Жұмыр басты пенде, ең алдымен өзін-өзісыйлай білуі қажет. Егерде өзіңді-өзің құрметтеп, бағалай білмесең өзгеден сый құрмет көремін деу бекершілік. Қазақ қашанда философ халық қой. «Өз-өзіңді жаттай сыйла, жат жаныңнан түңілсін» деген мақалдың астарынан ақ көп нәрсе аңғаруға болады. Этика - мораль туралы ілім, яғни адамгершілікті, ізеттілікті, кішіпейілділікті,әдептілікті оқытады. Ал мораль дегеніміз қоғамдық сананың бір түрі немесе бір көрінісі. Адамдардың арасында ежелден қалыптасқан жақсы мінез-құлқы мен инабатты, инабатты, адамгершілікке толы қарым-қатынастарды реттейтін принциптер мен жиынтық ережелерін мораль дейміз. Адам-адамға дос, жолдас, бауыр деген ұлағатты сөз этиканың ең негізгі қағидаларының бірі. Медициналық этика - медициналық қызметкерлердің жұмысындағы гуманизм көрінісі, дентологияның теориялық негізі болып саналады.