Жүсіп Баласағұн.
"Құтты білік" дастанын Қарахан әулетінен шыққан Табғаш Қара Боғраханға арнады. Бұл үшін ақынға Хас Хаджиб (сарай министрі) атағы берілді. Поэманы толық көлемінде неміс тіліне аударысымен және түпнұсқасымен 1891-1900 жылдары В. В. Радлов ғылым әлеміне паш етті. 1896 ж. К. Керимов өзбек тіліне аударды. 1971 жылы Н. Гребнев "Бақытты болу ғылымы" деген атпен еркін аударма жасады. 1983 жылы С. Н. Иванов "Благодатное знание" деген атпен орыс оқырмандарына ұсынды. Ал 1986 жылы бұл дастанды ақын А. Егеубаев қазақ тіліне аударды.
"Құтты білік" поэмасы энциклопедиялық шығарма болып табылады. Оны жазуда автор саяси әуенді басшылыққа алғандығын аңғару қиын емес. Ол қарахандар әулетіне жоғары дамыған Мауераннахр, Шығыс Түркістан тәрізді аудандарды басқарудың жолдарын үйретуге тырысты. Әрине, шығарма тек саяси трактат көлемінде қалып қоймай, орта ғасыр дәуірінің ғылым, мәдениет салаларын да қамтиды. Адам тағдыры, өмірінің мәні, орны мен әлемдегі рөлі жайындағы мәселелер де қаралады. Сонымен бірге, Баласағұн философиялық, шамандық, исламдық дүниетанымда болғандығын білеміз. Философияны поэзия арқылы жеткізу орта ғасырлық шығыстық үрдіс еді. Екінші бір қыры - исламға дейінгі әр түрлі нанымдар. Шығармадан шамандық түсініктер көрінеді. Исламдық идеология да елеулі орын алады. Бұл жайында А. Н. Романов пен С. Н. Иванов: "Жүсіп Баласағұнның "Құтты білік" поэмасы - ең алғаш, ең көне, әзірше жалғыз, мұсылман идеологиясының негізінде, осы идеологияны уағыздаушы ретінде түркі тілінде жазылған шығарма", - деп баға береді. Кітапқа көшпенділер тұрмысы мен аңшылық өнерін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, тұрақты сөз тіркестері енген.
«Құтадғу білік» - Қу, Ұд, Құт (Құд), Ад, Гу (Адгу) деген біріккен сөздерден тұрады.
«Құт. Мейрам сопы ертерек өліп қалып, Нұрфая бәйбіше көп заман бес берекенің біріне қосылған бәйбіше болып, халқына ұйтқы, құт бәйбіше атанған екен (М-Ж., 16). Шолпан бір ұл перзент тауып, сол себепті «аяғы құтты» болды (М. Дулат, 134);
«Құт» сөзінің бүкіл Сібір түркілерінде шамандық дүниетаныммен араласып жатқан ұғым екенін аңғару қиын емес. Қамның негізгі айналысатын ісінің дені осы «құт». Өлген адамның құтын құрметтеп шығарып салу, ата-бабалардың құтына арнап ас беру, құрбандық шалу; ауырған, бағы тайған адамның қашқан құтын қайтару т.т. сияқты аса күрделі міндеттер шаманға жүктеледі. «Құт» сөзі жалпы түркілік. Байырғы түріктерде бірнеше мағынада қолданылған: 1. жан, өмірлік күш, рух; 2. бақыт, дәулет, жақсылық, жолы болу, бағы ашылу т.б. 3. кісілік, ұлылық; қазақ пен қарақалпақтарда құт: 1. өмірлік, күш, рух; 2. мал-жанды қорғайтын тұмар; 3. бақыт; тувалықтарды құт: жан, тіршілік көзі; хакастарда хут: жан, рух, өмірлік күш; монғолдарда хутаг: бақыт, жақсылық; манчжурлерде хуту: бақыт (Баскаков Н.А. Яимова Н.А. Шаманские мистерии Горного Алтая. Горно-Алтайск, 1993. С 11. Қорқыт ата: 596).
Кейбір зерттеушілер Қорқыт сөзінің түп төркіні «көр» және «құт» деген екі сөзден тұратындығы. Осы орайда «көр» сөзінің гор, гөр, гур сияқты фонетикалық нұсқалары болғанындай, «құт» сөзінің де гут, ғұт, хут дейтін варианттары кездесе береді. Сондықтан да әуелгіде Ғұрғұт, Гөргут, Горгуд, Көрхут, Көрғұт сияқты тұлғаларда айтылуы әбден ықтимал. Әзірбайжанша қазір де Горгут, түркіменше Горкут болып айтылады. Құт адамға желеп-жебеуші киелі күштердің, рухтардың, басқа дүние иесінің арқасында қонады. Оны кері қайтарып алатындар да сол күштер. Қатты қорыққанда «құты қашты» дейді қазақтар (Қорқыт ата: 596).
Л. Будагов құт сөзінің бірнеше мағынасын береді соның бір-екеуі мынадай: дж. тат. قوت кутъ, жизнь, счастье; сердце, храбрость, въ алт. душа, присутсвіе духа: قودي جقتي душа вышла, т.е. растерялся отъ страха, кир. құтты күн счастливый день, құттықтау желать здоровья, счастья, дать благословеніе, обиліе (о Бог) [19, б.69-70]. Қазақтар «құт» келді деп әр нәрсені ырым – жора ретінде тұтынған. «Құт» кетсе ырысым бірге кетеді деп түсінген. Табиғаттың құбылыстарын да: жаңбыр, қар молынан жауса соған байланысты адам өміріндегі өзгерісті «құтты» құбылыс деп ұққан. Қ. Халид: Тарихшылар «Құдатғу білік» туралы осы кітап атына аса қанық болмағаны үшін біраз түсінік жазу керек болды. «Құдатғу білік – құтадғу білік» боп жазыла береді, екеуі бірдей білік – білу, «құд» - күт (екеуі – құт) дегені бұл арабтың «күтіб» сөзінен алынған, тіл – сөз. «Құтыб» – әр нәрсенің баянды боп байыздап тұруына айтылады, сол үшін «құтыб жұлдызы» атауы бар (Темірқазық жұлдызын айтып отыр).
«Құт» – бақыт мағынасында, «оған пәлен жерге құт болды» дейді, яғни «сонымен ол бақытты болды» демекші, құттықтағанда «құтты болсын» деу осыдан». Осы кітапта берілген түсінікте: «Құт» атауы арабтың «құтыб» сөзінен алынды деу шындыққа келмейді. «Құт» – өз алдына ұғым беретін ертедегі түркі сөзі, мағынасы – «бақыт», «жан», «бақытты болу» – дейді
Түйін. Құт пен бақыт, бақытпен бақсы мағыналас сөздер. Мәшһүр-Жүсіп құт лексемасын бақыт дүниеден тыс жаратушы сияқты қолданған. Құт жақсылық әкелуші деп түсінген. Құт > қорқыт > қ...қ (еркектің жыныс мүшесі) > көтек (к..т) түбірлес сөздер сияқты. Құт (қ...қ) > ұмаймен ін (ен) с...к (етістік) тас..қ, тылақ (тылакъ, паточка, язычекъ (анат.) Л. Будагов, 1869: 755 б) (тылақ//тілшік бір сөз) қозғалыс, ұрпақ (ұрық) әкелуші тіршілік иесімен тығыз байланысты. Құттың мағынасы біз ойлағандай жеңіл-желпі бір нәрсе емес, аса тереңде жатыр. Қаза берсе, тұйыққа тіреледі. Оның аржағында тіршілік – өмір жатыр. Тылақ > тас...қ > тал > тұл семантикалық жағынан өте жуық тығыз байланысты. Тереңірек барғанда бәрібір өмір, тіршілік, қозғалыс дегенге келеді. Адам + Рух + Аруақ + Адам (ұрпақ) арқылы мәңгі жасайды өлім жоқ дегенге әкеледі. Киелі адам құт әкеледі деп ұққан. Аяғы құтты болсын! – дейді. Негізінде кие мен құт мағынасы да мән-мазмұны да бір. Фетиш (фетешизм) – құт сөзінен діннің бір тармағы келіп шыққан» (А.Қ. Тұрышев «Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы мифологиялық лексика» 3 том. Павлодар-2008).
Қу – Қуман (Қу Манның ұрпақтары), ежелгі батыс жазбалары қазақтарды «Кумандар» деп хаттаған; Осы түбірден біздің сөздік қорымызда Құда, Құдағай, Құдай «Сыбап алып, ...ықпай, «құдай – шұнақтан» (Жұбан Молдағалиев), Қу адам (Қулық жасайтын, айлакер адам), Қу түлкі, Қу дүние, Қу тірлік, Қу сүйек (Құр қу сүйек етсіз өңі бетсіздің (Жүсіп Баласағұн), Ата жолын қуу, Қу бас, Қу сирақ, құлақ, қулық, құлама жар, құмалақ деген сияқты ұғымдар дүниеге келген. Күні бүгінгі қазақтың сөздік қорындағы У, Су, Бу, Жу, Ну, Ту, Гу, Зу, Ру, Ау, Қу деген ұғымдардың барлығы түп тамырын Қу атамыздан алады. Бұлардың бәрі Қу атамыздың лақап аттары, яғни бүгінгіше айтқанда осы ұғымдардың «авторы». Күннің де авторы осылар. Қу және Үн (Үнді-арийлер, Үндістер) деген екі біріккен сөздерден тұрады. Шамалы мектеп көрген білімі бар, ақыл-есі дұрыс жандарға бұл дауға жатпауға тиіс.
Күннің сөз түбірі «Үн». Ал үн ауыздан шығатын дыбыс. Дыбыста (үнде) өз-өзінен шықпайды. Оның ар жағында сол дыбысты шығаратын тіл бар. Бүгінгі Қаз Адайлар сол ежелгі түптегі Адам атаның қарашаңырағының иелері. Әлемді билеген қағанның бас таңбасының «Тіл» болып, ал Адайлардың «тіл таңбалы Адайлар» деп аталатындарының сыры осы. Шындықтың аты шындық. Одан ешкім ешқайда қашып құтыла алмайды. Мұны мойындау, мойындамау өз еркіңде. Әр кім де өз санасының, яғни ақылы мен білімінің жеткен жерінің «қонағы» болмақ. Білімің жетпеген «ауылға» қонақ болып «қырға да» шыға алмайсың. Бастаған сөзімізді аяқтап жырға түсінік бере кетейік: Білімсіз адам қырқадан ойға қарайды (тұмсығының астынан басқаны көрмейді), білімді адам қырқадан қырға қарайды. Қарағанда да жәй қарамайды. Қырық шалғысын күніне он екі сілкіп тарайды.
Қырық шалғы ежелгі қазақтың хандары мен қағандарының қырық уәзірі, яғни «Ғайып ерен қырық шілтен» атанғандар. Назар аударайық Уәзір сөзінің түбірі Әз екеніне, және бұл сөздің толық мағынасы Уә (Уа, Ауа), Әз (Аз) және ір (бір, пір) деген біріккен сөздерден тұрады. Мағынасы Ауа ана мен Әз (Қазақ) әулие ең бірінші, ірі пір деген сөз болып шығады. Сөз түбірі жаңылыспайды. Сөз реті келгесін тоқтала кетейін, жалпы тарихшы қауымға өте қиын, себебі тарихқа терең бойлаған сайын аталарымыздың ұлы істерін бүгінгі күннен іздейсің. Таба алмасаң жаның күйзеледі. Елбасымыздың «қырық уәзірлері осындай атқа лайық па?», тіпті солардың ешқайсысы «Құтадғу білікті» біле ме екен? Әй, қайдам? Қазақтың ана тілін менсінбейтін жандар оны қайдан оқысын.
Қазақ қағанаттарының қарашаңырағы Он екі атадан құралған. Бұл құрамға кіріп, сол құрамда мәңгі қалу үшін барлық рулар Адами қасиеттері тұрғысынан жарысқа қатысып, бүгінгіше айтқанда «конкурске» түскен. «Конкурстан» өткеннен кейін де егер олар Ата салтының талаптарына сай бола алмай қалған жағдайларында «он екі Ата» құрамынан шығарылып орнын басқалар басқан.
«Қу төңкерсе аспаннан». Міне «Құтадгу біліктегі» Қу (Қуман) ата есімінің қазақ шежіресіндегі көрініс табатын жері. Қу есімі аспандағы Құдай деген мағынаны білдіріп тұр.
«Үш тілеген баппенен». Үш саны Қосай атамыздың сандық атауы. Үш тілек тілеудің бастау алатын жері осы. Тілек қабыл болып бүкіл адамзат баласы суға ғарық болғанда тек қана Қосай атаның қауымы мен ұрпағы аман қалып тіршілікті ары қарай жалғастырып кетеді. Біздің сөздік қорымыздағы сөйлем арасына қойылатын үтірлер, нүктелер мен қос нүктелердің сыры осы. Өздеріңіз көріп отырғандай үтір – Ұд, нүкте - Нұқ, қос нүкте - Қосай Нұқ болып тұр. Сөз түбірі жаңылыспайды. Құт – Қу және Ұд, яғни Қу (Құдайке) еліне жіберілген Һұд пайғамбардың есімі болып табылады. Қазақтың сөз жасау жүйесін білетін жандарға бұл дауға жатпауға тиіс. Міне осыған сәйкес ер адамның аталық мүшесі де осылай аталды. Ер адамның тастан жасалған аталық мүшесі Маңғыстаудың ежелгі қорымдарында Шопан ата, Қаңға баба, Оғланды, Ескі Бейнеу, Уәли т.б. кездеседі. Бұл атау кезінде тауларға да қойылып олар Құттау (Құтдағ) деп аталған. Бұндай тау атаулары әлемнің көптеген елдерінде болған. Қазақтың киіз үйінің де, мешіттердегі күмбездердің де, қорымдардағы күмбезді тамдардың да бастауы осы. Қазір мұны айтуды да, ойлауды да жұрттың бәрі ұят көреді. Алайда, аталарымыздың ол белгіні қорымдарға айшықтап салуына қарағанда олар мұны ұятқа санамаған. Айтпақшы, Маңғыстауда «тылақтың да», яғни аналық мүшенің де белгі-таңбалары бар. Олар Маңғыстаудағы көптеген қорымдарда аз-аздан, бірлі-екілі кездессе, Сейсем атадағы Адай таңбалардың басым көпшілігі тек қана осы таңбадан тұрады.
Ал, Адгу дегендегі Ад-қа келсек, бұл ұғымның негізгі мағынасы құранда айтылатын Ад қауымы, одан кейінгі ұрпақ аузымен олар жайлы айтылатын Ада (Ата), Адам (Атам), Адай (Атай) дегенді білдіреді. Жалпы қазақтың ана тілі мен шежіресін жақсы білген жандарға қазақ тарихын қарапайым әріп, дыбыстардан да дөп басып оқу анау айтқандай қиындық туғызбайды. Мысалы, «А» дыбысы (таңбасы) барлық сөздің де (дүниенің де) бастауы (Алла, Ата, Ана, Аға). «Д» мен «Т» Адайдың тоғызыншы буыны Тобыш пен Тоғыз санының бас таңбасы. Толып, толысу деген мағына береді.
1. Ад (Ат) – Ада (Ата), Адам (Атам), Адай (Атай), Адал, Адуын, Адас, Адыр, Адырна, Адақ, садақ, мадақ т.т. Бастауын «А» дыбысы мен Адам атадан алады.
2. Әд (Әт) – Әди, Мәди, Мәдине, Мәдениет, Әділ, Әділдік, Әдемі, Әдіс (айла), Әдейі (арнайы), Кәде, әтір, әткеншек т.т. Бастауын МАД (МӘД) – Манқыстаулық Ман Адай патшалығынан алады.
3. Ед (Ет) – Еді, Еділ, жеді, едім (барып), дедім, еден, кеден, етік, етене, ету т.т. Сонда мына көрші орыс халқының Дед, Дедушкасы, Единица деп жүргендері біздің атамыздың аты болып шығады. Арғы тегін өздеріңіз көріп отырғандай Ад қауымынан, яғни Адам (Адай) атадан алады.
4. Ид (Ит) – Иді (майыстырды), Иіді, итаршы, итарқа, итшілеп күн көру т.т.
5. Од (От) пен Өд (Өт) – Қазақтың сөздік қорында ежелде Од пен Өд буындарынан басталатын сөз болмаған. Оның орнында От пен Өт деген ұғымдар бар. Аталарымыз Күн («О» деген таңба күнді бейнелейді) мен Отты қасиетті санап олардың есімін не болса соған қоспаған. Алғаш рет Од деген ұғымдарды айналымға қосқандар ебрейлер мен оның ізбасарлары (қолшоқпарлары десе де болады) орыстар. Олар Адам (Адай) атаның өз аталары екенін біле тұра барлық жазба деректерінде Одой, Уодой, Одоют деп хаттаған. Біздің аталарымыз оларға, сендерге «О» дан басқа сөз де (дыбыс та) жететін еді ғой, сендердің бұларың, яғни Атаны (Ата сөзді) сыйлай білмегендерің Одағай сөз болды деп, ерсі сөздерді Одағай сөз деп атапты. Аһ, үһ, әттең, әттеген-ай, тәйт, тек, малдарға байланысты құру-құру (жылқыға), шөк-шөк (түйеге), кә-кә (итке), а-у-у-у-у (қасқырға), шөре-шөре (ешкіге) т.т. осылай дүниеге келіпті. Ата сыйлай білмеген жан сөзді қайдан сыйласын олар есекке «Осел, Ослик» деп Қосай атамыздың атын қойғасын, олар сендер онда сол есектің баласысыңдар деп, есектің баласын аталарымыз Қодық, ал жабайы сиырды Қодас, тентектерді Содыр мен Қодар деп атапты. Одақ пен Бодан сөзінің шығу тегі де осы. Әлді әлсізбен, көп ел аз ел мен тең дәрежеде Одақ бола алмайды, Одаққа кірген ел сол одақтың күштісіне бодан болады. Бүкіл қазақтың Кеден одағына кіргенде, «Әттеген-ай» деп өкініш білдіргені осыдан болатын. Қазақтың ежелгі сөзінде Одақ деген ұғым болмаған. Бұл кейінгі жебрейлер бастаған елдердің Ата салтынан ауытқығаннан кейінгі өмір салтының жемісі. Біздің аталарымыз жаумен соғысқан да ғана одақтасқан. Демек, тәуелсіз елдерде одақ қысқа ғана мерзімге, қандай ма бір күрделі үлкен ауқымдағы мәселені шешу үшін жасалған. Бұған айғақ іздеп алысқа ат шаптырудың қажеті жоқ. ССРО одағына мүше боламыз деп, ұлттық болмысымыздан түгелге жуық айрылуға шақ қалғанымызды көріп отырған жоқпыз ба?
6. Ұд (Ұт) – Ұдайы, Құда, Құдай, Құдағай, Құдалық, Құдандалы (Құда анда) (Шыңғыс ханның Жамұқамен үш рет анттасып Анда болатыны осы), ұтыс, ұтылу, ұтымды т.т.
7. Үд (Үт) – Үдек, Үдету, Үдір, Үдере көшу, Үтір т.т.
8. Ыд – Ыдық, Ыдық су, Ыдырау, Қыдыру т.т.
9. Ід – Ідіріс пайғамбар, Кідіру т.т. Ыт пен Іт – бұл түбірлерден басталатын сөз кездеспейді, оның есесіне екінші буында кездесетін сөздер бар. Қыт-қыт, зытты, зыта жөнелу, шыт (мата), уыт (уыты күшті), бітір, тітіркену, діттеген жерге жету, киіт т.т.
- Осы еңбекті зерттеу мақсатында қаншама кітап оқысам да, еш жерден «Құтадгу білікті» қазақтікі деген тарихшы кездестірмеп едім. Құдайға шүкір! Жалғыз емес екенмін. Жақында қолыма Әнес Сарай ағамыздың мына еңбегі түсті. Үзінді: «Міне, осы тұрғыдан бүгінгі қазақ этносының арғы тегі – ерте орта ғасырлардағы түркі тайпаларының алғашқы өркениет үрдісінің бастауында тұрғандығы туралы бұрын ешкім ауыз ашпайтын. Тіпті, Альбер Камю, Жан-Поль Сартр сынды еуропа әспеттік көзқарастағы «ойшылдар» адамзат қауымының сәби саналы шағында алысты жақындатып, жақынды табыстырған ерекше динамикаға ие қауым – көшпелілер әлеміне, күллі түркі нәсіліне төбеден қарап, өздері тұрпаттаған өркениеттер өресінен орын таппай сандалады. Басқасын былай қойғанда, күні кешеге дейін малданып келген оқулықтарымыз бен анықтамалық әдебиетіміз қазақ халқын малдың тісіне еріп, сахараның бір түкпірінде стихиялық түрде бас қосқан тобыр кейпінде мүштитіп қойды. Еуропа «ұйқыдағы ару» қалпында жатқанда, ібір-сібір тұрғындары әлі шалбар кимеген шақта түркі жұрты, ілкі қазақ тайпалары мегалиттік туындыларын бәдіздеп, ұрпағына – мына біз бен сізге, айтар аманатын төл әрпімен тасқа қашап кетіпті. Ол аз десеңіз, 4 томдық грамматикалық сөздік шығарып, «Құдатғу білік» атты этикалық-философиялық трактатты жастана оқып жатыпты…» (Әнес САРАЙ жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Көк түріктерінің қағандығы).
- Шығарма (Құтты білік) толықтай тарихи деректермен сәйкес жазылған. Мұнда қазақтан шыққан көптеген ежелгі ұлы тұлғалардың аттары аталып, олардың ұлы істеріне мадақ айтылады. «Афрасиаб «Авестада» тарихи тұлға, әрі мифологиялық кейіпкер ретінде танылады. Бірақ біз Алып Ер Тоңғаның тарихтағы Афрасиаб қаған екендігін, ал Афрасиабтың өзі Алып Ер тоңға екенін көпке дейін ажырата алмай келдік. Жүсіп Баласағұнның «Құтадгу білігін» оқығаннан кейін ғана көзіміз жетті. Жүсіп Баласұғынның дастанында данышпанның туған қаласы Баласағұнды салдырған Тұранның ұлы қағаны Алып Ер Тоңға туралы мадақ жыр жолдарымен өрілген арнаулы тарау бар» (Мекемтас Мырзахметов, филология ғылымдарының докторы, профессор. Дереккөздер
↑ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6
↑ Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3
↑ Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
Достарыңызбен бөлісу: |