Дәріс 3
Тақырыбы: Инклюзивті білім беру жүйесінің құрылу қағидалары
Жоспар:
Инклюзивті терминіне сипаттама
Инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың қағидалары
ХҮІІ ғасырда Швецария математигі (1654-1705) Я.Бернули математикаға «интеграл» терминін енгізеді. Соңғы жүз жылдар ішінде бұл термин басқа ғылымдарға ене бастайды: бастапқы философияға, кейіннен психологияға, соңында педагогикаға енгізілді. «Интеграция» термині латын тілінен аударылған integrare – толықтыру, integer-толықтырылған, бүтін деген мағынаны білдіреді. Қазіргі таңдағы әлеуметтік философияда интеграция - бұл қоғамның және оның жүйелеріне (сонын ішінде білім беру институттарының жүйелерін) қолдау көрсетіп дамытатын барлық қоғам мүшелері қатыса алатын таңдау құқығы бірдей мүмкіндігі шектеулі адамдар мен қалыпты дамитын адамдардың өмірәрекетінде бірлескен болмысының формасы ретінде түсіндіріледі.
ХІХ ғасырда педагогика тарихында (1746-1827) И.Г.Пестолоцидің педагогикалық идеясымен европалық білім беру тәжірибесіне қалыпты балалалар мен дамуында ауытқуы бар балаларды біріктіріп оқыту феноменінің енгізу (ол бастапқыдай «интеграция» термині сияқты аталмады) үлкен дайындықпен жүргізілді. Интегарция әлеуметтік-тұрмыстық формасы ретінде қарастырыла отырып қалыпты дамыған адам мен ерекше қажеттілікті қажет ететін адамдардың бірдей әлеуметтік үрдіске, барлық білім беру сатыларына, күнделікті бос уақыттарына, жұмыстарына, әртүрлі әлеуметтік функциялар мен рөлдерді жүзеге асыруға тең құқылы екені барлық дамыған елдердің заңдарында заңды түрде бекітілген.
Педагогика терминінде «әлеуметтік интеграция» ХХ ғасырда пайда болған. Ол АҚШ-та нәсілдік, этникалық азшылықтардың мәселелерінде, кейіннен эмигрант балаларға және тек қана соңғы жиырма жылдықтарда (ХХ ғасырдың 60 жылдары) термин Еуропалық континентте сөйлеу айналымға кіріп оны мүмкіндіктері шектеулі балалардың (жарымжандардан) мәселелер контексінде қолданыла бастады .
Интеграция білім беру жүйесінің баланың психологиялық, дене дамуындағы ауытқуына сәйкес өзгертілмей, оларға қажетті жағдайлардың жасалмауы.
Инклюзия – бұл барлық балалардың қажеттілігі мен мүмкіндігіне сәйкес мектеп бағдарламаларының қайта жоспарлауы мен қалыптасуы.
1970 ж. американдық E.N.Deno осыған ұқсас «Модель», «Каскад» (см. Deno E.N. “Spezial Education as Developmental Capital” //Exceptional Children, 1970, № 37, 229-237) концепцияны ұсынды. «Каскад» ұғымы мүмкіндігі шектеулі балалардың «ортақ ағынның» ішінен аз деңгейде шығуы ретінде әлеуметтік-педагогикалық шараларды қолдау жүйесі болып табылады («mainstream»). Бұл ұғымды ХХ ғасырдың 90 жылдары біздің елімізде кеңінен қолданып жүрген кезде, АҚШ «инклюзия» деген жаңа ұғымды қолданды.
Батыс еуропа елдерінен кейін ең бірінші 1975 жылы интеграция ұғымын өз елінде құқықтық 94-142 негізгі заңды қабылдайды (The Education for all Handicapped Children Act). ХХ ғасырдың 70-80 жылдары АҚШ-тың жалпы мектептеріне инклюзивті енгізуде көптеген қиындықтар және өзекті мәселелермен қақтығысқа түсті. Сол уақытта жүргізілген жұмыстың қорытындысы жалпы мектептің мұғалімдерінің жаңа түрдегі кәсіптік қызметке дайын емес екендігін көрсетті.
Жоғарыда тарихи шолу жасау кезінде екі ұғым болды. Ол «интеграция» және «инклюзия». Оның әрқайсысын талдап өтейік. Шет елдердің сөздіктерінде «интеграция» (латын тілінен аударғанда integratio – қалпына келтіру, толықтыру; integer - бүтін) мынадай мағынаны білдіреді:
1. элементтердің қандай да бір бөлшектерін бір бүтінге біріктіру; 2. өзара бейімделу мен бірлесу процесі.
Ал ағылшын тілінен бір түбірлі сөздер қатарында аударылады:
1. integrate —біртұтастықты құру; біріктіру; құрама; толық, бүтін;
2. integration — бір бүтінге біріктіру;
3. integral — біртұтас, толық, бүтін; мәнді;
4. integrality — біртұтастық, толыққандылық;
5. integrant —біртұтастықтың бөлінбейтін бөлшегі. «Инклюзия» сөзі шет елдердің сөздіктерінде жоқ. Өйткені ол ағылшын тілінің inclusion – қосу, енгізу.
Бір түбірлі сөздік аудармасын көрсетейік:
1. include — өзіңде тұжырымдау, қорытынды жасау; енгізу;
2. including — енгізе отырып; сондай-ақ; 3. inclusive —өзіңе енгізетін .
Келтірілген сөздің мағынасын ашып түсіну үшін орыс тілінің сөздігіне көз жүгіртейік:
1. включать — өзінің құрама бөлігінің болуы; қамту;
2. включить — құрамға кіргізу, ендіру;
3. включиться — қандай да бір әрекетке ену, бірігу. Орыс тілінде «интеграция» - бұл бір бүтінге біріктіру және өзара бірігу мен бірлесу процесі, ал «интегрант» - біртұтастықтың бөлшектенбейтің бір бөлігі .
И. Никитина «интеграция» ұғымы мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды қоғамның құқылы мүшесі ретінде барлық қоғам өмірлеріне енгізу процесі ретінде, яғни оқуды, ғылымды, мәдениетті, экономиканы игеру деген анықтама бере отырып интеграциялық оқыту мен инклюзивті білім берудің мақсатын ажыратып көрсеткен.
Достарыңызбен бөлісу: |