II Негізгі бөлім
2.1. Безноитиозға анықтама
Безноитиоз (Besnoitiosis) – негізінен тері мен тері шелінің, тыныс алу жолдары кілегейлі қабықтарының қабынып, бұдырлана қалыңдауымен сипатталатын протозооз. Сиыр мен солтүстік бұғылары ауырады. Ауруға ешкіде бейім.
Безноитиоз - жіті, жітілеу және созылмалы түрде өтетін, Besnoіtіa besnoіtі деген споровиктер тобына жататын қарапайымдылар қоздыратын қара мал ауруы. Безноитиозға шалдыққан малдың терісі қабынады, түгі түседі, терісінің әр жері кедір-бұдырланады, қатпарланады. Осы уақытқа дейін бұл ауру толық зерттелмей келді, сондықтан оны бұрын тері глобидиозы, тері саркоцистозы деп, тіпті мал мамандары оны асқынған қотыр, көң қотыр, қышыма көнтек деп те атаған .
Безноитиоз Қазақстанның Оңтүстік облыстарында ғана, атап айтқанда Шымкент, Жамбыл, Қызылорда және Алматы облысының оңтүстік аудандарында кездеседі. Профессор Б. П.Всеволодов 1959 ж. Алматы ет комбинатында сойылған ірі қара етін зерттеп, одан ең алғаш паразит цисталарын тапты. Қазақстанда безноитиоз Сырдария, Шу, Талас, Асы өзендерінің алқаптарында және Іле, Амудария өзендері құйылыстарында кездеседі .
Қоздырғышы - Besnoіtіa besnoіtі, пішіні сопақ, алмұрт немесе орақ тәрізді. Ұзындығы 5-9 мкм және 2-5 мкм. Оның қандағы көбею сатылары трофозоит деп аталады. Қан жұғындыларын Романовский-Гимза әдісімен бояғанда трофозоиттардың цитоплазмасы көкшіл түске, ядросы қызғылт-қоңыр түске боялады.
Ауру жұққаннан кейін үш аптадан соң қоздырғыш терінің дәнекер ұлпасына, ет шандырына, көздің ақзаты мен дәнекер қабығына, танауға, көмейге, кеңірдекке және басқа да ұлпалар мен мүшелерге еніп, үлкендігі 0,5-4 мм, пішіні дөңгелек не сопақ цисталар түзейді. Мұндай цисталардың іші трофозоиттарға толы. Әр түрлі жолдармен қанға енген безноитиялар моноциттер мен нейтрофилдердің ішіне еніп, жыныссыз бөлініп көбейеді. Мұндайда паразит мекендеген торшалар ыдырайды да, трофозоиттар қан тамырына түседі.
Қан ағымымен әртүрлі мүшелерге барған трофозоиттар дәнекер торшалар гистиоциттердің ішіне енеді. Гистиоцит ішінде көбейіп, торша ішін толтырады. Мұндай кеңейген гистиоциттердің маңына фибробластар жиналып, олардың фибрилдері (жіпшелері) кейіннен циста түзейді.
Кейбір ғалымдардың зерттеу нәтижесіне қарағанда, паразиттің тұрақты иесі мысық және мысық тектестер. Паразит дала мысығының ішегінде жыныстық жолмен өсіп жетіледі, зигоциста (ооциста) түзіліп, қайтадан нәжіс арқылы сыртқа шығады. Ал, ірі қара ооцисталармен былғанған жем-шөп арқылы зақымданады.
Безноитиоздың эпизоотологиялық деректерін, аурудың клиникалық белгілерін анықтайды. Ауру малдан алынған цисталарды (түйіршіктерді) екі шынының ортасын салып қысады да, ішіндегі трофозоиттарды шығарып, Романовский-Гимза әдісімен бояйды. Сондай-ақ, биопсия жасап, теріден алынған кесіндіні гистологиялық әдіспен тексеріп, цисталардың бар-жоғын анықтауға болады. Безноитиозды анықтау үшін серологиялық әдістерін де қолдануға болады (КБР).
Қозырушыны қан сорғыш шыбын-шіркейлер (сона, т.б.) тасымалдайды. Паразит әуелі организмге енген жерінде және өңірлік лимфалық түйіндерде (гистиоциттерде) көбейеді де, одан әрі қанға, лимфаға өтіп, бүкіл денеге таралады. Қоздырушының тіршілік әрекеттерінің өнімдері улы әсер етіп, мүшелерде дистрофиялық және қабыну процестері туындайды, организм уланады. Безноитиоздың нақты емі әлі табылған жоқ
Ауру малды дер кезінде табыннан бөліп оқшаулап, жарамсыз топқа шығарып, етке пайдалану керек. Қан сорғыш жәндіктермен инсектицид және репеллент дәрілерін қолданып күресу керек. Мал қораларын уақытында қидан тазалап, жиналған көңді биотермиялық әдіспен өңдейді. Мал қорасына мысық жібермеген жөн. Жазда шөлейт аймақтарда, жағалауында жайылған малды күзде міндетті түрде клиникалық байқаудан өткізу қажет. Бұл жұмыс басқа мал дәрігерлік шаралармен қоса, бір мезгілде жүргізіледі
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданындағы "АрМан" шаруашылығына меншікті сиыр өлексесін патологиялық-анатомиялық сойып зерттеу
Достарыңызбен бөлісу: |