Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті
Жаратылыстану факультеті
Физика кафедрасы
БӨЖ
Тақырыбы: Көшбасшы теориясы
Қабылдаған: Туйебаев М.
Топ: ЖФИ-113
Аты-жөні: Қуанышова Н.
Түркістан 2023жыл
Жоспар:
Кіріспе • Көшбасшылық теориясының тарихы • Көшбасшылық жағдайлық теориясы • Көшбасшы қызметі • Көшбасшылық түрлері Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе Көшбасшы өзінің жаңа идеясымен, алға қойған мақсат мүддесімен ерекшеленеді. Көшбасшылық адам бойында кездесетін ерекше қасиеттердің бірі Көшбасшы - басшылықты топпен бірге жүзеге асыратын адам. Билікті басқару үшін көшбасшы: 1. Қызметкерлерді жақсы танып, білу. 2. Жағдаяттарды сараптай білу, іс-әрекеттердің жақын әрі алыс перспективаларын анықтай алу. 3. Қоршаған ортадағы психологиялық ерекшеліктерді түсіну және оларды ресми және ресми емес байланыстарда қолдану. 4. Жан-жақты білім мен эрудицияны иелену.
Көшбасшы – жол таба білетін, өзгелерге жол көрсете алатын. өзіне жүктелген міндетті сезіне білетін, Көшбасшы дегеніміз-өз ісін жетік меңгерген, ойлаған жоспарларын оңтайлы жүзеге асыра алатын, басқарушылық қабілеті бар мықты стратег,яғни тұлға. Көшбасшылык дегеніміз ерлер мен әйелдерді бір максатка жетелейтін қасиет, сонымен қатар сенімділік ұялататын мінез-құлық.
Көшбасшылық теориясының тарихы Жиырмасыншы ғасырдың басында адамдар көшбасшылыққа байланысты барлық оқуға, ізденіске ізденіске қызыға бастады. Ғалымдар қандай дағдыларды дамыту керектігін, көптеген адамдарға ықпал етуді және оған қажетті дағдыларды игеруді айқындауға тырысты. Сондықтан да көшбасшылықтың қандай сипаттары сипаттары неліктен тиімдірек ықпал ететінін айқындауға және оны болжауға көмектесетін көшбасшылықтың теориялары жасалды.Көшбасшы болуға ұмтылатын мұғалімдерге көшбасшылықтың теориясын білуі қажет. Бұл оларға көшбасшылықтың не екенін толық және терең түсінуге мүмкіндік береді. Бұл біліктілікті арттыру курстарын жүргізу кезінде, сонымен бірге курстан кейінгі кезеңдегі мұғалімдермен коучинг пен тәлімгерлік өткізуде айқындалды. Мұғалімдер көшбасшылық теориясын меңгергеннен кейін, өзінің мұғалім-көшбасшы ретіндегі әрекетін дұрыс ұйымдастыра алатынын атап өтті.Көшбасшылық туралы түсініктердің дамуы, осы бағыттағы эксперименттік еңбектер көшбасшылық түсінігінің төрт негізгі тәсілінің туындауына, қалыптасуына ықпалын тигізді. Алдыңғы тұжырымға сүйеніп жасалған еңбектер, алғашқысына қарағанда жетілдіре түсті. Олар келесі тәсілдер: 1) тұлғалық қасиеттері тарапынан; 2) мінез-құлықтық; 3) жағдаяттық; 4) эмоциялық зият негізіндегі көшбасшылық.