Жоспар І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім



бет3/3
Дата19.05.2023
өлшемі30,41 Kb.
#94952
1   2   3
Байланысты:
stud.kz-68408

Ішкі ұйқы артериясы
Ішкі ұйкы артериясы, a. carotis interna - жалпы ұйқы артериясынан басталып, бассүйек негізіне көтеріліп, самай сүйектегі - canalis caroticus-ке енеді. Мойын аймағында тармақталмайды; басталатын жерінде дорсалды қолқаның латералды орналасқан сабауынан дамуына сәйкесті, a. carotis externa-дан сыртқа карай жатады, алайда көп ұзамай оның медиалды бетіне ығыса бастайды. Ішкі ұйқы артериясы canalis caroti-cus-тің иілгендігіне қарай онда алдымен тік жүріп, содан кейін алдыңғы медиалды бағытта иіліп самай сүйектің ұшында, foramen lacerum жанында бассүйек куысына енеді; жоғары қайырылып, сынатәрізді сүйек (sulcus caroticus) арқылы түрік ершігінің түбі деңгейінде кайтадан алға бұрылып, кеуекті қойнау қабаты арқылы өтіп, canalis opticus қасында соңғы рет жоғары және сәл артқа қарай иілім жасап, бірінші тармақты - a. ophthalmica - береді де, содан кейін катты және торлы қабықты тесіп, ақырында өзінің соңғы тармақтарына бөлінеді.
A. carotis interna-ның тармақтары:
1. Дабыл қуысына өтетін - rr. caroticotympanici.
2. A. ophthalmica - көз артериясы, canalis opticus арқылы n. opti-cus-пен бірге көзұясы қуысына өтіп, сол жерде өзінің соңғы тармақтарына бөлінеді. Көзұясына дейінгі жолында бірнеше тармақ береді.
A. ophthalmica тармақтары: 1) мидың қатты қабығына баратын, а. meninges media-мен (a. carotis externa жүйесінен a. maxillaries тармағы) жалғасып кететін тармақтар; 2) көз жасы безіне баратын a. lacrimalis; 3) көp алмасына баратын аа. ciliares - көздің тамырлы қабығында аяқталады; олардың арасында a. centralis retinae көру нервіне өтіп, сонымен бірге торлы қабықта тармақталады; 4) көз алмасы бұлшық-еттеріне баратын тармақтар; 5) қабақтарға баратын a. palpebrales later­als et medlales-тер; 6) мұрын қуысының шырышты қабықшасына аа. ethmoidales et posterior-nap барады; 7) а. supraorbital - көзұясынан incisura supraorbitalis арқылы шығады; 8) a. dorsales nasi - мұрын қырының жиегімен төмен кетеді.
3. A. cerebri anterior - алдыңғы ми артериясы, көлемі кішілеу, алға және мидың бойлық жүлгесінің алдына қарай медиалды жүріп, мүйізді дененің тізесін орай, ми сыңары ішкі бетімен артқа өтіп, шүйде бөлігінің басталар жеріне дейін созылып, өз жолында ми қыртысына тармақтар береді. Мидың бойлық жүлгесінің бас жағында көлденең сабау a. communicans anterior -алдыңғы байланыстырушы артерия арқылы басқа жағының аттас артериясымен жалғасады.
4.А.cerebri media – ортаңғы ми артериясы , латеральды жаққа мидың латеральды жүлгесінің тереңіне қарай жүріп , сол жерде – insula бетінде тармақтарға бөлінеді,ол тармақтар ми сыңарларының бетіне шығып , маңдай, самай және төбе бөліктерінің сыртқыы бетін қанмен қамтамасыз етеді. Мидың артқы бөлімдері қанды a.vertebralis жүйесінен алады.
5. A.choroideaтамырлы өрім артериясы , бүйір қарыншаның төменгі мүйізіне еніп , plexus choroideus – те аяқталады.
6. A. communicans posterior артқы дәнекер артерия , көз артериясын бергеннен кейін a.carotis interna – дан шығады , кейіннен бұрылып, а.сerebri posterior – ға құяды.


Пайдаланылған әдебиеттер



  1. Жандар Керімбек Ермаханов «Тәнтану адам анатомиясы»., «Білім» 2004 жыл. Алматы

  2. Мария Дайырбекова «Адам анатомиясы» Алматы «Медицина баспасы» 2004 жыл.

  3. «Адам анатомиясы» (ІІ кітап) Алшынбай Рақышев., Алматы «Білім» 1995 жыл.

  4. «Адам анатомиясы» Алматы «Рауан» 1992 жыл. Е. Керімбек

  5. Әмина Кузенбаева «Адам анатомиясы» Алматы «Арыс баспасы» 2001 жыл.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет