Жоспар: Кіріспе I.Қазақ фольклорының тарихы және оның зерттелуі II



бет2/2
Дата19.09.2023
өлшемі36,45 Kb.
#108771
1   2
Қортынды
Фольклордың халықтығы. Кез келген фолъклор үлгілері — нақты бір халықтың ортақ рухани-мәдени мұрасы. Олар сол халықтың көркем ойлау ерекшеліктерін — эстетикалык және тарихи талап-талғамдарын аңғартады. Авторсыздығы (анонимдігі). Фольклор үлгілері бүтін бір этникалық топ, ел, халық өндеуінен өткен ұжымдық шығармалар болып саналады. Көпнұсқалығы (варианттылығы), яғни ел арасында кең тараған бір шығарманың бірнеше нұсқаларының қатар өмір сүруі. Дәстүрлілігі. Фольклор шығармаларының өмір сүретін ортасы — дәстүр. Музыкалық дәстүр жоқ жерде фольклор үлгілері де болмақ емес. Ауызекілігі. Фольклор өте ерте замандарда туып, жазба мәдениеттен көп бұрын қалыптасқан мәдени құбылыс. Олар ауыздан-ауызға, атадан-балаға, ұрпақтан-ұрпақка беріліп отырған. Осы ерекшелігіне орай ол заманның адамдарының есте сақтау қабілеті айрықша дамыған.
Фольклор шығармалары бірде прозалық, бірде поэзиялық жанр ретінде қалыптасқан. Олардың өздеріне ғана тән көркемдік ерекшеліктері болады. Олар
мотив, сюжеттік деңгейде айқындалады. Фольклор туындыларың қатарында синкреттік сипаты басым,міндетті түрде музыкалық әуен-мақаммен айтылатын жанрлар да бар. Олардың табиғаты осы тұтастықта ғана қарастырылуы шарт.
Тарихилығы. Музыкалык фольклор үлгілерінің көркемдік-поэтикалық ерекшеліктерімен қатар тарихилығы да айкын. Ол екі түрлі деңгейде:
а) көркем шығармалардың (ән-күй) музыкалық тілінің қалыптасу кезеңдеріне,
ә) тарихи тақырыптарға құрылған шығармалар ретінде көрінуі мүмкін. Фольклордың бұл ерекшеліктері ғылымдағы тарихилық принципі негізінде танылады.
Этникалык сипаты. Орыс былиналарын зерттеген В.Я.Пропп оның негізгі белгісі ретінде ру атауларының кездеспеуін көрсеткен екен. Бұл қазақ
эпосы үшін қонымсыз пікір. Қазақ фольклорында этнонимдік атаулар кездесетін шығармалар аз емес.Осы туындылардың музыкалық мақамын зерттей отырып, әрбір аймаққа, этникалық топтарға тән үн-интонация, ырғақ-өлшем және мақамдық жүйелерді анықтауға болады. Оның бергі жағында, этникалық мәліметтерді эпикалық жанрлардың әдеби-поэзиялық мәтіндерінен де көптеп кездестіреміз. Қазақ фольклорының этникалық арқауын зерттеу ісі енді ғана қолға алына бастады.
Өз кезегіңде музыкалық фолъклор үлгілерін де этникалық дереккөз ретінде тануға болады. Әрбір фольклор шығармасына тән ладтық (мақамдық) және интонациялық жүйе оның қай дәуірге тән екендігін анықтайды. Мысалы, кезінде А.Затаевич арғын, қыпшақ, қожа, т.б. рулардың ән-әуендерін де нотаға түсірген. Демек, антикалық дәуір ладтары секілді, ертеде әрбір тайпаның өзіне тән музыкалық үн-әуені болған. Бізге жеткен фольклор шығармалары арқылы олардың түп-тегін анықғауға болады.
Музыкалық фольклор — қатынас, байланыс құралы. Мұны халық ән-күйлеріне бірдей айтуға болады. Күй жанрының жіктеліп шығуын да осы музыкалық коммуникация жүйесінен іздеген ләзім. Олардың барлығы өз заманының тарихи оқиғаларын музыкалық-хабарламалық негізде жеткізіп отырған.
Танымдық негізде біз қазақ музыкалық фольклорының мынадай екі белгісін көрсетеміз:
1. Эстетикалық сипаты немесе шығармалардың көркемдік-композициялық ерекшеліктері.
2. Этнографиялық сипаты, яғни тарихи-этникалық табиғаты. Осы екі арна қосылғанда ғана фольклор туындыларының синкреттік сипаты толық
айкындалмак. Осыған орай белгілі фольклортанушы-ғалым А.Н.Веселовский фольклордың синкреттік табиғатын былайша көрсеткен еді: песня — сказ ~ действо — пляска. Бірақ бұл тұста фольклордың эстетикалық сипаты ғана ескеріліп, өзге белгілері назардан тыс қалған.
Фольклор — кең ауқымды ұғым. Ол миф, аңыз, әпсана, эпос, музыка, би, сурет, сәулет, археология, т.б. салаларды қамтиды. Осы сипатына орай фольклорды мусикалық және пластикалық деп тағы бөлеміз. Мұның біріне уақыт пен кеңістік шеңберінде ғана өмір сүретін(орындалатын) ән-әуен, би үлгілері жатса, екіншісін заттық-материалдық (археологиялық) мәліметтер кұрайды.
Қазақ халқының музыкалық фольклоры ғылымда әр түрлі аталып келеді. Бірде халық шығармашылығы, бірде халық поэзиясы, бірде халық музыкасы, т.б. болып жүр. Бірак, жеке алғанда, олардың бірде-бірі фольклор үғымын, оның синкреттік сипатын толық қамти алмайды. Фольклор — көпсалалы синкреттік құбылыс.
Оның келесі бір ерекшелігі — типологиялық сипатында. Әр түрлІ халықтар мәдениетіндегі ұқсас, сабақтас салалар табиғаты осы типологиялық теория аясында ғана танылады. Оның бірнеше белгілері бар:
1.Тақырыптық-мазмұңдық деңгейдегі ұқсастықтар (мотив, сюжет, т.б.).
2. Ұқсас фольклор үлгілерін тудыратын тарихи-әлеуметтік жағдай.
3. Миградиялық ұқсастықтар.
4. Генетикалық сабақтастық.
Типологиялык тәсілді ұтымды қолданған ғалымдардың бірі -В.М.Жирмунский. Бүгінгі фольклортану ғылымында оның көріністері аз емес. Сонымен, ғылымда халық мұрасын — фольклор, оны зерттейтін ғылымды фольклортану деп атаймыз. Ал музыкалық фольклор жалпы фольклортану курсынан тармақталатын, көбіне оның эстетикалық және этникалық табиғатынан туындайтын жеке бір сала.


Пайдаланған әдебиет

  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

  2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:Экология және табиғат қорғау/ Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдаламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5

  3. www,Wikimedia Foundation.com


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет