а) жеке және заңды тұлғалардың заңмен қорғалатын құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерiн, меншiктi, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қорғау, оның экономика-лық және қорғаныс әлуетiн нығайту үшiн өз құзыретiне сәйкес қажеттi шараларды қолдануға;

б) жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру арқылы қылмыстарды анықтауды, олар-дың алдын алуды, оларды болдырмауды және ашуды, қылмыстық процесте пайдалану үшін олардың нәтижелерін орнықтыруды қамтамасыз етуге, өздерiнiң қарауындағы қылмыстық iстер бойынша жедел-iздестiру шараларын жүргiзу жөнiнде тергеушiнiң жазбаша тапсырмаларын, прокурордың нұсқауын, сондай-ақ соттың ұйғарымын орындауға;
в) қоғам мен мемлекет қауiпсiздiгiне қатер төнгенiн дәлелдейтiн өздерiне белгiлi болған жәйттер мен деректердi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдарына дер кезiнде хабарлауға;
г) құқықтық көмек туралы шарттар (келiсiмдер) негiзiнде тиiстi халықаралық құқық қорғау ұйымдары мен шет мемлекеттердiң құқық қорғау органдарының тiлектерiн орындауға;
д) жедел-iздестiру шараларын жүргiзу кезiнде, сондай-ақ қылмыстық процесте пайда-лану үшін жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижелерін бейнелейтін мате-риалдарды беру кезінде асыратын жағдайда қамтамасыз ету және хабарлама көздерi құпиясының ашылуына жол бермеу жөнiндегi қажеттi шараларды қолдануға мiндеттi.
Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың міндеттері