2.2.Хориоптоз
Тері жегіш, яғни терінің үстіңгі эпидермис торшаларымен қоректенетін Chorioptes psoroptidae тұқымдасына жататын қотыр кенелері қоздыратын саркоптоидоздардың бір түрі.
Қоздырғышы Chorioptes туысына жататын кенелердің пішіні сопақ, дене тұрқы 0,3 – 0,4 мм, тұмсығы теріні, яғни эпидермисті кеміруге бейім. Жақсы дамыған төрт жұп аяқтары бар. Ұрғашы кенелердің бірінші, екінші, төртінші жұп аяқтарына қысқа және бунақталмаған тірекшелерге орналасқан сорғыш жабысқақтары бар. Еркек кенелердің барлық аяқтарында сорғыш жабысқақтары жақсы дамыған.
Малдың әр түлігінде өзіне ғана тән кенелері өмір сүреді.
Бұл кенелердің өзінің өсіп, даму сатылары:жұмыртқа, балапан – құрт, протонимфа, телеонимфа және имаго.
Қой хориоптозы. Саркоптоидоздардың бұл түрі қотырға қарсы алдын –ала сақтандыру шаралары жүргізілмейтін шаруашылықтарда кездеседі. Ең алдымен бұл кенелер аяқтың тұсамыс буынын зақымдайды. Бұл араның терісі қайызғақтанады, қышиды, сонан соң қатпаршақтанады, қалыңдайды.
Ірі қараның аяқтары құйрық түбі, кейде желін терісі зақымдалады.
Жылқының аяқтары және санының ішкі жағы зақымдалады. Ешкі хориоптозы сирек кездесетін ауру. Аурудың алғашқы белгілері аяқ тұстарында ғана болып, кейбір жағдайларда дененің басқа бөліктеріндед де дамиды. Ауруға шалдыққан жерлері қатты қышиды, терінің эпидермисі қатты қайызғақтанады және жүні түсіп қалады. Ешкі малын емдегенде, олардың тоғытуды ауыр көтеретінін еске алу шарт. Ем және дауа шараларын жүргізгенде ешкінің тұқымдасына дейін ескерген жөн. Себебі биязы жүнді ешкілер тоғытуға аса сезімтал келеді.
III Қорытынды
Аурудың алғашқы белгілері аяқ тұстарында ғана болып, кейбір жағдайларда дененің басқа бөліктеріндед де дамиды. Ауруға шалдыққан жерлері қатты қышиды, терінің эпидермисі қатты қайызғақтанады және жүні түсіп қалады. Ешкі малын емдегенде, олардың тоғытуды ауыр көтеретінін еске алу шарт. Ем және дауа шараларын жүргізгенде ешкінің тұқымдасына дейін ескерген жөн. Себебі биязы жүнді ешкілер тоғытуға аса сезімтал келеді.
IV Пайдаланылған әдебиеттер
М. Ш. Акбаев, А. А. Водянов, Н. Е. Косминков и др. Паразитология и инвазионные болезни животных/ М. Ш. Акбаев, А. А. Водянов, Н. Е. Косминков и др.; под ред. М. Ш. Акбаева. — М.: Колос,1998.
https://www.referat911.ru/Veterinariya/akariformdy-keneler-olarmen-kresu-sharalary/244547-2503223-place1.html
https://ikaz.info/zh-ndikterdi-tudyratyn-aurulary/
Достарыңызбен бөлісу: |