3 Сандық ақпаратты алу және қолдану сұлбасы
Өлшеу өзара қатынасатын тұтас оның құрылымдық элементтер қатарын құрайтын күрделі процес болып табылады:
Өлшеу объектісі – бұл қасиеті бір немесе бірнеше өлшенетін физикалық шамалармен сипатталатын шынайы физикалық объект.
Өлшеу субъектісі – өлшеуді жүзеге асыратын адам.
Өлшеу объектісінің математикалық моделі – бұл өлшеу объектісінің қызықтыратын субъектілерді сәйкес сипаттайтын, математикалық символдар (бейнелер) және олардың арасындағы қарым-қатынастар жиынтығы.
Өлшенетін шама – бұл өлшеу мақсатымен сәйкес анықталу керек физикалық шама.
Өлшеулер принципі – өлшеулер негізделген физикалақ принциптер жинағы.
Өлшеу тәсілі – бұл іске асқан принциптерге сәйкес өлшенетін физикалық шаманың оның бірлігімен салыстыру тәсілі немесе тәсілдер жинағы.
Қоршаған орта құбылыстары мен объекттердің бір өлшемді және көп өлшемді қасиеттері тану заттары (1.3.1-сурет) болып табылады. Дәл сандық зерттеулермен жаратылыстану ғылымдары айналысады. Өз алдында тәжірибелер техникалық құралды қолдану не қолданбау арқылы орындалуы мүмкін.
1.3.1-сурет – Сандық ақпаратты алу және қолдану сұлбасы
Қоршаған орта құбылыстары мен объекттердің қасиеттері туралы қандай да бір жолымен алынған сандық ақпарат ақпараттық-өлшемдік жүйелерде немесе басқа ақпаратты тіркейтін және көрсететін құрылғыларда өңделеді, беріледі және ұсынылады. Ол ақпаратты қолдану танымдық қызметтің соңғы мақсаты болып табылады.
Қоршаған орта құбылыстары мен объекттердің қасиеттерінің сандық сипаттамасы туралы ақпаратты сынақ (яғни тәжірибелік) жолымен алу өлшеу деп аталады.
Теориялық жолмен алынатын сандық ақпаратқа қарағанда, яғни есептеулер мен санаулар арқылы, мұндай ақпарат өлшенетін деп аталады. 1.3.1-суретте өлшенетін ақпаратты алуға жататын элементтер айқындалған.
Қорытынды
Өлшеулер кезінде табиғаттың кейбір объективті заңдары білінеді. Сонымен қатар, өлшенетін ақпаратты алу кезінде заңды жолмен орнатылған белгілі бір нормалар мен ережелер сақталуы тиіс.
Оның барлығы өлшеулер туралы ғылым – метрологияны құрайды. Бұл ғылымның бастапқы негізін қалаушы отандық метрологияда Д. И. Менделеев өз сөздерінде: «ғылым өлшегеннен басталады; дәл ғылым өлшемсіз мүмкін емес». Оған басқа да маңызды ескертуі бар: «Табиғатта өлшеммен салмақ басты қару».
Достарыңызбен бөлісу: |