Жоспар: I. Кіріспе II. Негізгі бөлім


Жалпы білім беретін мектептердегі ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушыларды түзете-дамыта қолдау



бет3/5
Дата05.06.2023
өлшемі36,25 Kb.
#98639
1   2   3   4   5
Байланысты:
1 апта

Жалпы білім беретін мектептердегі ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушыларды түзете-дамыта қолдау
Есту, көру, сөйлеу қабiлетi, жүрiп-тұру мүшелерiнiң функциялары бұзылған, психикалық дамуының тежелуi, жеңіл ақыл-ой кемістігі бар оқушыларды арнайы сыныптар жағдайында түзете-дамыту қолдау осы санаттағы оқушылардың нақты ерекшеліктері ескерілген олардың ерекше білім алу қажеттіліктерін қанағанттарндыруды кешенді тәсілмен қамтылады. Кешенді тәсілдер компоненттері арасынан:
− оқу процесін мейлінше жекелендіруге және педагогикалық қорғау тәртібін қамтуға мүмкіндік беретін сыныпты ең көп толықтыруды;
− дамуында шектеулі мүмкіндіктері бар оқушылардың қажеттіліктеріне сәйкес эмоционалды, сенсорлы, моторлы және когнитивті дамуын ынталандыруды қамтамасыз ететін пәндік-кеңестік және әлеуметтік ортаны;
− дамуында шектеулі мүмкіндіктері бар оқушылардың қажеттіліктерін ескеретін арнайы дидактикалық материалдарды қолдануымен Арнайы және бейімделген бағдарламалар, оқулықтар бойынша оқытуды;
− бұзылған қызметін жоюға немесе теңелтуге бағытталыған, әр санаттағы оқушылардың өзіндік түзету бағытындағы арнайы пәндерді оқу жоспарына енгізуді;
− мамандармен (логопедпен, арнайы педагог-дефектологпен, психологпен, ЕДШ инструкторымен) жеке және топтық түзету сабақтарын;
− арнайы педагогикалық технологияларды, техникалық құралдарды (мысалы, дыбысты күшейтуші аппаратура, оқу машиналары) мен АКТ-ны қолданылатын барлық оқу-тәрбие процесінің түзету бағытын;
− арнайы сыныптарды оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға педагогтердің кәсіби дайындығын;
− балалардың үйлесімді қарым-қатынас жасауға бағытталған мүмкіндіктері шектеулі және дені сау балалардың әлеуметтік өзара әлеуметтік қарым-қатынастарды ұйымдастыру атау керек.
Әр санаттағы оқушыларды оқыту процесінде түзете-дамыта қолдауды қамтамасыз ету үшін кешенді тәсіл ағзаның сақталған және бұзылған қызметінің сабақтасу ерекшеліктерін ескерілуімен іске асырылады.
Арнайы сыныпта білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушылар үшін оқу процесі арнайы мектептер типіне сәйкес ҚР ББҒМ бекіткен оқу бағдарламалары (бағдарламалар мәтіндері ҚР ББҒМ сайытында) мен оқу жоспарлары негізінде іске асырылады. Даму кемтарлығы бойынша саны көп оқушылар психикалық дамуының тежелуi бар оқушылар санатына жататыны белгілі болып отыр. Еліміздің жалпы білім беретін мектептеріндегі арнайы сынаптардың басым бөлігі осы санаттағы оқушылар үшін жұмыс жасап отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет