Жоспар Кіріспе Негізгі бөлім



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата02.12.2023
өлшемі1,53 Mb.
#131527
1   2   3   4   5   6   7   8
Orthomyxoviridae
тұқымдасына тұмау аруының 
вирустары жатады. Вирустары тыныс жолдарының 
кілгейлі қабығында өсіп-жетіледі. Олардың пішіні 
сфера, сопақша, спиральді симметриялы, вирион 
мөлшері 50-150 нм болатын вирус. Бұл вирустар 
өзгеріп отыратын сол себепті тұмаумен күресу 
қыйын.
Rhabdoviridae
тұқымдасының 
вирустарының пішіні оқ тәрізді , үлкендігі 130-180 
нм болатын вирустар. Бұл омыртқалы және 
омыртқасыз, өсімдік вирустарының үлкен тобы. 
Екі туыстығ бар: Vesiculovirus, Lissavirus.
Bunyaviridae
үлкен тұқымдастық оған 250 түрлі 
вирус жатады. Пішіндері сфера, спиральді 
симметриялы, вирион мөлшері 90-100 нм күрделі 
вирустар. Вирус геномы сақиналы үзілмелі.
Bunyavirus туысына 150-ге жуық вирус бар; 
Phlebovirus туысына шіркей безгек ауруының 
вирусы; Nairovirus Қырымда пайда болған безгек, 
Найроби ауруының вирусы; Uukuvirus туысына 
Укуниеми вирусы жатады.


Arenaviridae
тұқымдасына жататын вирустардың ішкі 
жағында құм тәрізді түйіршіктер бар. Вириондардың 
пішіні әр түрлі, вирион мөлшері 50-60 нм. Белгілі бір 
аумақта ғана тарайтын аса қауіпті жұқпалы аурулар 
таралады. Оған хориоменингит вирусы, безгек 
ауруының, Ласса, Парана, Пичинде вирустары жатады.
Retroviridae
тұқымдасына жататын вирустар сфера 
пішінді, спираль тәрізді симметрия, үлкендігі 80-100 нм. 
Вирустардың көбеюі генетикалық хабар РНҚ-тан ДНҚ-
ға қарай жүреді.
Reoviridae
тұқымдастығына вирион мөлшері 70 нм, 
спиральді симметриялы. Реовирустар геномының 
ерекшелігі РНҚ-лы екі жіптен және 10-12 бөліктен, 
геномы теріс жіпті РНҚ-нан тұрады.
Реовирусттардың туыстастығы: Reovirus туысына 
адам, маймыл, ит, құыс реовирустар жатады;
Orbivirus туысына омыртқалылар вирустары 
жатады; Rotavirus туысына жаңа туған бала мен 
мал диарея вирустары жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет