Көшкіндер — бұл тау жыныстары массасының беткейден ауырлық күші әсерінен төмен қарай сырғып, орын ауыстыруы. Олар әртүрлі жыныстарда тепе-теңдіктің бұзылуы нәтижесінде қалыптасады. Ол табиғи және жасанды (антропогенді) себептерден туындайды. Табиғи себептерге: беткейлер биіктігінің артуы, олардың негіздерін теңіз және өзен суларының шаюы, сейсмикалық дүмпулер жатады. Жасанды себептерге беткейлерді жол үшін қазып, талқандау, топырақты шамадан тыс тасымалдау, орманда шабу, беткейлерде ауыл шаруашылығын жөнсіз жүргізу жатқызылады.
Көшкіндер биіктігі 19°-тан басталатын барлық беткейлерде болуы мүмкін. Алайда оларсазды топырақты жерде беткейлердің биіктігі 5-7оболған кезде де орын алады. Бұл үшін жыныстардың шамадан тыс ылғалдануы жеткілікті.
Олар жылдың кез келген мерзімінде, көбінесе көктем- жаз кезеңішде болады.
Көшкіндер құбылыстың көлемі, қозғалыс жылдамдығы мен белсенділігі, үдеріс құрылымы, қуаттылығы мен белсенділігі, үдеріс құрылымы, қуаттылығы түзілу орнына ңарай жіктеледі.
Көлемдері бойынша көшкіндер ірі, орташа және шағын көлемді болып жіктеледі.
Ірі көшкіндер, әдетте, табиғи себептерден туындайды және беткейлерді бойлай жүздеген метрге созылады. Олардың қалыңдығы 10-20 метр және одан да қалың болуы мүмкін. Сырғыған дене көбінде өзінің біртұтастығын сақтайды.
Орташа және шағын көлемді көшкіндердің мөлшерлері шамалы және антропогенді үдерістерге тән болады.
Көлем көбінде үдеріске тартылған ауданмен сипатталады. Осыған орай олар орасан зор — 400 га және одан көлемді, өте ірі — 200-400 га, ірі — 100-200 га, орташа — 50-100 га, шағын — 5-50 га және өте шағын 5 га-ға дейін
болып бөлінеді.
Белсенділігіне қарай көшкіндер белсендіжәне белсенді емесболып жіктеледі. Бұл жерде басты фактор беткей топырағының түрі мен ылғал мөлшеріне байланысты. Ылғал мөлшеріне қарай олар құрғақ, шамалы ылғалды, ылғалды және өте ылғалды болып бөлінеді. Мысалы, өте ылғалды беткейлерде сұйық ағыс туғызатын су мөлшері болады.
Қозғалыс жылдамдығы бойынша көшкшдер еан алуан, ол 7-кестеде көрсетілген.
Үдеріс күрылымы бойынпша көшкіндер жылжымалы, жаншылмалы, кысымдық, батпақты-иілмелі, гидро-динамикалық алып кетуші, кенеттен сұйықтанғыш болып бөлінеді. Негізінен аралас құрылымды болып келеді.
Үдеріс қуатына қарай көшкіндер шағын — 10 мың м -қа дейін, орташа — 11-ден 100 мың м3-қа дейін, ірі — 101-ден 1000 ма-қа дейін, өте ірі — үдеріске 1 млн м3-тан жоғары тау жыныстары массасын тартатын болып бөлінеді.
Түзілу орнына қарай олар таулық, суастылық, межелес және жасанды жер құрылыстары (қазан шұңқырлар, арналар, жыныстар үйіндісі) деп жіктеледі.
Көшкіндер шаруашылық жүргізу объектілеріне елеулі залал келтіреді. Олар пойыздардың, автокөлік көлігінің қозғалысына, тұрғын үйлер мен басқа да құрылыстарға қатер төндіреді. Көшкіндер кезінде жердің ауыл шаруашылығына жарамай қалу үдерісі қарқынды жүреді. Көшкіндердің түрөзгерістері қар көшкіндері болып табылады. Олар қар кристалдары мен ауаның қоспасы нәтижесінде түзіледі. Ірі қар көшкіндері 26-60°-тық беткейлерде пайда болады. Олар үлкен залал келтіруге, адамдарды опат қылуға қабілетті. Мысалы, 1990 жылы 13 шілдеде Памирдегі Ленин шыңында жер сілкінісінің нәти-жесінде үлкен қар көшкіні 5 300 м биіктікте орналасқан шыңға шығушылар лагерін алып кетті. 40 адам қайтыс болды. Бұл кеңестік альпинизмдегі ең ірі қайғылы жағдай еді.
Сел (сел ағыны) — шағын тау өзендерінің алаптарында кенеттен пайда болатын буырқанған лайлы немесе су мен тау жыныстарының сынықтарынан тұратын лай-тасты ағын.
Су деңгейінің жылдам көтерілуімен, тасқынды қозғалысымен, әрекеттің қысқа мерзімділігімен (орташа бір сағаттан үш сағатқа дейін), елеулі эрозиялық-аккуму-лятивтік қиратушы әсерімен сипатталады
Сел ағыс бойында орналасқан елді мекендерге, те-міржолдар мен автокелік жолдарына жене басқа да құрылыстарға қатер төндіреді.
Селдердің пайда болуына нөсер жауындар, қардың қарқынды еруі; су қоймалардың бұзылуы, жер сілкіністері, жанартаулардың атқылауы тікелей себепкер.
Селдер туындау қүрылымы бойынша үш түрде: эрозиялық, бұзып өтуші және опырылу-көшкіндік болып бөлінеді.
Эрозиялық селкезінде бастапқыда жақын жатқан топырақтың жайылуы мен сырғуы есебінен тау жыныстарының сынықтары ағып, содан кейін сел толқыны қалыптасады.
Бұзып өтуші селсудың жинақталу үдерісімен сипатталады, онымен бір мезгілде тау жыныстары жойылады, шегіне жету су айдынының (көлдің, мұздық ішіндегі сыйымдылықтың, су қоймасының) бұзылуы арқылы іске асады. Сел массасы беткеймен немесе өзен арнасымен төмен қарай ағады,
Опырылу-көшкіндік селкезінде суға қаныққан тау жыныстары (қар мен мүзды қосқанда) массасының бұзылуы орын алады. Бұл жағдайда ағынның қарқыны ең жоғары шекке жақын болады.
Соңғы жылдары селдің қалыптасуының табиғи себептеріне техногенді факторлар да қосылды: тау-кен өндіруші кәсіпорындар жұмысының ережелері мен нормаларының бұзылуы, жол салғандағы және басқа құрылыстар кезіндегі жарылыстар, орманды шабу, ауылшаруашылық жұмыстарын дұрыс жүргізбеу және топырақ-өсімдіктік жабындысын бұзу жатады.
Қозғалыстағы сел лайдың, тас пен судың біртүтас ағыны болып табылады. Сел толқынының биіктігі 5-тен 15 метрге дейін болады. Оның алдыңғы айналымы селдің «басын» құрайды. Лай су ағынды толқынның ең жоғары биіктігі кейде 25 метрге жетеді.
Басты факторлары негізінде селдің пайда болуы былайша жіктеледі:
— аймақтық көрінісі. Қалыптасуының басты факторы климаттық жағдайлар (жауын-шашындар) болып табылады. Оларда аймақтық сипат болады. Қайталануы жүйелі болып тұрады. Қозғалыс жолдары салыстырмалы түрде тұрақты;
— өңірлік көрінісі. Қалыптасуының басты факторы — геологиялық үдерістер. Қайталануы ара-тұра болып тұрады және қозғалыс жолы тұрақты емес;
— антропогенді. Бұл — адамның шаруашылық қыз метінің нәтижесі. Тау ландшафтына аса көп жүктеме түскен жерде қалыптасады. Жаңа селдік алаптар құрылады. Қайталануы оқта-текте.
Алғашқы себептерінің негізінде селдің пайда болуын жіктеу 8-кестеде ұсынырған.
Қуаттылығы бойынша (ағызып кететін қатты массасы бойынша) жіктеу:
Қуатты (күшті қуатты). 100мың м3-тан көпматериалды ағызып кетеді. 5-10 жылда біррет болады.
Орташа қуатты. 10-нан 100 мың м3 материалды ағызып кетеді. 2-3 жылда бір рет болады.
Әлсіз қуатты. 10 мың м3-тан аз материалды ағызып кетеді. Жыл сайын болады, кейде жылына бірнеше рет болады.
Алаптарды селдердің қайталануы бойынша жіктеу оның белсенділігін немесе даму қарқындылығын сипаттан жиірек қайталану);
— жоғары селдік белсенділік(3-5 жылда бір рет және одан жиірек қайталану);
— орташа селдік белсенділік (6-15 жылда бір рет қайталану);
— төменгі селдік белсенділік (16 жылда бір рет және одан сирек қайталану).
Бір реттік ағызып кету көлемі бойынша жіктеу 9-кестеде ұсынылған.
Сондай-ақ селді құрылыстарға әсер етуі бойынша да жіктейді:
Шамалы қуатты — шағын шайындылар, су өткізу құрылғылары тесіктерінің ішінара бітелуі.
Орташа қуатты күшті шайылулар, тесіктердің толық бітелуі, іргетасы жоқ құрылыстардың бұлінуі және ағып кетуі.
Қуатты — үлкен талқандаушы күш, көпір арқалықтарын, тіреу тетіктерін, тастан салынған құрылыстарды, жолдарды ағызып әкету.
Апатты — құрылыстардың, жол учаскелеріндегі төсемнің және ғимараттардың толық қирауы, құрылыстардың қирандылар астында қалуы.
Кейде алаптарды сел ағындары қайнар көздеріңің биіктігі бойынша жіктеу қолданылады:
— биік таулық. Қайнар көздері 2500 м биіктікте жатады, 1 км2-тағы ағындар көлемі 15-25 мың м3-ты құрайды;
— ортатаулық. Қайнар көздері 1000-2500 м шектеріндегі биіктікте болады, 1 км2-тағы ағындар көлемі 5-15 мың м3-ты құрайды;
— аласа таулық. Қайнар көздері 1000 м-ден төмен жа-тады, 1 км2-тағы ағындар көлемі 5 мың м3-тан аз.
Сондай-ақ басқа табиғи апаттарға қатты желдер, яғни дауылдар мен борандар жатады.
Дауыл сөзі тар мағынасында жылдамдығы, шамамен 32 м/с және одан да көп (Бофорт шкаласы бойынша 12 балл) болатын, үлкен қиратушылық күші бар және айтарлықтай ұзаққа созылатын жел.
Боран — бұл жылдамдығы дауылдан аз жел. Алайда ол да қуатты және 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Дауылдарға қарағанда, борандардан келетін шығын айтарлықтай аз болады. Кейде күшті боранды шторм деп те атайды.
Дауылдың ең маңызды сипаттамасы желдің жылдамдығы болып табылады. 10-кетеде (Бофорд шкаласы бойынша) жел жылдамдығы мен режімдер атауларының байланысы көрсетілген.
Дауылдар зілзаланың ең қуатты күштерінің бірі болып табылады. Өзінің апатты әсері бойынша жер сілкінісі сияқты қатерлі табиға апаттан қалыспайды. Бұл оларда орасан мол энергияның болуымен түсіндіріледі. Қуаттылығы орташа дауылдың I сағатта бөліп шыгаратьщ энергиясы 36 Мгт ядролық жарылыс энергиясына тең. I