1-ТАҚЫРЫП. Инвестицияның мәні және оның қажеттілігі
профессор Жунусов Б.А.
Инвестициялық қызметтің мәні мен мазмұны
Инвестициялық қызметтің ҚР-ның экономикасындағы ролі
Инвестицияның түрлері және инвестициялық стратегия
Жоспар
Инвестиция (латынша іnvestіre – салым салу) – табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен материалдық емес сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат.
Инвестиция – экономикалық жүйеде қызмет ететін капитал көлемінің, яғни адамдармен құрастырылған өндіріс құралдары-ның ұсынылған мөлшерінің ұлғаюы.
Инвестиция – ол өнеркәсіптің, құрылыстың, ауылшаруа-шылықтың және экономиканың басқа да салаларының кәсіп-орындарына капитал түрінде салынып жұмсалатын шығындар жиынтығы.
Сонымен қатар, инвестиция – капитал салу және күрделі қаржы.
Инвестиция – бұл жаңа технологияларды, материалдарды және басқа да еңбек құралдарын енгізумен байланысты өндіріс-тің ұлғаюына және жаңаруына жұмсалатын шығындар.
Инвестиция – бұл шаруашылық өмірге бағытталған салым-дар және капитал құнын сақтайтын немесе өсіретін, сондай-ақ табыстың өсуіне әкелетін капитал жұмсау әдісі.
Қазақстан Республикасының «Инвестициялар туралы» заңына сәйкес инвестиция – лизинг шартын жасаған кезден бастап қаржы лизингі заттарын, сондай-ақ оларға құқықтарды қоса алғанда, заңды тұлғаның жарғылық капиталына инвестор салатын мүліктің барлық түрлері (жеке тұтынуға арналған тауар-лардан басқа) немесе кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын тіркелген активтерді ұлғайту, сондай-ақ концессионердің (құқық мирасқорының) концессия шарты шеңберінде жасаған және алған тіркелген активтері деп анықтама берілген.
Енді кім инвестор, ол не салады, не мақсатпен және қайда салады деген сұрақтарға жауап туады.
Капиталды салады, оның көптеген түрі болады.
Сөйтіп, нені салуға болады?
ірі банктердің қаржылық ресурстары, өнеркәсіптік фирмалардың миллиардтаған пайдалары, жай адамдардың жинаған ақшалары, кәсіпқойлық дағды мен қабылеттілік "ноу-хау", әрбір бизнесменнің денсаулығы мен уақыты.
Мұнда инвестиция жөнінде кеңінен қандай да болмасын қаржыны ірі және ақша ғана болуы емес салудан кейіннен табыс, пайда алу көзделеді.