Жоспар: I. Кіріспе II. Негізгі бөлім


Пестицидтердің таңдамалы улы қасиеттері



бет3/4
Дата02.03.2023
өлшемі273,37 Kb.
#71194
1   2   3   4
Байланысты:
токсик срс

2.2.Пестицидтердің таңдамалы улы қасиеттері

Пестицидтердің таңдамалы улы қасиеттері дегеніміз - улы заттың тірі ағзаның жақын орналасқан жәндіктерге зиянын тигізбей, белгіленген зиянкесті залалдауы.


Барлық пестицидтер канцерогенді, кумулятивті, адам иммунитетін төмендететін заттар. Сондықтан, қауіпсіздік ережеле-ріне жеңіл тұрғыдан қарауға болмайды, өйткені оның зиянды әсері уақыт өте білінеді.
Пестицидтермен жұмыс істегенде міндетті түрде респиратор және адам терісін қорғайтын киім кию керек, өйткені пестицидтер тері, ауадан өкпе арқылы қанға өтеді, ары қарай ағзаның бүйрек, бауыр жасушаларын зақымдайды.
Пестицидтермен жұмыс істегеннен кейін міндетті түрде ағзадан токсиндерді шығаратын сүт, Е витаминіне бай тағамдар қабылдаған жөн.
:
2.3.Пестицидтерді қолдану,сақтау,таратудағы ережелер

. Пестицидтерден зиянды әсер жануарлар мен қоршаған ортаға тимеуі үшін мынандай іс шаралар жүргізілуі тиіс:





  • уыттылығы төмен зиянды ағзаларға биологиялық, эконо-микалық тиімді қосылыстарды синтездеп алу;




  • пестицидтердің санитарлық-гигиеналық талаптарына сай ауылшаруашылық өнімдеріндегі қалдық мөлшерлері үнемі қадағалануы тиіс;




  • ауыспалы егістіктерде химиялық препараттардың жүйелі түрде қолданылуы;




  • пестицидтерді қолдану регламенті, сақталу, тасымалдау жағдайларының қатаң сақталуы;




  • пестицидтермен жұмыс істейтін білікті мамандар дайын-дау және ауылшаруашылық фермерлерімен өсімдік қорғау мамандары тығыз байланыста жұмыс істеуі керек.

Улы химиялық заттар арнайы жасақталған қоймаларда сақталуы тиіс. Арнайы қоймалар қалалардан, елді-мекендерден, үйлерден 200 м, балық шаруашылығы, су қоймаларынан 2000 м қашық жерлерде орналасуы тиіс. Улы заттар сақталатын қойма-лардың ауданы мейлінше кең, автокөліктердің бұрылыуына кедергі болмайтындай, улы заттар салынатын жерлерді залал-сыздандыруға жеткілікті болуы тиіс.


Улы заттар сақталатын қоймалар ауданы кең, жабылатын қақпақтары түзу, едендері асфальтталған, цементтелген болуы тиіс. Қойманың заттар қоятын тартпалары, терезесі немесе ауа сорғышы болуы міндетті. Қоймалар улы заттар сақтайтын, пайдалануға жіберілетін және құжаттар, арнайы киімдер, дәрі-дәрмек, сабын, су сақталатын бөлмелерден тұруы тиіс. Еден-дері тегіс, топырақ қабатынан жоғары орналасуы қажет.
Пестицидтер қоймаларында қоректік заттар сақталуына тыйым салынады. Қойма берік құлыпталып, өте улы заттар арнайы мөрленген қаптамада сақталады.
Буланатын гигроскопиялық пестицидтер герметикалық ыдыстарда сақталады. Құрамында су, формалин, карбатион, 2,4-Диметиламин және майлы эмульсия концентраттары бар химиялық заттарды жылу берілетін бөлмелерде сақтау қажет. Пестицидтердің химиялық қатарына байланысты хлорлы маг-ний, хлорлы калий өздігінен қызатын болғандықтан жеке сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет