Жоспар: Жоспар

бет5/7
Дата19.05.2023
өлшемі1,09 Mb.
#95325
1   2   3   4   5   6   7

Экссудаттың жасушалық құрамы қабынудың пайда болу себебімен үлкен дәрежеде байланысты. Егер қабыну ірің туындататын микробтардың (стафилококктар, стрептококктар) әсерінен дамыса, онда экссудатта нейтрофилдік лейкоциттер басым болады, егер қабыну иммундық негізде (аллергия) болса немесе қарапайым жануарлармен, құрттармен шақырылған болса, онда эозинофилдер көп болады. Баяу дамитын қабыну кезінде (туберкулез, сифилис) экссудатта бір ядролы жасушалар (лимфоциттер, моноциттер) көп болады.

Қабыну ошағында лейкоциттердің негізгі қызметі болып, бөтен бөлшектерді сіңіру және қорыту (фагоцитоз) есептеледі.

Фагоцитоз төрт сатыда өтеді: 1. Жақындасу, 2. Жабысу, 3. Жұту, 4. Қорыту.

қабыну ошағында жиналатын экссудаттың құрамына тамырдан шыққан сүйық, қан плазмасының нәруыздары мен электролиттері, қан жасушалары кіреді. Сол себептен экссудаттың транссудаттан айырмашылығы оның құрамында нәруыздар (2 пайыздан астам) көбірек болады. Егер тамыр кемерлерінің өткізгіштігі аз бүлінген болса, онда экссудатта негізінен альбуминдер мен глобулиндер ғана болады. Өткіз-гіштігі қатты көтерілген болса, онда қан плазмасынан тінге кесек молекулалық фибриноген шығады. Бұл кезде қан тамырларынан жасушалар да эритроциттер мен лейкоциттер шыға бастайды.

Сонымен бірге экссудатқа шыққан лейкоциттердің және жергілікті тін жасушаларының ыдырауынан көптеген ферменттер босап шығады. Сондықтан экссудатта протеолиздік, амилолиздік, липолиздік ж. б. ферменттер болады, Экссудаттың меншікті тығыздығы (1,016-1,020) тра'нсудаттан (1,004-1,010) көп болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет