2.2. Шошқаның африкалық обасына карсы шаралар
Дауалау және күресу шаралары
Африка обасынан жазылған шошқада ауруға қарсы әдетте айтарлықтай иммунитет қалыптаспайды. Ауруға қарсы қолданылатын сенімді вакцина жоқ. Тірі вакцина егілген жануарларда аурудың созылмалы өтіп, ұзақ уақыт вирус алып жүруге жағдай жасайды.
Алдын алу шаралары.
· шошқалардың қорада ұсталуын қамтамасыз ету;
· шошқаларды ұстауда ветеринариялық ережелерді сақтау;
· мал шаруашылығының азық қалдықтарымен қоршаған ортаның бүлдірмеу;
· шошқа басына ветеринариялық қызметпен жүргізілетін ветеринариялық - профилактикалық іс-шараларды жүргізу;
· он күн сайын шошқаларды және оларды ұстайтын қораларда қансорғыш жәндіктерден (кене, бит, бүрге) өңдеу, тұрақты түрде кеміргіштермен күресу қажет;
· Ветеринариялық қызметпен келіспей шошқаларды әкелмеу;
· малдан алынатын залалсыздандырылмаған азықты,пайдаланбау, әсіресе сойылған малдың қалдықтарын пайдаланбау;
· қолайсыз аймақтармен байланыспау;
· сәйкес әкімшілік аймақтағы мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға (МКК, ЖАО, ВБК) шошқалардың барлық аурулары туралы дереу хабарлау;
III Қорытынды
Қорыта айтқанда шошқа обасы барлық шаруашылыққа кесірін алып келеді.
Ауру шыға қалған жағдайда шаруашылық обадан сау емес деп жарияланып, карантин қойылады. Қатер төнген аймақтың шекарасы анықталады.
Шошқа бордақылайтын шаруашылықтарда ауру шыққан қорадағы шошқалардың барлығын союға жібереді. Тұқымдық және төл алатын шаруашылықтарда тек қана ауырған, ауруы күмәнді, тыныс алу және ас қорыту жүйелері зақымдануының клиникалық белгілері бар және өспей қатарынан қалған шошкаларды жояды. Қалған жануарларды дене қызуы қалыпты болған жағдайда обаға қарсы егеді. Жаңа туған торайларға туғаннан кейін бірнеше сағаттан соң вакцина жібереді.
Шошқаларды сол ауру шыққан фермада жабдықталған арнайы сою пунктінде немесе ет комбинатының санитариялық қасапханасында сояды. Обамен ауру не ауруы күмәнді шошқаларды сойғанда, олардың терісін сыпырмайды, оны қайнаған сумен шылайды не күйдіреді. Өлексені өртейді.
Сонымен қатар қоздырушыны сыртқы ортада жоюға бағытталған шаралар жүргізіледі. Ауру шыққан шошқа қораларын және станоктарды ауру байқалған сайын механикалық жолмен тазалап, дезинфекциялайды, ал одан кейін карантин алынғанша әр 5 сайын тазалап, дезинфекциялайды. Шошқанын қиын биотермиялық әдіспен зарарсыздандырады, құнсыз құрал-жабдықтарды өртеп жібереді.
IV Пайдаланылған әдебиеттер
1. Т.Сайдулдин «Індеттанулық және жануарлардың жұқпалы аурулары» Алматы-2009ж
2. Е.И.Қасымов «Індеттану және инфекциялық аурулар вет.санитария негіздерімен» Алматы-2006ж
3. З.Қ Қожабаев «Мал аурулары» Қайнар баспасы, Алматы-1989ж
Достарыңызбен бөлісу: |