Баяу инфекция — инфекциялық патологияның өзгеше бір түрі. Оның ерекшеліктеріне вирустың организмде ұзақ сақталуы, аурудың жасырын мерзімінің ұзақтығы және сылбыр өтуі, алғашқы кездердегі клиникалық белгілерінің анықсыздығы жатады және міндетті түрде өліммен аяқталады. Ауру қоздырғышының туріне сай баяу инфекция 2-ге бөлінеді.
Бірінші топқа ДНҚ және РНҚ-ды вирустар туғызатын 14 аурулар жатады. Олардың ішінде құтыру, СПИД, жасөспірімдердің склероздаушы панэнцефалиті, лимфоцитарлық хориоменингит т.б. бар.
Екінші топқа приондар туғызатын трансмиссивті кеуекті энцефалопатиялар жатады. Олардың ішінде ең көп зерттелгендері куру, скрепи, Крейтцфельда-Якоб аурулары. Қалғандарының қоздырғыштары әзір
1. Жасырын (инкубациялық) кезеңі өте ұзақ болады (айлар, жылдарға созылады).
2. Әр түрлі ағзаларда (әсіресе, ОЖЖ -де) және тіндерде бұзылыс-тар туғызу қабілетті-лігі болады.
3. Кесел тоқтаусыз үдемелі (прогрес-сивті) түрде өтеді.
4. Соңында өліммен аяқталады.
Вирустық баяу инфекциялар белгілері
Приондық аурулар адамдар мен жануарлардың нейродогенеративті аурулар тобына жатады. Ауру сирек кездеседі анда – санда болатын жұқпалы және тұқым қуалайтын түрде тіркеледі. Мұндай аурулар этиологиялық тұрғыдан жұқпалы ауызбен байланысты, ол трансляциялық сатыдан кейін иесінің қауіпті приондық ақуызының конформациялық өзгеріске ұшырауы нәтижесінде пайда болады. Приондар - белгілері бойынша вирустық баяу инфекцияларға ұқсас ауруларды қоздырады. Бұл аурулардың патогенетикалық және клиникалық ерекшеліктерін ескере отырып, оларды трансмиссивті губкатәріздес энцефалопатия ретінде қарастырады. Мұндай аурулар бұрыннан бері белгілі және адамдар популяциясында өте сирек кездеседі.