Азаматтық құқық қатынас түрлері.
Қатынастардың негізі
материалды игіліктердің болуы және болмауына бацланысты
қалыптасатындықтан азаматтық құқықтық қатынастардың түрлері
мүліктік
және
мүліктік емес
деп бөлінеді.
Мүлікті қатынастар
мүліктік,материалды игіліктер сипатында болатындыұтан,олардың
эканомикалық мазмұны бар.
Мүліктік емес
қатынастарға
адамның,азаматтың
өмірі,денсаулығы,еркіндігі,
бостандығы,қауіпсіздігі,ар-ожданы,намысы,аты-жөні т.с.с. жеке басының
мүліктік емес мүдделері жатады.Мүліктік, материалды игіліктер бір жеке
және заңды тұлғалардан екіншілеріне көшуі,қайтарылуы мүмкін.Ал
мүліктік емес құбылыстар мен мүдделер екінші біреуге
берілмейді,көшпейді.
Азаматтық құқық қатынастары негізінен:
а) Мүлітік және мүліктік емес
ә) Абсолютті жңне салыстырмалы
б) Заттық және міндеттемелік теп ажыратылады.
Азаматтық құқық,қатынастары
мүліктік қатынастар
мен
мүліктік
емес
қатынастарға
бөлу мынаған негізделген: мүліктік құқық
қатынастарының беогілі бір эканомикалық мазмұнв бар,сонымен бірге
мүліктік құқық қатынастарының мұндай мазмұны болмайды және жеке
адмның кейбір материалдық емес мүдделерін қамтамасыз етеді.
Құқық қатынастары тағы да
абсолютті
және
салыстырмалы
болып
бөлінеді.Бұлайша бөлу қатысушылардың
байланысы негізіне
негізделген.Субъективті құқығы бар тұлғаларға міндетті тұлғалардың
беймәлім тобы қарсы тұратын құқық қатынастары
абсолютті құқық
қатынастары
деп аталады.Мүлікті және жеке мүліктік емес құқық
7
қатынастары абсолютті болуы мүмкін.бұл арада меншікті заттың бір
субъектісі туындыныі немесе өнертабыстың авторы басқарцға құқықты
болып табылады.Қалған тұлғалардың бәрі міндетті болады.Олардың
негізгі міндеті келеңсіз болып табылады және меншік иесінің өз құқығын
жүзеге асыруына,автор құқығын бұзбауға және т.б. келіп саяды.
Басқаруға құқықты адамға алдын ала белгілі адамдардың белгілі бір
ацқын тобы өарсы тұратын құқық қатынастары
салыстармалы
деп
саналады.Олар бірнещеу болуы мүмкін,бірақ олар әрқашанда дәл
анықталған болады.Мысалы,азаматтар немесе зағды тұлғалар жасасқан
шарттан туындайтын құқық қатынастары салыстырмалы.
Заттық
және
міндеттемелік
құқық қатынастары.Профессор
М.И.Брагинскийдің атап көрсеткендей,Рим құқығынан бастау алатын
«заттық» немесе «міндеттемелік» болып бөлу ең алдымен құрлықтағы
елдердің заңдарынды маңызын сақтап қалған.Егер де институциондық
жүйе бойынша жасалған кодекстерде бұлайша болц онша айқын
көрінбесе,пандектілік үлгіні пайдаланған кодекстерде оның негізгі
маңызы бар.
Мейлінше жалпылама түрінде заттық және міндеттемелік құқық
қатынастары арасындағы айырмашылық мынадан аңғарылады:заттық
құқықтық мәселені зат,абсолютті сипатта болады,затпен байланысты
болғандықтан,соның ізінен шықпайды және,ақырында, құқық иесінің
белсенділігін және сонымен бірге өзіне қарсы тұлғалардың енжарлығын
керек етеді.Міндеттемелік құқық қатынастарына олардың мәселесі белгілі
бір адамның іс-әрекеті болуы тән,олар салыстырмалы
болады,борышкерден қалмайды және құқықты адам-несие берушіге қарсы
тұратын сол борышкердің белсенділігін керек етеді.Мүлікті беру,ақша
төлеу,жұмыс орындау және т.б. сондай іс-әрекет болуы мүмкін.
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру әруақытта да мерзіммен тыңыз
байланысты.Сондықтан азаматтық құқығында мерзімнің алатын орыны
8
ерекшк.Азаматтық заңдар уақыт кезеңі мен азаматтық құқықтардың пайда
болуын,өзгеруін немесе жрйылуын анықтаумен қатар заңда немесе
шарттарда көрсетілген әрекеттердің жүзеге асырылуын да қамтамасыз
етеді.Уақыттың кезеңдері объективті түрде,яғни азаматтық құқықтық
қатынасқа қатысушылардың еркіне бағынбайтын болғандықтан,оқиғалар
қатарына жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |