Жоспар Кіріспе «Құқық негіздері» оқу пәні ретінде Мемлекеттің түсінігі және белгілері Құқықтың түсінігі мен белгілері Мемлекет пен құқықтың пайда болуы. Құқықтың қайнар көздерінің түсінігі Нормативтік құқықтық актілер құқықтың қайнар көзі


Құқықтың қайнар көздерінің түсінігі



бет4/5
Дата09.01.2023
өлшемі29,12 Kb.
#60724
1   2   3   4   5
5.Құқықтың қайнар көздерінің түсінігі.
Құқықтың дереккөздері (қайнары) – жалпыға міндетті, заңдық маңыз берілген, мемлекеттен шығатын және мемлекет мойындаған ресми іс – құжатты нысанда көрінетін нормалардың жиынтығы. Құқықтың дереккөздері құқықтық нысан түрінде институтталған. Құқықтың 6 дереккөздерін бөліп көрсетуге болады: Құқықтық дәстүр: адамдардың үнемі қолдануының барысында әдетке айналған, сақталуы мемлекеттік мәжбүрлеумен қамтамасыз етілетін, мінез – құлық ережелерінің жиынтығы. Ғылыми құқықтық доктрина: доктрина деген сөз ілім, ғылыми философиялық не құқықтық теория, құқықтық білімдер жүйесі деген мағына береді. Мысалы, діни доктринаға сүйеніп біршама қоғамдық қатынастар құқықтық сипатқа ие болады. Соттық құқықтық үлгі: төменгі деңгейдегі немесе сол дәрежедегі басқа соттарға осыған ұқсас істерді қарағанда өнеге болатын соттың белгілі бір іс бойынша қабылдаған шешімі. Нормативтік құқықтық актілер: референдумда қабылданған не уәкілетті орган немесе мемлекеттің лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат. Нормативтік құқықтық актілер негізгі және туынды актілер болып бөлінеді. Нормативтік құқықтық актілердің негізгі түрлері: Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар ҚР Президентінің Конституциялық заң күші бар Жарлықтары ҚР Парламенті мен оның палаталарының нормативтік қаулылары ҚР Конституциялық Кеңесінің, Жоғарғы сотының, Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары. Орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары Нормативтік құқықтық актілердің туынды түрлері: Регламент – қандай да бір мемлекеттік орган мен оның құрылымдық бөлімшелері қызметінің ішкі тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық акт. Ереже – қандай да бір мемлекеттік органның немесе оның құрылымдық бөлімшесінің мәртебесі мен өкілеттігін белгілейтін нормативтік құқықтық акт. Қағида – қандай да бір қызмет түрін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін белгілейтін нормативтік құқықтық акт. Нұсқаулық – заңдардың қоғамдық қатынастардың қандай да бір саласында қолданылуын егжей – тегжейлі көрсететін нормативтік құқықтық акт. Нормативтік құқықтық актілер ішінде заңдық күші жағынан ең жоғарғы тұрған – ҚР – ның Конституциясы. Нормативтік құқықтық актілердің бірі – Кодекс. Кодекс – біртектес қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар біріктіріліп, жүйеге келтірілген заң. ҚР – ның кодекстері: Бюджеттік, Азаматтық, Азаматтық іс жүргізу, Неке – отбасы, Экологиялық, Су, Жер, Орман, Салық, Кеден, Көлік, Еңбек, Қылмыстық жазаларды орындауға байланысты, Әкімшілік жауапкершілікке тартуға байланысты, Қылмыстық жауапкершілікке тартуға байланысты, Қылмыстық іс жүргізу. Нормативтік құқықтық актілердің бірі – заңдар. Заңдар – белгіленген тәртіппен қабылданған нормативтік құқықтық актілердің жиынтығы. 9.Құқықтың жүйесі. Құқық жүйесі – қолданыстағы құқықтық нормалардың тұтастығы мен үйлестігі түрінде және олардың нормалар, салалар мен институттарға логикаға сәйкес орналасқандығынан көрінетін құқықтың ішкі құрылымы. Құқық жүйесі негізгі 3 бөлшектен тұрады: Құқық салаларынан: конституциялық, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық, экологоиялық, іс жүргізу. Құқық институттарынан: сайлау институты, меншік институты, қылмыстық жауапкершілік пен жазадан босату институты Құқық нормаларынан: диспозиция, гипотеза, санкция Құқық салалары – өзінің сипаты жағынан бірдей болып табылатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың барынша іріленген жиынтығы. Конституциялық құқық саласы – құқықтық реттеудің әдісі – императивтік әдіс басым түрде қолданылады. Азаматтық құқық саласы – мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтық қатынастарды реттейді. Әкімшілік құқық саласы – мемлекет органдарының атқару – орындау қызметінің барысында туындайтын құқықтық басқару қатынастарын реттейді. Қылмыстық құқық саласы – қылмыстық қол сұғулардан қорғаудан туындаған құқықтық қатынастарды реттейді. Неке – отбасы құқығы саласы – отбасын құру негізінде туындаған және отбасы мүшелері арасындағы қатынастарды құқықтық жолмен реттейді. Еңбек құқығы саласы – еңбек аясы мен еңбек ету барысында туындайтын құқықтық қатынастарды реттейді. Құқық институттары – құқықтың белгілі бір саласының шеңберіндегі нормалардың жиынтығы. Құқық нормасы – нормативтік құқықтық актіде тұжырымдалған, көп мәрте қолдануға арналған және нормативтік реттелген ахуал шеңберінде барлық тұлғаларға қолданылатын жалпыға міндетті мінез – құлық ережесі. Құқық нормалары талаптарының сипатына қарай заңға сәйкес мінез – құлық тыйым салынған, міндеттейтін, құқық беретін болып 3-ке бөлінеді. 10.Құқық нормалары. Құқықтық норма – құқықтың бір ғана ереже, қағидасы. Мемлекет таныған және оны өзі қамтамасыз ететін, қоғамдық қатынастарға араласып түсушілердің құқықтары мен міндеттерін туындататын, олардың әрекеттерін үлгі, эталон, масштаб, өлшем есебінде реттей алатын жалпыға бірдей міндетті ереже, норма. Әрбір құқықтық норманың 3 элементі болады: Диспозиция – мінез құлық ережесі Гипотеза – жорамал Санкция – жаза, шара Құқықтық норманың гипотезасы – құқықтық норманы қолдану немесе қолданбау үшін қажетті мән – жайлардың бар екенін көрсететін құқықтық норманың бөлігі. Құқықтық норманың диспозициясы – құқықтық қатынастарға қатысушылардың мінез – құлқы қандай болуы керек екенін анықтайтын құқықтық норманың бөлігі. Диспозиция 3 түрлі болады: Қарапайым диспозиция, егер мінез – құлықтың мазмұны ашылмаса Сипаттамалы диспозиция, мінез – құлықтың барлық мәнді белгілері анықталса Сілтемелі диспозиция, егер құқықтық норма диспозициясы анықталған басқа құқықтық нормаға сілтеп нұсқаса Құқықтың норманың санкциясы – құқықтық норманың диспозициясы бұзылған жағдайда қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлігі. Санкцияның түрлері: Абсолютті – анық Баламалы Салыстырмалы Заң нормаларын жіктеуде оларды реттеуші және қорғаушы деп бөлу жіктеудің ең бастысы болып табылады. Реттеу нормалары – міндеттеу, тыйым салу, құқықты белгілеу нормаларына бөлінеді. Міндеттеу мен тыйым салу нормалары әдеттегі қағида бойынша өктемдік болып келеді. Белгілеу нормалары жиі түрде диспозитивтік санаттағы нормаға жатады. Факультативтік нормалар – белгілі бір жағдайларда мінез, іс – әрекетінің басты нұсқасынан ауытқуға мүмкіндік жасайды. Ұсыныстық нормалар – бірнеше түрлі мінез, жүріс – тұрыс нұсқасынан біреуі ғана артықтау немесе тәуірлеу деп кеңес береді. Анықтамалық – пайымдық /дефинитивтік/ нормалар – мемлекеттік құқықтық институттардың белгі – нышандары мен анықтамалары келтіріледі. Қағидаттық нормалар – принципті білдіреді Коллизиялық нормалар – нормалардағы қайшылықтарды шешуге мүмкіндік беретін нормалар. Нормалардың негізгі және туынды, тұрақты және уақытша деген түрлері болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет