2) ипотекалық несиелендірудің қолжетімділігін арттыру;
3) жеке құрылыс салушылардың құрылысын ынталандыру;
4) бұрын қабылданған бағдарламалар шеңберінде тұрғын үй құрылысын аяқтау (Нұрлы жол, ӨДБ-2020);
5) үлестік тұрғын үй құрылысын қолдау.
Ас құрылысы – жалпы ұлттық сипаттағы барынша маңызды міндеттемелердің бірі болып табылатын Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының басым бағыттарының бірі.
Тұрғын үй саясатын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 11 маусымдағы №1388 Жарлығымен Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2015-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама ) бекітілді, оған сәйкес үш жыл ішінде жалпы алаңы 12 млн. шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру көзделді.2015-2016 жылдардың нақты нәтижелері 11,2 млн. шаршы метірді құрады, яғни үш жылдың тапсырмасы іс жүзінде 2 жылдың ішінде орындалды.
Осыған байланысты, Мемлекеттік бағдарламаға тұрғын үй пайдалануға беру көлемін 15,8 млн. шаршы метрге дейін ұлғайту жағына түзетулер енгізілді.
Болжамға сәйкес Мемлекеттік бағдарламаның аяқталуына қарай көзделіп отырған 15,8 млн. шаршы метр тұрғын үй көлемнің орнына 18 млн. шаршы метр тұрғын үй тапсырылатын болады, 290 мыңға жуық отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартады. 2014 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда негізгі отандық құрылыс материалдар, бұйымдары мен құрастырмаларын өндіру көлемі 70 %-ке ұлғаяды.
Мемлекет басшысының 2017 жылғы 28 ақпанындағы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты Қазақстан халқына Жолдауында: құрылыс индустриясын дамыту, қолжетімді жалға берілетін тұрғын үй кешендерін салу, жер учаскелерін бөлу ресімдерін ашықтығын қамтамасыз ету, жеке тұрғын үй құрылысының дамуын ынталандыру секілді бағыттар айқындалды.
1.«АС ҚҰРЫЛЫС » ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1.«АС ҚҰРЫЛЫС » жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бұдан әрі «Серікткестік» өз қызметін Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне, Қазақстан Республикасының 22.04.1998 жылы шыққан Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтықактілеріне сәйкес өзінің құрылтай құжаттары негізінде жүзеге асырады.
Серіктестік жұмысшылардың жылдық орташа саны 250 адамнан жоғары және жалпы активтерінің бағасы 325000-еселік айлық есептік көрсеткіштен жоғары ірі кәсіпкерлік субьектісі болып табылады.
СЕРІКТЕСТІКТІҢ ЗАҢДЫЛЫҚ МӘРТЕБЕСІ
1. Серіктестік мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап заңды тұлғаның құқылығын алады.
2. Серіктестік өз атауы жазылған мөрі, дербес балансы, банкіде есеп – шоты мен басқа да шоттары және өзінің атауы жазылған бланкілері бар.
3. Серіктестік өзінің қызметінің мақсатына жету үшін өз атынан келісім шарттар жасауға мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар алуға, міндеттерін орындауға, соттар талапкер және жауапкер болуына құқылы.
4. Серіктестік өзінің орналасқан жерін ауыстырған жағдайда серіктестік заңды тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне қажетті өзгерістер енгізу үшін бұл жөнінде оның мемлекеттік тіркелуін жүзеге асырушы органға хабарлауға міндетті.
5. Серіктестік Қазақстан Республикасының аймағында және шет елдерде филиалдар және өкілдіктер ашуға, басқа заңды тұлғалармен бірге бірлестіктер (одақтар) құруға, сонымен бірге басқа заңды тұлғалардың құрылтайшысы болуға құқылы.
Серіктестік өз филиалдары мен өкілдіктерінің ашылуы және олардың мекен жайы туралы мемлекеттік тіркелуін жүзеге асырған органға хабарлауға міндетті.
6. Серіктестік өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді және де өз қатысушысының міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
7. Серіктестікке қатысушы оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты зияндарға өзінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді.
2. ҚАТЫСУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ
2.1.: Қатысушы құқығы
қолданылатын заңдарға сәйкес келетін Жарғыда көрсетілген тәтіппен серіктестіктің іс-әрекеттерін басқаруға қатысуға;
серіктестік қызметінен табыс алуға;
серіктестік жарғысында көзделген тәртіп бойынша серіктестіктің қызметі туралы ақпарат алуға, оның бухгалтерлік және өзге де құжаттамасымен танысуға;
серіктестік таратылған жағдайда кредит берушілермен есеп айырысқаннан кейін қалған мүліктің бір бөлігінің құнын немесе мүліктің бір бөлігін заттай алуға;
қолданылатын заңдарда көзделген тәртіп бойынша өз үлесін иеліктен айырып беруі арқылы серіктестікке қатысу тоқтатуына құқылы.
2.2. Қатысушыны Қазақстан Республикасында қолданылатын заңдарда көзделінген және серіктестіктің осы жарғысында көрсетілген басқа да құқықтарға ие бола алады.
3.3. Серіктестіктің қатысушының міндетті:
серіктестіктің жарғысының талаптарын орындауға;
қолданылатын заңдармен көзделген тәртіпте, мөлшерде және мерзімде серіктестіктің жарғылық капиталына салымдар салуға;
серіктестік коммерциялық құпия деп жариялаған мәліметтерді жария етпеуге міндетті.
2.4. Қатысушы серіктестіктің жарғысында және қолданылатын заңдарымен көзделген басқа да міндеттерді мойнына алуы мүмкін.
3. ҚЫЗМЕТТІҢ МАҚСАТЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
1. Серіктестік өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табыс шығару болып табылады.
2. Көзделген мақсатқа жету үшін серіктестік келесі қызметтерін жүзеге асырады:
Азаматтық және өнеркәсіптік обьектілердің, авто және темір жолдардың, тупиктердің құрылысы;
жабдықтарды монтаждау және іске қосу;
бағалау қызыметі;
инжинерингтік қызметі;
жылжымайтын мүлікті сатып алу – сату;
риэлтерлік қызмет;
ғимараттарды, құылыстарды, сондай-ақ жылжымалы және жылжымайтын мүлікті жалға беру;
жобалық жұмыстарын жүзеге асыру;
қара және түрлі-түсті металлдың қалдығы мен кесектерін жинау / дайындау/, сақтау, қайта өңдеу және сату;
жарнамалық қызмет;
жүк тасмалдау қызметін көрсету;
өндірістік қызмет;
кафе,барлар,мейрамханаларды, сауда үйлерін ашу және пайдалану;
халық тұтынатын тауарлар мен өнеркәсіпке тағайындалған тауарларды өндіру, сатып алу, сақтау, қайта өндеу хәне сату;
қонқ үй шаруашылығын ұйымдастыру, қонақ үйлерді, демалыс үйлерді, пансиондарды және т.б. ашу және пайдалану;
халыққа, өнеркәсіптерге, мекемелерге сервистік және тұрмыстық қызмет көрсету;
автотұрақтар, ЖҚС, техникалық қызмет көрсету станцияларын және көлік жуу орындарын ұйымдастыру;
жанармай, басқа мұнай өнімдерді сатып алу, сақтау, көтерме және бөлшек сату;
шетел инвестицияларының қатысуымен бірлескен кәсіпорындарды құруды қоса алғанда сыртқы-экономикалық қызметтерінің барлық түрлерін жүргізу;
жалпы коммерциялық және сауда-делдалдық қызметі;
туристік қызметі.
Қазақстан Республикасының заңымен тыиым салынбаған басқа да қызмет түрлері.
3. Серіктестік тізбесі заң актілерінде белгіленген жеке қызмет түрлерімен лицензия негізінде ғана айналыса алады.
4. СЕРІКТЕСТІКТІҢ ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛЫ ЖӘНЕ
МҮЛКІ
3.1. Серіктестіктің жарғылық капиталы 97100 (тоқсан жеті мың бір жүз) теңгеге тең және осы мөлшерде серіктестік тіркелген кезеңінде толық қалыптастырылған.
3.2. Жарғылық капитал, серіктестіктің өз капитал есебінен толықтырылу мүмкін, қажет болса қатысушының қосымша салымдарынан толықтырылады.
3.3. Серіктестіктің жарғылық капиталына салым ретінде ақша, бағалы қағаздар, заттар мүліктік құқықтар, оның ішінде жер пайдалану құқығы мен интелектуалдық қызметінің нәтижелеріне құқығы және басқа мүлік болуы мүмкін.
3.4. Серіктестіктің жарғылық капиталын өзгеруі (ұлғайтуы немесе азайтуы) «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының III тарауы тәртіптеріне сәйкес жүзеге асытылады.
3.5. Серіктестіктің мүлкі қатысушының жарғылық капиталға салымдары: алынған табыстар, сондай-ақ заңдарда тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен құралады.
3.6. Серіктестіктің мүлкі серіктестіктің меншігі болып табылады және де оның балансында есептеледі.
3.7. Қатысушының жарғылық капиталдағы үлестері және тиісінше олардың серіктестік мүлкіндегі үлестері оның жарғылық капиталдағы салымдарына бара-бар болады.
5. БАСҚАРУ МЕН БАҚЫЛАУ ОРГАНДАРЫ
1. Серіктестіктің жоғары басқару органы Қазақстан Республикасының заңдары және өзінің құрылтай құжаттары болып табылады. Қатысушы өкілетті тұлғаларына өкілдік сенім білдіре алады.
Қатысушынцң ерекше құзырына мынамәселелерді шешу жатады:
А) серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшерін, орналасқан жері мен фирмалық атауын өзгертуді қоса алғанда оның жарғысын өзгерту немесе серіктестіктің жаңа редакциядағы жарғысын бекіту;
Б) серіктестіктің атқарушы органдарын құру және оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ серіктестікті немесе оның мүлкін сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдау және осылай берудің шарттарын айқындау;
В) серіктестіктің жылдық қаржылық есебін бекіту және таза пайда мен шығынды бөлу;
Г) серіктестіктің басқарушы кеңесін және (немесе) тексеру комиссиясын сайлау және олардың өкілеттіктерін мерзімнен бұрын тоқтату, сондай-ақ серіктестіктің тексеру комиссиясының есептері мен қорытындыларын бекіту;
Д) серіктестіктің ішкі қызметін реттейтін ішкі ережелерді, оларды қабылдау рәсімін және басқа да құжаттарды бекіту;
Е) серіктестіктің өзге шаруашылық серіктестіктерге, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдарға қатысуы туралы шешім шығару;
Ж) серіктестікті қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім шығару;
З) тарату комиссиясын тағайындау және тарату балансын бекіту;
И) шығындарды өтеу тәртібін анықтау;
К) филиалдар және өкілдіктер құру, қайта ұйымдастыру және тарату, олар туралы ережелерді бекіту;
Л) серіктестіктің лауазымды тұлғаларын мүліктік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдау;
М) серіктестіктің бүкіл мүлкін кепілге беру туралы шешім шығару;
Н) қолданылатын заңдарға сәйкес серіктестік мүлкіне қосымша жарналар енгізу туралы шешім шығару.
2. Серіктестіктің атқарушы органы Директор болып табылады, ол қатысушыға есеп береді және бұның шешімінің орындалуын ұйымдастырады. Директорды тағайындаған кезде оларды еңбек қатынасы еңбек заңына сәйкес келісім шарт негізінде реттеледі.
3. Қатысушының ерекше құзырына жататын мәселелерден басқа мәселелерге Директор құзыры жүреді және ол сонымен бірге:
- күнделікті және перспективалық жұмыстарды іске асырады;
- қатысушы шешімінің орындалуын ұйымдастырады және орындалуы туралы оған есеп береді;
- серіктестіктің мүлкіне, қаражатына қатысушыға берілген шек шеңберіндебилік жүргізеді;
- сенімхатсыз серіктестік атынан келісімдер (шарттар), міндеттемелер жасайды және орындалуын бақылайды;
- банктерде есеп және басқа шоттар ашады;
- серікткестіктің еңбек коллективі орындауға тиісті бұйрықтар және нұсқаулар береді;
- серіктестіктің қызметкерлерін қабылдау және жұмыстан босатуды жүзеге асырады;
- серіктестіктің өкілі болуға сенімхаттар береді;
- серіктестіктің жарғысы бойынша қатысушының құзырына жатқызылмаған басқа да өкілдік пен қатысушы берген өкілдіктерді жүзеге асырады.
4. Серіктестіктің Директорына тыйым салынады:
- қатысушының келісімісіз, серіктестіктен мүліктік пайда табу бағытында шарт (сыйға тарту, заем, тегін пайдалану, сатып алу-сату шарттарын және тағы басқаларын қоса) жасауға;
- серіктестіктен және серіктестікпен үшінші жақпен жасаған келісімдер арқылы үшінші жақпен делдалдық сый алуға;
- үшінші жақ атынан немесе мүдделері үшін олардың серіктестікпен арадағы қатынастарында қызмет жасауға;
- серіктестіктің қызметімен бәсекелесетін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға.
5. Серіктестіктің атқарушы органының қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды жүзеге асыру үшін 5 жыл мерзіміне 3 адамнан тексеру комиссиясы құрылады.
Серіктестіктің Директоры тексеру комиссиясының мүшесі бола алмайды.
6. Тексеру комиссиясы кез келген уақытта серіктестіктің атқарушы органының қаржы-шаруашылық қызметіне тексеру жүргізуге құқылы және осы мақсатта серіктестіктің барлық құжаттамасын ешқандай кедергісіз көру құқығына ие болады. Тексеру комиссиясының немесе тексерушінің талап етуі бойынша атқарушы органның мүшелері ауызша немесе жазбаша түрде қажетті түсіндірмелер беруге қажетті.
7. Тексеру комиссиясы қатысушы бекіткенге дейін серіктестіктің жылдық қаржылық есепке міндетті түрде тексеру жүргізеді. Қатысушының тексеру комиссиясының немесе аудитордың қорытындысы болмайынша жылдық қаржылық есепті бекітуге құқығы жоқ.
8. Серіктестіктің жылдық қаржылық есептің дұрыстығын, сондай-ақ оның істерінің ағымдағы жай-күйін тексеру және растау үшін серіктестікпен, оның директоры немесе қатысушымен арада мүліктік мүдделермен байланысы жоқ кәсіби аудиторды тартуға құқығы бар.
Серіктестіктің қатысушысы серіктестіктің жылдық қаржылық есебіне өз есебінен аудиторлық тексеру жүргізуге талап етуге құқылы.
9. Егер серіктестіктің атқарушы органы аудиторлық қаржылық есептерінің тексерілуін жүргізуден бас тартатын болса, бұндай тексеру сот шешімімен жүзеге асырылады.
10. Серіктестік Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес есептердің және есеп берудің дұрыс және тәртіпті жүргізілуі үшін жауапкер болады.
6. СЕРІКТЕСТІКТІҢ ТАЗА ТАБЫСЫ МЕН ШЫҒЫНДАРЫ
4.1. Серіктестіктің табысы бір жыл ішіндегі өз қызметінің нәтижелері бойынша қаржы есебі негізінде анықталады.
4.2. Серіктестіктің табысы еңбек ақыны төлегеннен және шыққан шығынның орнын толтырғаннан кейін қалған және шаруашылық іс-әрекеттің нәтижесінде түскен түсімнен тұрады. Серіктестіктің негізгі бағытының нәтижесі табыс түсіру болып табылады.
4.3. Серіктестіктің салық төлегеннен кейін, еңбек ақы және бюджетке басқа да төлем (таза пайда) төленгеннен қалған пайдасы серіктестіктің меншігі болып саналады және олар соңғы жұмыстары мен нығайтылуына бөлінеді.
4.4. Серіктестік өндірісінің дамуы және жалпы мүдделері үшін бөлінгеннен кейін қалған таза табыстың бөлігі серіктестіктің қатысушысының шешімімен бөлінеді.
4.5. Қатысушы серіктестіктің жарғылық капиталы толық төленгенге дейін табысты бөлуге құқығы жоқ.
4.6. Серіктестіктің шығындары сақтық капитал есебінен, ал егер капиталдың қаражаты жетіспесе серіктестіктің басқа да қаражаттары есебінен, ал ол мүлде жеткіліксіз болса серіктестіктің мүлкін сату есебі арқылы өтеледі.
4.7. Серіктестік жарғылық капиталдан 10 процент мөлшеріндегі сақтық капиталды құрады.
Сақтық капитал серіктестіктің жылма-жылғы түсірген таза табысынан 5 процент мөлшерінде ақша аудару арқылы іске асырылады.
Егер сақтық капиталдың қаражаты таусылса, оған ақша аудару жаңартылады.
7. СЕРІКТЕСТІКТІ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ
5.1. Серіктестікті қайта құру (қосу,біріктіру, бөлу, бөліп шығру, өзгерту) өз еркімен қатысушының шешімімен жүзеге асырылады.
5.2. Егер заң актіленрінде немесе қайта құру туралы шешімде өзгеше көзделмесе, қайта құрылған серіктестіктің мүлкі оны тіркеу кезінде оның құқықтық мұрагеріне ауысады.
5.3. Серіктестік оның қатысушысының шешімімен немесе сот шешімі бойынша:
1) банкрот болса;
2) серіктестікті құру кезінде жоюға болмайтын сипатта Қазақстан Республикасының заң бұзушылыққа жол беруіне байланысты оның тіркелуі жарамсыз деп танылса;
3) қызметті тиісті рұқсатсыз (лицнзиясыз) немесе заң актілерімен тиым салынған қызметті не заңдарды бірнеше рет немесе өрескел бұза отырып жүзеге асырған жағдайлар болса;
4) заң актілерінде көзделген басқа да жағдайларда таратылуы мүмкін.
5.4. Серіктестікті қайта құру және тарату заңда қарастырылған тәртібімен жүзеге асырылады.
5.5. Серіктестіктің таратылуы қатысушының немесе сот шешімімен тағайындалған тарату комиссиясымен жүргізіледі. Тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап серіктестіктің қызметін басқару өкілеттілігі беріледі.
8. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
6.1. Егер осы Жарғының ережелерінің біреуі жарамсыз болып қалса, бұл басқа ережелерге әсер етпеуі керек. Жарамсыз ереже заңды қатынаста жарамды, мағынасы ұқсас ережемен ауыстырылуы керек.
6.2. Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін Жарғыға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар серіктестікке қатысушының шешімімен енгізілуі мүмкін.
6.3. Серіктестіктің қызметіне қатысты және осы Жарғыда көзделмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданылатын заңдарымен рәсімделді.
3-ші және 4-ші тоқсан мәліметтерін салыстыра отырып, мынадай ауытқуларды байқауға болады.
1-ші, Есепті кезең ішіндегі қызметкерлердің орташа тізімдік саны 3 адамға артқан.
2-ші, еңбекақы төлеу шығыстары 649 000 мың теңгеге өсті.
3-ші, қызметкерлердің жалақы қоры 563 000 тен 1145 000
теңгеге өсті, яғни ауытқу 582 000 теңгені құрап отыр.
3-ші тоқсан. 1 қызметкердің жалақы қоры =
4-ші тоқсан. 1 қызметкердің жалақы қоры =
4-ші, әлеуметтік салық 87 000 нан 154 000 өсті, яғни 67 000 -ға тең.
5-ші, материалдық емес активтердің өтелімі және негізгі құрал-жабдықтың тозуы. 672 000 теңгеге өсті.
6-шы өзге де шығындар көбеюде, олар 53 147 000 теңгені құрады.
7-ші, кезең шығыстары - 55 702 000 теңге.
8-ші, егер 3-ші тоқсанда өзге де табыстар байқалса, 4-ші тоқсанда ол 1309 000 теңгені құрады.
9-шы, салық салынғанға деиінгі табыс - 54 393 мың теңгені құрады.
10-шы, дебиторлық берешек 383 6077 ауытқуға тең.
11-шы, тауарлы-материалдық қорлар 43 771 мың теңгеден 158 246 мыңға өсті, ауытқу 112 475 мыңға тең.
12-ші, жалпы активтер жиынтығы 4788837 мың теңге
13-ші, меншік капитал 97 000 теңгені құрайды.
14-ші, кәсіпорынға қаржы инвестицияларын жұмсау олардың өтегендерін шегергендегі қаржы міндеттемелерін қабылдау.
15-ші, міндеттемелердің - барлығы 4788 837 мың теңгеге тең.
16-шы, егер 3-ші тоқсанда жеткізушілер мен мердігерлерге міндеттемелер 701 008 мың құраса, 4-ші тоқсанда ол – 190 839 мың теңгені құрады.Яғни қарыз капитал өсуде көрсетеді.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТҰРҒЫН ҮЙ
ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ 2015-2018 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
Достарыңызбен бөлісу: |