тиісті операциялар жасалып болған кезде бітеді.Сонымен қатар,егер
мерзімнің соңғы күніндегі жиырма төрт сағсақа дейін почтаға немесе
телеграфқа тиісті жазба мәлімдемелер мен хабарламалар тапсырылса,онда
олар мерзімінде берілген болып есептелінеді.
Талап қою мерзімі.
Талап қою мерзімі дегеніміз-субъективтік
құқықтарына немесе заңды мүдделеріне нұқсан келтірген субъектілердің
оларды қалпына келтіру туралы талабының қавнағаттандырылу мүмкін
болатын заңда көрсетілген уақыт кезеңі.Анықтамадан көріп
отырғанымыздай,талап қою мерзімі құқығы бұзылған тұлғаның мүддесін
қорғау үшін белгіленеді.Сондықтан да талап қою қағидасын екі мағынада
түсінгеніміз жөн болар.Талап мерзімі азаматтық құқықтық категория
ретінде,ал екінші ұғым іс жүргізу құқығының
негізінде анықталатын
қағида,яғни құқығы бұзылған тұлғаның сотқа талап қою құқығы.Заңның
мағынасынан көрініп отырғандай,талап қою мерзімінің өтіп кетуіне
қарамастан,сот құқығы бұзылған субъектінің құқығын қорғау туралы
талабын қабылдауға міндетті (Азаматтық кодекстің 179-бабы).
Талап қою мерзімі ниституты азаматтық құқық қатынастарының
қатысушыларына өз міндеттерін дер кезінде орындауға ықпал жасйды.
Талап қою иерзімдері және оларды есептеу тәрітібі заңмен көзделеді
және олардың талаптардың келісуімен өзгертуге болмайды.
Тараптар өздерінің келісімдері
бойынша талап қою мерзімін
қысартуға немесе ұзартуға мүмкіншіліктері жоқ,өйткені талап қою
мерзімінің ережелері заңда көрсетілген,яғни бұл нормалар императивтік
мағынада анықталған.
Заңда анықталған ережелер бойынша талап қою мерзімінің ағымы
тоқтатылуы,үзілуі және қалпына келтірілуі де мүмкін.
Талап қою мерзімінің тоқтатылуы-талап
қоюға кедергі келтіретін
жағдайлардың салдарынан есепке алынбайтын уақыт.Мерзімді тоқтата
тұруға әкеліп соқтырған мән-жайлар жойылған күннен бастап,талап қою
мерзімінің ағымы одан әрі жалғасады.Бұл орайда мерзімнің қалған бөлігі
10
алты айға дейін,ал егер талап қою ерзімі алты айдан аспаса-талап
мерзіміне дейін ұзартылады.
Талап қою мерзімі заңмен белгіленген мына төмендегі жағдайлар
бойынша тоқтатылады:
1)
егер де талап қоюға осы жағдайдағы төтенше және тойтаруға
болмайтын оқиға (бой бермейтін күш)
кедергі жасаған
болса,мысалы,жер сілкіну,топан су,сел ағыны немесе басқадай
табиғи апаттар;
2)
Қазақстан Республикасы Президентінің белгіленуімен
міндеттемені орындау кейінге қалдырылса (мораторий);
3)
егер де талапкер немесе жауапкер соғыс жағдайына көшірілген
әскери бөлімшелер құрамында болса;
4)
егер де әрекет қабілеттілігі жоқ адамның заңды өкілі болмаса;
5)
егер де тиісті қатынасты реттейтін заңдардың қолданылуы
тоқтатылса.
Талап қою мерзімінің өтуіндегі үзілісті тоқтату мерзімінен айыра білу
керек. Талап қою мерзімінің өтуі белгіленген тәртіппен талап қою,сондай-
ақ міндеттер адамның борышты
немесе өзге міндеттерді
мойындағандығын дәлелдейтін әрекеттер жасауы арқылы үзіледі.
Үзілістен кейін талап қою мерзімінің өтуі қайтадан басталады,үзіліске
дейін өткен уақыт жаңа мерзімге есептелмейді.Басқа сөзбен айтқанда,жаңа
мерзім пайда болады.
Талап қою мерзімін қалпына келтіру тек ерекше жағдайларда,яғни
талапкердің жеке басына байланысты мән-жайлар (мәселен:ауыр науқас
дәрменсіз халде болу,сауатсыздық және т.б.) бойынша жүзеге асырылуы
мүмкін.Жоғарыда көрсетілген дәлелді есептер болған жағдайда соттың
ғана талап қою мерзімін қалпына келтіру мүмкіншілігі бар.Көрсетілген
негіздер осы қатармен
ғана аяқталып қоймайды,оның шеңберін кең
түсінгеніміз жөн болар.
11