Байланысты: Солақай жазатын балалардың даму ерекшелігі (1)
1.2. Солақай балалардың психологиясы. Психологтар мен мұғалімдер солақай балаларды мектепте оқыту мәселесіне аса назар аударғаны дұрыс болар еді. Баланың солқолдығына емес, оның жалпы солақайлығына көңіл бөлген дұрыс. Себебі, баланың оқу қабілетіне, ынтасына ол да әсер етеді. Солақай балалар мектеп қабырғасында жазу, оқу, есептеу үйрену кезінде көптеген қиындыққа тап болады. Олардың айналадағы кеңістікке деген көзқарасы өзгеше. Сондықтан көру, түсіну, қабылдау, ойда сақтау, салыстыру қабілеттері қиындаққа тіреледі.
.Күрделі жазылатын әріптерді ойда сақтамауы баяу оқуға әкеледі.
Ұқсас әріптерді , цифрларды ажырата алмауы, артық элементтерді жазуға немесе толық жазбауға соқтырады.
Әріптерді қалыпты түрде жаза алмауы немесе кез келген жаққа қисайтып жазуы;
Жазу жылдамдығы өте төмен , баяу болады, бұл кезде мұғалім тез жазуға үйрету үшін оларды асықтырады. Бала жазуға үлгермеген соң ойы бөлініп, ұзақ үзіліс жасайды. Көп қате кетіріп, оқу қабілеті төмендейді.
Солақай балалардың даму ерекшелігін анықтау үшін баланың барлық болмысын зерттеп тексеру қажет. Қазіргі таңда жаңа психология тарабында «ПЛА» жеке терминді қолданады. П – оң жақ функция басымдылығы, Л – сол жақ функция, А – осы екі функциялардың теңдігі. ПЛА солақайлықты анықтау үшін үш топтап тұратын арнайы методика шығарған. Осы топтардан 27 жеке профилі анықталып белгіленген. Мектептегі қиындықты байқай келе ата-аналар, мұғалімдер баланы оң қолмен жазуға мәжбүр етеді. Бірақ бұлай жасау дұрыс емес. Бұның барлығы орталық жүйке тамырлар жүйесімен байланысты. Бұның соңы баланың сөйлеуіне, оқуына әсер етеді. Соның салдарына тұтықпа пайда болады. Жиі-жиі басы ауырып, әлсіздік, мазасыздық , қорқыныш пайда болады, жүйке жүйесіне (еріксіз көзі, аузы, бетінің қимылдауына), зәрін ұстай алмауына әкеп соғады. Сондықтан баланың бойындағы табиғи бітімді өзгерту дұрыс емес. Ол әрқашан кері әсер береді.
Психологтар солақай жандардың шығармашылық жұмысқа да аса қабілетті болатындығын айтады. Әсіресе, дизайн, киноматография, архитектура, музыка, спорт, сурет салу, ғарышкерлік, жүргізушілік, жазушылық салаларында оларға теңдесетіні жоқ. Солақайлар арасында ұлы ғалымдар мен экстрасенстер де көп кездескен. Төменде тілге алынған әлемге танымал солақай жандар солақайлардың ақылды да қабілетті болатындығын дәлелдемек: