Жоспар Кіріспе Негізгі бөлім Бұлшықет тіндерінің классификациясы және жалпы морфофункционалдық сипаттамасы



бет3/8
Дата28.03.2023
өлшемі343,33 Kb.
#76968
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
7 сроп физио

Актин миофиламенттері – көлденең орналасқан. Үшөлшемді тор түзеді. Олардың цитолеммаға байланысуы – электронды тығыз денешік секілді көрінеді. Олар L- ақуызынан тұрады. Тығыз денешіктерде винкулин болады. Әрбір миоцит базальді мембранамен қоршалған. Оларда өсінділер болады. Яғни, миоциттер - нексустар арқылы бір-бірімен байланысады. Базальді мембранада көпсанды ретикулярлы фибриллалар бар. Миоциттер митоз жолымен көбею арқылы немесе физиологиялық гипертрофия арқылы қалпына келеді. Дәнекер ұлпасының қабатында қан тамырлары мен жүйкелік аяқтамалар орналасқан. Жүйкелік импульстің әсерінен цитоплазманың поляризациясы жүреді. Кавеоладан Са ионы бөлініп шығады. Са ионының концентрациясы жоғарылағанда актин мен миозин жіпшелерінің жиырылуына әкеледі. Актин және миозин жіпшелері бір-біріне тартыла бастайды. Актин жіпшелері цитолеммаға бекініп, жасуша көлемі қысқарып, кішірейеді.

Тегіс салалы бұлшықет тінінің регенерациясы

\

Эпидермалық тегіс бұлшықет тіні.

Құрылымдық қызметтік бірлігі – миоэпителиоциттер. Олар терілік эктодермадан бастау алады. Көп өсінділі жасушалар. Бұлар базальді мембранаға бекінеді. Пішіні жұлдызша тәрізді. Ядро мен органеллалары жасуша орталығында орналасады. Регенерациясы аз маманданған жасуша түрінен қалыптасады. Миоэпителоциттер экзокринді бездердің секреторлық бөлігін сыртынан себет тәрізді қоршап, механикалық қызмет атқарады. Тер, сүт, сілекей және жас бездерінде орналасқан. Құрамында жиырылғыш элементтері болады.

Нейральдық тегіс бұлшықет тіні.

Бұл тіннің миоциттері – нейральді өсінділерден дамиды. Көз бокалында орналасқан. Миоцитер құрамына жырылғыш апараттар кіреді. Олар көздің 2 түрлі бұлшықеттері құрамына кіреді.


Қаңқалық бұлшықет тіні
Жүрек бұлшықет тіні.
Көлденең жолақты бұлшықет тіні.

Қаңқалық бұлшықет тіні

Гистогенезі. Көлденең жолақты бұлшықет тінінің шығу көзі миотомның жасушалары – миобласттар. Дифференциялану кезінде екі түрі жасушалық топтар қалыптасады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет