Арткы топ. 4. А. осcipitalis - шүйде артериясы, processus mastoi-deus-тегі жүлге арқылы өтіп, желке аймағындағы тері астына келіп төбеге дейін тармақталады. Өз жолында a. occipitalis бірқатар қоршаған бұлшықеттерге, кұлақ қаландарына, артқы бассүйек шұңқыры аймағындағы мидың катты кабығына кішкене тармақтар береді.
5. A. auricularis posterior - артқы құлақ артериясы, жоғары және артқа жүріп, құлақ қалқаны артындағы теріге қарай етеді. Оның тармақтары құлақ қалқанында, шүйде терісі мен бұлшыкеттерінде, сондай-ақ дабыл қуысында (оған артериянын тармағы foramen stylo-mastoideum арқылы өтеді) таралады.
6. A. sternocleidomastoidea, аттас бұлшыкетке барады. Ортаңғы топ артерия доғаларыныц қалдықтарынан тұрады.
7. A. pharyngea ascendens - жоғарылаған жүткыншақ артериясы, жоғары қарай оның қабырғасымен көтеріле жұтқыншақты, жұмсақ таңдайды, таңдай бадамшасымен, есту түтігі дабыл қуысын және мидың қатты қабығын қанмен қамтамасыз етеді.
8. A. temporalis superficialis - беткей самай артериясы, сыртқы ұйқы артериясының екі соңғы тармақтарының бірі a. carotis externa сабауының жалғасы ретінде самай бұлшықеті шандырында терінің астында сыртқы есту тесігінің алдынан самайға барады. Бұл жерде артерияны самай сүйегіне қысуға болады. Онын ақырғы тармақтары -ramus frontalis- және ramus parielals, шеке мен самай аймағында тармақталады. Ол жол-жөнекей құлаққасы безіне, құлак қалқанынын латералды беті мен сыртқы есту тесігіне тармақтар береді; тармақтардың бір бөлігі беттің артқы жағына, көздің сыртқы бұрышының m. orbicularis oculi және бет сүйегіне барады. Л. temporalis superficialis, m. tem-poralis-ті де қанмен жабдықтайды.
9. A. maxillaries - жоғарғы жақсүйек артериясы, сыртқы ұйқы артериясының басқа бір соңғы тармақ болып табылады, Тармақтарды зерттеу оңай болу үшін оның қысқа сабауын үш бөлімге бөледі: бірінші бөлім төменгі жақ мойнын орап өтеді, екінші бөлім m. pterygoideus lateralis-тің бетімен fossa infratemponilis-ке өтеді.
Бірінші бөлімнің тармақтары жоғары қарай сыртқы есту тесігіне fissura pterygotympanica арқылы дабыл қуысына барады; мидың қатты қабықшасына foramen spinosum арқылы a meningea mеdm ортаңғы менингеалдық артерия (ең ірі тармақ) өтеді және төмен қарай төменгі тістерге - a. alveolaris inferior төменгі ұяшықтар артериясы барады. Соңғы артерия төменгі жаққа canalis tnandibulae арқылы өтеді. Өзекке енгенге дейін a. alveolaris inferior аттас бұлшықетке r. mylohyoideus береді, ал өзекте өзінің тармақтары төменгі тістерді қамтамасыз етіп, a. mentalis деген атпен foramen mentale арқылы шығып, иек терісі мен бұлшықеттерінде тармақталады.
Екінші бөлім тармақтары: ірі бұлшықетіне және барлык шайнау тобы бұлшықеттеріне аттас артериялар арқылы, сондай-ақ sinus maxil-laries-тің шырышты қабығына және жоғарғы азу тістерге артқы жоғаргы үяшықтар артериялары арқылы барады.
Үшінші бөлімнің тармақтары. 1) a. infraorbitalis – көз ұяасты артериясы, fissure orbitalis inferior аркылы көзұясына енеді, содан кейін canalis infraorbitalis арқылы жоғарғы жақсүйектің алдыңғы бетіне шығып, төменгі қабаққа, көз жасы қабына және төмен қарай жоғарғы ерін мен ұртқа тармақтар береді. Бұл жерде бет артериясы тармақтарымен қосылады, сондықтан a. maxillaries сабауында қан ағысы киындағанда, қам оның бассейніне a. facialis арқылы келеді. Көзұясының өзінде-ақ a. infraorbitalis көз алмасы бұлшықеттеріне тармақтар береді; көзасты і inn men өткенде ит және күректістерді (аа. alveolarae superiors anteriores) және sinus maxillaries-тің шырышты қабығын тармақтармен жабдықтайды; 2) таңдай, жұтқыншақ және есту түтікшесіне баратын тармақтар, олардың бір бөлігі canalis palatinus major аркылы төмен түсіп, foramina palatine majus et minores арқылы шығып, қатты және жұмсақ таңдайда тармақталады; 3) a. sphenopalatina - сынатәрізді - таңдай артериясы, аттас тесік арқылы мұрын қуысына өтіп, оның латералды кабырғасы мен қалқасына тармақтар береді; мұрын куысының алдыңғы бөлігі аа. ethmoidales anterior et posterior-лар арқылы қан алады (а. орһ-talmica-дан).