Қорытынды Ағартушының өнегелі өмірі мен өрісі биік таланты бір кезде қандай – жарқын да жанды қасиеттерімен көрініп, қазақ мәдениетінің тарихында айқын іздерін қалдырса, қазір де сол асыл да абзал ерекшеліктерін өз бойында сақтауда. Мұның өзі заңды да. Өйткені, әрбір ұлы адам адамзатпен бірге жасайтын мәңгі өшпес, ескірмес идеяларды көтереді. Сондықтан, олар арада бірнеше ұрпақтың өткеніне қарамастан әрбір жаңа ұрпақ, жас қауымға алыстан қол созып, «Жол болсын!» айтып тұрғандай болады, уақыт өткен сайын биіктеп, мән мағынасы мен қадір – қасиеті арта түседі. Мәдениетіміздің тарихында Ыбырай Алтынсарин дәл осындай үркердей санаулы сандақтардың бірі.Ыбырай Алтынсариннің сол қоғамдық өмірдегі беделін, оның қандай мақсаттағы мәдениет қайраткері ретінде замандастарына танылғанын аңғартып қоймайды, хрестоматиямен нақты танысқан бастапқы аз ғана адамдардың да оның жаңаша мазмұны мен мақсатын дұрыс бағалап, оған лайықты үміт артқанын білдіреді.Ыбырай Алтынсариннің еңбегі, әдеби шығармаларының бірден — бір жинағы, қазақ жазба әдебиетінің төл басы «Қазақ хрестоматиясы» екенін мақтанышпен айтамыз.5-9 сыныптарда ұлы ағартушы – ұстаздың мұраларының енгізілу себебі, Ыбырай Алтынсариннің қазақ жұртшылығын қараңғы түнектен алып шығып, тұңғыш рет ана тілімізде сауаттылық жолына бастауда сан түрлі ұлттық мектептер ұйымдастырып, мектеп және мұғалімдер үшін оқулық пен әдістемелік еңбектер жоғалмақ емес. Сондықтан да бүгінгі педагог қауымы ағартушы шығармаларын өз жұмыстарында үнемі басшылыққа алып келеді. Ыбырайдың өлең, әңгімелері түгел дерлік оқушысына түсінікті, тілі жеңіл, тәрбиелік мәні зор, оқып отырған оқырманына үлкен ой салатындай тақырыбы әсерлі, көркем бейнеленген және ойын жеткізуде тілдік стиль ерекшелігі зор.Мектеп бағдарламасына Ыбырай Алтынсариннің шығармаларының оқушыға жеңіл, түсінікті оқушының жас ерекшелігін ескере отырып кейбір әңгіме, өлеңдері берілген. Оның қай шығармасы болса да, баланың тіл мәдениетін көркейтуге, дамытуға әсері мол. Оны балалар сүйіп, ынтыға оқиды. Өзі өшсе де сөзі өшпейді дегендей, өзі жоқ болса да біз үшін оның еңбектері мәңгі өшпейтін мұра болып қалмақ.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 1. «Алтынсарин Ы. тағлымы». Алматы, Жазушы, 1991ж.
2. Асқаров А. «Ұлы Тұранның ұлдары», Алматы, 1998 ж. 51-58 б.
3. Алтынсарин Ы. «Таза бұлақ» жин. Алматы, Жазушы, 1988ж.
4. Алтынсарин Ы. «Екі томдық шығармалар жинағы». Алматы,
2003ж. 18 – 21 б.
5. Алтынсарин Ы. «Қазақ хрестоматиясы». Алматы, 2003 ж.
6. Ахметова Ә. «Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы». Алматы, 1992ж.