Өлекседегі өзгерістер. Өлексе қампиып ісінген. Жазда ол ыдырап тез шіріп кетеді. Өлексе сіресіп қатып қалмайды, бұл құбылыс байқалғанмен әлсіз болады. Шелді қан аралас су кернеген (инфильтрат), оған нүкте тәрізді болып қан құйылған. Осы арадағы қан тамырлары қан кернеп быттиып жуандаған. Қан қара майға ұқсайды, қызыл-күңгірт түсті қоймалжыңға айналған, бірақ ұйымаған. Бұлшық еттері күйген кірпіш түсті, қып-қызыл, босаңсыған. Талақ қан кернеп ұлғайған, оның ұлпасы іріп ыдыраған, қойыртпаққа айналған, тіліп жібергенде ағып кетеді.
Бауыр мен бүйректер аздап ұлғайған, қан кернеп қызарған. Өкпе ісінген, оның өр жері нүкте тәрізденіп, қанталаған. Кеңірдек пен бронхтар іші қан аралас сұйық затқа толған. Жүректің ішіне қызыл- күңгірт қан жиналған, ал ішкі қабаты нүктеленіп қанталаған.
Қызарып қабынған ішектің іші жынға онша толмаған. Ащы, әсіресе он екі елі ішектің ішкі беті қызарған, нүкте және сызық тәрізденіп қанталаған. Ішіне сарғыш қоймалжың зат жиналып, ішек қабырғасы қалындаған. Ішектегі лимфа фолликулдері қатпаршақтанған немесе оларға уытты жаралар шыққан. Тоқ ішек көбінесе зақымданбайды. Кейде тік ішектің кілегейлі қабығына білеудей болып үлкенді-кішілі өскіндер шығады.
Өлекседегі өзгерістер көбінесе аурудың барысына байланысты. Қараталақ тым жіті түрде өтсе, олар өте көмескі болуы немесе тіпті көрінбеуі мүмкін. Ісінген жерлерде шел мен бұлшық ет кілкілдеп тұрады, кілкілдекке қан араласады. Лимфа бездері едәуір ұлғайған. Аурудың бастапқы сатысында бездің ине ұшындай не бұршактай жері ғана закымданады. Кейін ол түгелдей күңгірт тартады. тіліп жібергенде тіліктің беті қып-қызыл немесе қошқыл-кызыл болып көрінеді.
Індет ішке түссе, ішектің біраз жері кабынып қанталайды, канталаған жерлер оның сыртынан көрініп тұрады. Ішектің өн бойы зақымданса олар күңгірт-қызыл түтін төрізді болып корінеді. Оның кілегейлі кабығында әрбіреуінің диаметрі шамамен 3 см. болатын күңгірт-қызыл түсті дөңгелек ошақтар кездеседі. Мұндай көкшіл сары түсті іріп ыдыраған, өлі еттенген ошақтар көбінесе лимфа фолликулдерінде кездеседі. Бездің өлі етке айналған бөлігі түсіп қалса, оның орны шеті иректелген уытты жараға айналады. Закымданған жерде шажырқай ісінген, қан тамырлары қанға толып, кернелген.
Ауру ұзаққа созылса, лимфа бездерінің сыртын дәнекер ұлпа басады да, ішектер бір-біріне және басқа ағзаларға жабысып қалады. Қабынған жердің сырты қатты қабықшамен капталады. Қабықшаның іші іріндейді, кейде өлі етке айналады.
Індет ішке түскен жағдайда, кейде өлекседе айтарлықтай өзгерістер болмайды: шажырқай сәл ісінеді де, осы маңайдағы лимфа бездері қан- талап қабынады. Ал кейде талақ пен бауырдан, бүйректерден инфаркт нүктелері табылады.
Шошқаларда, басқа малдармен салыстырғанда сібір жарасы зілсіз дамиды, індет бадамша бездің, жұтқыншақ пен оның төңірегіндегі ұлпалардың серозды-геморрагиялық қабынумен сипатталады, осыған орай шошқа сібір жарасының осы ерекше түрін тонзилярді немесе фарингеальді деп атайды. Әдетте қабыну процесі көмей мен тілшікке, таңдайға, борпылдақ дөнекер ұлпасына жайылады. Зақымдалған жерлер бозғылт немесе қошқыл-қызыл түсті. Бадамша бездерде дистрофиялық, некробиотикалық өзгерістер дамып, олардың беткейінде дифтеритті қабыршақ пайда болады, оның астында геморрагиялық қабыну ошақтары табылады, сонымен қатар ұлпаларда бойлай некроз процесі өрши түседі. Өліеттенген жерлер сына төрізді, сұрықызғылттау түсті.
Жақасты, жұтқыншақ және мойын бездері де серозды-геморрагиялық қабыну және өліеттену жағдайында. Некроз ошақтары сұрғылт-қызыл, қызыл кірпіш түсті, құрғақ, өте тығыз, тілінген беткейі бұлыңғыр, төңірегіндегі ұлпалардан фиброзды қапшықпен шектелген, бұл секвестрацияның нәтижесі. Тілде карбункілдер кездеседі, кейін олар ойық жараларға айналады.