7.Нормативтік құқықтық актілер құқықтың қайнар көзі ретінде. Нормативтік құқықтық актілер – референдумда қабылданған не уәкілетті орган немесе мемлекеттің лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат. Нормативтік құқықтық актілер негізгі және туынды актілер болып бөлінеді. Нормативтік құқықтық актілердің негізгі түрлері: Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар ҚР Президентінің Конституциялық заң күші бар Жарлықтары ҚР Парламенті мен оның палаталарының нормативтік қаулылары ҚР Үкіметтінің нормативтік қаулылары ҚР Конституциялық Кеңесінің, Жоғарғы сотының, Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары. Орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары Нормативтік құқықтық актілердің туынды түрлері: Регламент – қандай да бір мемлекеттік орган мен оның құрылымдық бөлімшелері қызметінің ішкі тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық акт. Ереже – қандай да бір мемлекеттік органның немесе оның құрылымдық бөлімшесінің мәртебесі мен өкілеттігін белгілейтін нормативтік құқықтық акт. Қағида – қандай да бір қызмет түрін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін белгілейтін нормативтік құқықтық акт. Нұсқаулық – заңдардың қоғамдық қатынастардың қандай да бір саласында қолданылуын егжей – тегжейлі көрсететін нормативтік құқықтық акт. Нормативтік құқықтық актілер ішінде заңдық күші жағынан ең жоғарғы тұрған – ҚР – ның Конституциясы. Нормативтік құқықтық актілердің бірі – Кодекс. Кодекс – біртектес қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар біріктіріліп, жүйеге келтірілген заң. ҚР – ның кодекстері: Бюджеттік, Азаматтық, Азаматтық іс жүргізу, Неке – отбасы, Экологиялық, Су, Жер, Орман, Салық, Кеден, Көлік, Еңбек, Қылмыстық жазаларды орындауға байланысты, Әкімшілік жауапкершілікке тартуға байланысты, Қылмыстық жауапкершілікке тартуға байланысты, Қылмыстық іс жүргізу. Нормативтік құқықтық актілердің бірі – заңдар. Заңдар – белгіленген тәртіппен қабылданған, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жиынтығы. Заңдық күші бар заңдар: Конституциялық заңдар, органикалық заңдар және қатардағы заңдар. 12. Құқықтық жүйе. 13.Құқықтық мемлекеттің белгілері. Құқықтық мемлекет – жеке тұлға мен қоғамның құқықтары мен бостандықтарының құқықтық қорғалуын өзінің негізгі мақсаты етіп қойған мемлекет. Бұл мемлекеттің белгілері: Құқықтың басымдылығы Адам мен азаматтың құқықтық қорғалуы Мемлекеттік биліктің бөлінуі Заң үстемдігі Құқық пен заңның тұтастығы Мемлекет пен жеке тұлғаның өзара жауаптылығы Азаматтық қоғамның орнауы Қоғамның құқықтық мәдениетінің жоғары болып, оның құқықтық санасы деңгейінің өсуі Соттардың тәуелсіздігі Антимонополиялық құрылымдардың тұрақты түрде қызмет етуі Құқықтық мемлекеттің мақсаты: адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарын ең толық түрде қамтамасыз етудің тиісті жағдайларын жасау, сондай – ақ билікті асыра пайдалануға, оның диктатураға, деспотияға айналып кетуіне жол бермеу үшін мемлекеттік билікті құқық арқылы шектеп отыру, зорлық – зомбылықтарға, диктатура мен қанаудың орнауына жол бермеу. 14. Құқықтық жауапкершілік. Құқықтық жауапкершілік – құқыққа қарсы жасаған әрекеті үшін құқық бұзушыға қолданылатын, белгілі бір мүліктік және жеке сипаттағы зиян шектіретін мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Құқықтық жауапкершіліктің түрлері: қылмыстық құқықтық жауапкершілік, әкімшілік құқықтық, тәртіптік, материалды, азаматтық құқықтық, іс жүргізушілік құқықтық. Заңдық жауапкершіліктің негізгі мақсаты: субьектілердің құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау әрі қорғау. Құқықтық жауапкершіліктің қағидаттары – осы институттың іргетасын құрайтын ең басты негіздері, идеялары, тезистері. Құқықтық жауапкершіліктің қағидаттары: Әділеттілік Заңдылық Дәлелділік Жазадан құтылмайтындық Мақсатқа лайықтылық Заң алдындағы жауаптылық тек құқық бұзушылық орын алған жағдайда ғана туындайды. Мемлекеттің құқық бұзушыны жауапқа тартуға қақысы бар, ал құқық бұзушы мемлекеттің мәжбүрлеу шарасын мойындауы тиіс. 15. Қазақстан Республикасының Конституциясына жалпы сипаттама. Нормативтік құқықтық актілер ішінде заңдық күші жағынан ең жоғары тұрғаны – ҚР-ның Конституциясы. Заң ғылымында Конституция – мемлекет пен адамның, азаматтың өзара қарым – қатынасын, мемлекеттік органдар жүйесінің ұйымдастырылуы мен іс – әрекетін, қоғамдық құрылыс пен мемлекеттік құрылымды бекітетін, жоғарғы заңдық күші бар нормативті акт, Негізгі заң. Оның жоғары заңдық күшi бар және елiмiздегi барлық iс-қимыл мен қалыптасушы жүйелердiң нормативтi базасы болып табылады. Республиканың бүкiл аумағына тiкелей қолданылады. Бейнелей айтсақ, бұл Конституция - мемлекетке қоғамның құқықтық сенiмi және халықтың берген төлқұжаты деуге болады. Қазақстан Республикасының Конституциясы республикалық құрылыстың негiзiн, мемлекеттiк билiк жүйесiн және Қазақстан мемлекетi мен азаматының қатынасын белгiлейдi. Адам және оның өмiрiн, құқықтары мен бостандықтарын Конституция мемлекеттiң ең қымбат қазынасы деп танып, мемлекеттiң сол үшiн қызмет етуi тиiстiгiн атап көрсетедi. Конституция - Қазақстан Республикасының Ата Заңы. “Конституция” деген сөздiң латыннан аудармасы “құрылғы”, “жарғы”, “заң” деген мағыналарды бiлдiредi. Конституцияның басқа құқықтық нормативтiк кесiмдерден мынадай ерекшелiктерi бар екенiн айта кету керек: - қоғамдық қатынастардың негiзiн қалайды; - құқықтың негiзгi бастауы болып табылады; - ең жоғарғы заңдылық күшi бар; - оның ерекше тәртiппен қабылдануы; - тұрақтылығы. Конституцияның негізгі міндетттері: Конституцияның заңдық қызметі құқықтың басқа салаларының негізі, құқықтың басты деректік қайнар көзі болып табылатындығынан, нормалардың ең жоғарғы заңдық күші барлығынан көрінеді. Конституцияның саяси қызметі қоғамның саяси жүйесі әрекетінің тәртібін реттеуінде. Конституцияның идеологиялық әралуандылықты мойындай және бекіте отырып, идеологиялық ықпал жасаудың құралы болуы, оның идеологиялық қызметі. Конституцияның мемлекеттегі меншіктің нысанын, әрекет етуінің тәртібін реттеуі экономикалық қызметіне жатады. Конституцияның заңдық қасиеттері: Конституцияның үстемдігі: жоғарғы заңдық күші. Конституцияның құрылтайлық сипаты: мемлекеттік құрылыс пен мемлекеттік биліктің іске асырылуының негізін құрайды, бекітеді. Конституцияның тура, тіке әрекеті: нормалары заң шығару, атқару және сот билігі үшін міндетті болып есептелінеді. Конституцияны өзгертудің және қабылдаудың ерекше тәртібі бар: Конституцияны қабылдау немесе оған толықтырулар мен өзгерістер енгізу, тек Конституцияда бекітілген ерекше жолмен жүзеге асырылады. Конституция ерекше құқықтық қорғауға жатады: Конституциялық заңдылықтың сақталу тәртібін қамтамасыз ететін заңды құралдардың жиынтығы. ҚР Конституциясының қалыптасу кезеңдері: І-кезең: Өзінің бастауын ҚКСР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 1990 жылғы 24 сәуір заңынан алады. Конституциялық сипаттағы ең алғашқы акт 1990 жылы 25 қазанда қабылданған ҚазКСР-ның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. ІІ-кезең: 1991 жылғы 10 желтоқсанда қабылданған «ҚазКСР атын өзгерту туралы» заңын қабылдаудан басталады. 1991 жылы 16 желтоқсанда «ҚР-ның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданды. ІІІ-кезең: 1993 жылғы 28 қаңтарда Жоғарғы Кеңес қабылдаған егемен Қазақстанның тұңғыш Конституциясынан басталады. Конституция мемлекеттік билік тармақтарының өзара қарым – қатынасында тежемелік және тепе – теңдік жүйесін пайдаланудың және Конституция нормаларының тура әрекеті ережелерін бекітті. ІV-кезең: Республиканың 1995 жылғы екінші Конституциясының қабылдануымен байланысты. Бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданды. V-кезең: 1998 жылы 7 қазанда Парламент Конституцияға 19 және «ҚР-дағы сайлау туралы» Жарлығына түзетулер енгізді. VІ-кезең: 21 мамыр 2007 жылы Парламент қабылдаған №254-ІІІ Конституциялық заң бойынша еліміздің Конституциясына 54 өзгерістер мен толықтырулар енгізуден басталады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 1. Абдраимов Б.Ж. Административная юстиция: соотношение моделей и выбор цели. // Юрист. – 2003. — №12.
2. История государства и права зарубежных стран. / Под общ. ред. проф. О.А. Жидкова и Н.А. Крашенинниковой: В 2-х ч. – 2-е изд., стереотип. – М.: НОРМА, 2005. Ч. 2. — с. 530-531.
3. Ориу М. Основы публичного права. — М.: Изд-во Коммунистической академии, 1929. — с. 545.
4. Боннер А.Т. Буржуазная административная юстиция. // Правоведение. – 1969. — №1. — с. 99-100.
5 .Графский В.Г. Всеобщая история государства и права. – М.: НОРМА, 2004. — с. 690. 6.