоршаған ортаның қолайсыз факторларының халық денсаулық жағдайына зиянды әсерін болдырмау, анықтап жойып отыру, сан.эпид жағдайға бақылау жасау және кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың санитарлық ережелер мен нормаларды, гигиеналық нормативтерді, санитарлық заңдарды адам денсаулығын сақтауға қатысты бөлігін орындауын қадағалау арқылы жұқпалы және кәсіптік аурулардың алдын алу болып табылады.