Жоспар: Философия дүниегекөзқарастың тарихи түрі


Философия пәні, әдістері және қызметтері



бет2/3
Дата25.11.2023
өлшемі80,15 Kb.
#126852
1   2   3
Байланысты:
Философия кіріспе

Философия пәні, әдістері және қызметтері.

Философия (грекше филео –махаббат, құштарлық, софия - даналық) даналыққа құштарлық, даналықты сүю мағынасын береді.

Философия - адам және оның айналасы туралы тәжірибелік және практикалық білімдер жиынтығы

Философия – қоғамдық сананың ерекше формасы, дүниегекөзқарастың ғылыми-теориялық түрі, болмыс пен сананың жалпы принциптері, адамның адамға, дүниеге қатынасы туралы әмбебап ілім, ойлау туралы ойлау.

Тұңғыш рет “философия” терминін б.з.б. VI ғ. Пифагор қолданған.

Философияның миф пен діннен айырмашылығы: - білімге (ғылымға) негізделген (қиялға, сенімге емес); - рефлексиялық (ойлаудың өзіне-өзі бағытталуы); - логикалық (бірізділікті, жүйелі); - нақты ұғымдар мен категорияларды тірек етеді, сүйенеді).

Философиялық дүниегекөзқарас тұрғысында өзінің эволюциялық дамуының мына үш кезеңінен өтті: - космоцентризм; - теоцентризм; -антропоцентризм.

Космоцентризм деп қоршаған ортаны, табиғат құбылыстарын, тіршілікті жасаушы дүлей, шексіз сыртқы күш – Ғарыш, барлық өзгерістер ғарыштық айналым арқылы жүзеге асады деп түсінетін философиялық көзқарасты айтады. (Ежелгі Үнді, Ежелгі Қытай, басқа да Шығыс елдері және ежелгі Грекия).

Теоцентризм деп барлық тіршіліктің мәні дүниеден

тысқары тұрған тылсым күш – Құдайда деп түсінетін философиялық көзқарас түрін айтады. (Ортағасырлық философияға тән).

Антропоцентризм деп адам мәселесін негізгі мәселе деп қарастыратын философиялық көзқарас түрін айтады. (Еуропалық Қайта өрлеу, жаңа және қазіргі заман философиялық мектептер).

Философиялық білімнің ерекшеліктері:

  • Өте күрделі құрылым (онтология, гносеология, логика және т.т.);
  • Шегіне жеткен жалпылық, теориялық сипат алуы,
  • Өзге ғылымдардың негзін қалайтын түпкілікті, бітімдік идеялар мен ұғымдарды өзінде сақтайды;
  • Көбінесе субъективтік қасиет тән – жеке тұлғалар мен ойшылдардың дүниегекөзқарастық ойларының таңбасы басым;
  • өз заманының ықпалын сезінеді, сүрген дәуірінің объективтік білім мен құндылықтарының, әдептілік мұраттарының жиынтығы болып табылады;
  • Философиялық білім әрдайым дамиды, әрі жаңарып тұрады;
  • Философия өз мәнінде шексіз, әрі сарқылмайды, таусылмайды; адамның танымдық қабілеттілігімен шектелген, шешімі жоқ, “мәңгі” мәселелері бар, бұлардың бәрін бүгінгі таңда логикалық жолмен дәйекті шешу, тану мүмкін емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет