Жоспар Кіріспе 3-5 I. Бастауыш мектеп


I. Бастауыш мектеп математикасын оқытудағы



бет2/19
Дата06.01.2022
өлшемі278,5 Kb.
#16312
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Дип.-Мектеп-математикасындагы-анализ-және-синтез

I. Бастауыш мектеп математикасын оқытудағы

оқушылардың жас ерекшелігі.

1.1 Бастауыш мектеп оқушыларының психологиялық

ерекшеліктері.

Жас өспірімдер психологиясы оалалардың жас ерекшеліктеріне байланысты психологиясын түсінуде маңызы зор. Балалар жүйкесі қызметін балалар орғанизмнщ әр түрлі даму сатыларында психикалық және психофизиологиялық қызметтері өзгешеліктерін аныктау жолында жастарына байланыстыра объективті зерттеу ол қызметтердің орындалу механизмін анықтайды. Балалардың ақпарат информация кабылдау, аңғарымпаздығы, білуге құштарлығы қай даму кезендерінде жоғары болатындығын түсіндіріп, педагогикалық процестердің бағытын анықтауға мүмкіндік береді.



Оқушылардың даму процесі бір қалыпты жүрмейді. Тіршілік кезендерінде өсу мен даму жүруі секірістермен сипатталады. Ол дегеніміз белгілі бір осу даму кезендері арасында бірқалыпты жүрмейді. Кіші оқушылардың оқуға недәуір мүмкіншілігі бар. Себебі олардың интелект ісі қарапайым ой операциясы дәрежесінде кездеседі дейтін. Ж.Пиаженің пікірі дұрыс болғанымен, қазірде бұрын аңғарып көрмеген қабілеті бар екені анықталып отыр. Осынан кейін психолог Давыдов т.б. қазіргі кезде беріліп тұрған оқу тапсырмалары оқушылар үшін жеткіліксіз дейді. Олар мүмкіншілігін толық тауыса алмайды. Сондықтан олардың оқуға мүмкіншілігін толық пайдалану үшін тапсырманы оңай әрі қиындату қажет дейді. Олай деу бәлкім дұрыс та болар.

Егер осы жастағылардың негізгі әрекеті бұрын ойын болып келсе, оқуға кіргеннен кейін оқу кызметі шешуші роль атқарады. Сөйтіп, оқу негізгі қызметке айналып баланың психикалық дамуын білетін болады. Осыған орай баланың психикалық дамуы ірі өзгерістерге ұшырайды. Өзгерістерге ұшырауының себебі ойынға қарағанда оқу талабының бала үшін қиындығында. Сонымен қатар оқуға жаңа түскен бала кластағы құрбыларымен қатынас жасап осының нәтижесінде өзінің психикалық байлығын дамытып, жаман-жақсыны ажырата бастайды. Дегенмен, әуелгі уақытта мектептегі жаңа жағдайда бала әлі бейімделе алмағандыктан оқу үстінде мына сияқты қиыншылықтар кездеседі. Біріншіден, бала мектептің жағдайына бейімделе алмайды. Мысалы, белгілі уақытта түрып, мезгілінде жатуға, сабақтан қалмауға, сабақ кезінде үнсіз тыныш отыруға қиналады. Осының нәтижесінде тез болдырып шаршауы да ықтимал. Екіншіден, мұғалімнің өзіне тән мінезіне және құрбыларымен калай қарым-қатынас жасай алмай қиналады. Кластың мұғалімі қанша жақсы болғанымен бала оған бата алмай бірдеңені сұрау үшін сескенеді. Сол сияқты партадағы қасында отырған кім, оған сыр айтуға бола ма, кіммен ойнауга болады, кіммен болмайды, осыны білмейді. Бірақ көп ұзамай бала үйреніп жатырқауын тоқтатады. Сонымен қатар, бала оқуға кіргеніне мәз болып, әке-шелеріне еркелеп, кейде бір үлкен міндет атқарып жатқан сияқты болып, өзіне ерекше көңіл болуды талап етеді. Осы кезде әке-шешелері оны көп еркелетпесе, осының өзі қиыншылықтардан бас тартпауга, қиыншылықтарпы жеңуге пайдасын тигізеді. Үшіншіден, бірінші класта оқушыларға қойылатын талаптар тым жеңіл келеді.

Тапсырмалардың жеңіл болуы баланың қиыншылықпен күресуге жетелемейді, дегенмен, бала оқиды. Оқығысы келуі мектептегі жағдайдың оған қызык көрінуінен. Мектепке келу қызық болып көрінгенімен оқуға арналған баланың қажеттілігін енді дамыта алмайды. Осыныц нәтижесіндс мсктептің жағдайына қызығу балада бірте-бірте сөнеді де, оқуға немқұрайлы қарайтын болады. Немқұрайлықпеп күресу үшін баланың оқуға ынтасын тудырып, тапсырмаларды бірте-бірте қиындату қажет. Әдетте оқу материалы жеңіл келсе, баланың іші пісіп жалкаулыққа салынады, ал тым қиын келсе, әлі жете алмағандықтан үлгерімі |қиындап, одан бас тартатын болады. Осы екі жағдайдың екеуі де қолайсыз, сондықтан тапсырманың қиындығы оқушы үшін қолайлы дәрежеде құрылуы тиіс. Егер қолайлы етіп ықшамдау қиын келсе, тапсырманың жеділ 6олғанынан гөрі – қиынырақ келуі әлдеқайда ұтымды. Себебі қиындығы бар тапсырмалар баланың қиналуына, ақыл-ойының алға қарай істеуіне жағдай туғызады.



Осы үш түрлі қиыншылықтардың кездесетінін I кластың бас кезінен бастап еске алу қажет. Ал алдағы (2-3) кластарға келсек, мұндағы оқушылардың жағдайы бірінші класта қалай оқығанына байланысты. Әдетте, баланың бәлендей объектіге қызығуы мен оның ықыласының барлығын ажырату керек. Қызығу деп бэлендей объектінің бір жағы сырттай біреуге ұнайтынын айтады. Қызығу көбіне аз уақытта кездеседі де, кейін сөніп кетуі ықтимал. Ал ықылас балада іштей ұмытылып іске берілуінен пайда болады. Әрине қызығу кейде ықыласты, не бәлендей нәрсеге қүмар болуға апарып соғуы мүмкін. Бірақ бұл сирек кездеседі. Сондықтан, осы мәселеге I кластан мән беру қажет. Жалпы алғанда 2-3 кластағы балалардың көпшілігі ойдағыдай оқып кетеді. Мұның себебі, біріншіден, кіші оқушының ниеті таза, ішідегісі тілінің ұшында болып тұрады. Екіншіден, бұлар үшін мұғалім үлкен абырой және бедел. Сондықтан оның сөзін бұлжытпай орындайтын болады. Мектепке кірерде бала дене жағынан алға қарай недәуір өріс алып, бұлшық еттері мен шеміршектері және сүйектері 9-10 жаста қалыптасады. Қол бармағының /сүйектенуі/ 9-10 жаста қалыптасады да табаны 10-11 жаста сүйектеніп бітеді. Осының нәтижесінде оқушы 10-11 жасқа толғанша жазуға тез болдырып қиналады. Сондықтан бастауыш мектеп жасындағыларды жазба жұмысымен көп айналыстыруға, әсіресе бірдемені көшіріп жазуға көп уақытын жіберуге болмайды. 7-8 жастың арасында бала жылына 2,5 кг-дай қосады. Биіктігі жылына 5 см өседі. Бұл кезде әсіресе кеудесі көтеріліп, жүрегімен тыныс органдары недәуір қалыптасып қалады. Бірақ жүрегінің соғуы 84-90-ға дейін барады /ересектердікі 70-72 жиілігімен соғады/. Осының өзі баланың недәуір қиналдыратын болса да қан айналыс системасының жұмысын оңай әрі жақсартады. Мұның себебі қан айналыс түтіктері диаметрінің көлемі ересектерден 2 есе артық. Осының нәтижесінде бас миына түтіктер арқылы кан көп күйылалы да, көп жұмыс істеседе шаршамайтын болады. Бас миының салмағы II жастан 11 жасқа дейін/ 1000 гр-нан 1400 гр. Дейін өседі, әсіресе оның маңдай бөлігі недәуір қалыптасады. Мынандай бөлігі ой мен сөйлеудің орталығы болғандықтан осының қалыптасуы балада ақыл ойдың кеңінен өріс алуына мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет