Тұрғын үй құнына талдау жасау
Статистикалық дерктер бойынша көп пәтерді тұрғын үйдің 1 шаршы метрін салудың нақты құны 2017 жылғы мамырда 76,6 мың теңгені ($627*), ал сату құны – 145,5 мың теңгені ($1192) құрады. Яғни салынған тұрғын үйді сату құны оны салу құнынан 1,9 есе асып отыр.
Өңірлердегі тұрғын үйдің 1 шаршы метрін салудың ең жоғарғы құны:
Астана қаласында – 82,5 мың теңге ($676), сату – 170,1 мың теңге ($1393);
Алматы қаласында – 91,3 мың теңге ($748), сату - 319,0 мың теңге ($2614);
Атырау қаласында – 78,8 мың теңге ($646), сату – 118,8 мың теңге ($974).
Өңірлердегі тұрғын үйдің 1 шаршы метрін салудың ең төменгі құны:
Петропавл қаласында – 32,2 мың теңге ($264), сату – 95,6 мың теңге ($783);
Шымкент қаласында – 34,7 мың теңге ($6284), сату – 111,3 мың теңге ($912);
Қарағанды қаласында – 46,3 мың теңге ($379), сату – 121,1 мың теңге ($992).
*Ескертпе: 1 доллар – 122,03 теңге.
Сатудың жоғарғы құны салынған коммерциялық тұрғын үйлерге тән екенін атап өткен жөн. Тұрғын үй құрылысының жалпы көлеміндегі оның үлесі 2015-2017 жылдары шамамен 25 процентті құрайды. Бағаның өсу себебі мыналар болып табылады:
коммерцилық тұрғын үй салу үшін ескі үйлерді бұзу қажеттілігі;
кейіннен қайта сату үшін пәтерлер сатып алу;
халықтың өзінің бос қаражатын салуына мүмкіндік беретін және жылжымайтын мүлікке қаражат салудың баламасы болып табылатын қаржы құралдарының кемшілігі.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 20 сәуірдегі №319 қаулысымен бекітілген Мемлекет басшысының 2015 – 2017 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017-2019 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары жүзеге асырылуда. Осы орайда көптеген ірі құрылыс компаниялары тұрғын үй кешендерін тұрғызуда. «KAZ COMMERCE ENGINEERING» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі осы бағдарламаны жүзеге асыруда белгілі бір мөлшерде өз үлесін қосуда. Мысалы, “Елім-ай” тұрғын үй ауданы іске асырылуда. Бұл жобаның негізгі ерекшелігі Алматы қаласының негізгі ірі жобалының бірі болып табылады. Оның жер көлемі 80 га, 5 – 16 қабаттық үйлер мен өзіне қажетті медициналық орталықтар, спорт сарайлары, ойын-сауық орталықтары мен түрлі дүкендер ашылуда. Оның айналасында мектеп, балабақша, халыққа қызмет көрсету орталықтары жобада келтірілген.
Мақсаты, Халықтың қалын жігінің тұрғын үйге қолжетімділігін қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысын дамыту проблемаларын кешенді түрде шешу.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТЕР ТІЗІМІ
Форма 1-Пром «Отчет предприятия о производстве продукции (товаров, услуг)» за 2016 г.;
Форма №БМ «Баланс производственной мощности»за 2006 г.;
Форма № 1-ТВ «Отчет по труду» за 2016 г.;
К. Ш. Дүйсенбаев, Э. Т. Төлегенов, Ж. Г. Жұмағалиева, «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау», Алматы, Экономика, 2001;
http://www.google.kz/
6. http://www.yandex.ru/
Достарыңызбен бөлісу: |