отикалық Кафедралық шіркеу Кутансе, Франция
Бірақ осы жағдайға қарап XVIII ғасыр мәдениеті мен өнерінің өзіндік ерекшеліктері, дәлірек айтқанда өзіне ғана тән көркемдік стильдері мүлде болмаған екен деген ұғым туып қалмау керек. Өнер саласында біртектес стильдер (романдық және готикалық стильдер) қалыптасқан өткен тарихи кезеңдерге қарағанда бұл дәуір өнері өзіндік бет-бейнесімен, өзіндік сипатымен ерекшеленді. Жаңа заман стильдері — заман талабынан туған мәдени қажеттілік болып саналады.
Мадам де Монтеспан, барокко дәуірінің әйел бейнесі
Солардың бірі — мәдениет саласындағы ескі дәстүрлер (готика) мен демократиялық еркін ойлау идеяларын өзара ұштастыра білген өнердегі мүлде жаңа стиль — барокко бағыты болды. Барокко — астарлы, әдептен тыс деген мағына береді. Оның әлеуметтік негізі — абсолютизм дәуіріндегі дворяндық мәдениет. Барокко — халықаралық құбылыс, ол әсіресе Италияда, Испанияда, Францияда, Германияда кең қанат жайды. Осы дәуірдің күрделі қоғамдық шиеленістері барокко өнеріне өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Сондықтан да болар, аталған елдердегі қалыптасқан саяси-әлеуметтік жағдайлар адамдардың сана-сезіміне ғана емес, сонымен бірге осы бір өнер саласының қалыптасып дамуына да ерекше ықпал етті. Барокко стилі әсіресе сәулет өнері саласында айқын көрінді, осы стильде зәулім сарайлар мен парк ансамбльдері салынды. Олар тарихи кезеңнің куәгері, еуропа мәдениетінің баға жетпес ескерткішіне айналды. Шындығында да, Ағартушылық дөуірінде парктер мен бақтар — философиялық әңгімелер мен ойтолғаныстарының негізгі орталықтары болды. Олар — табиғат пен адамның, тіпті адамдардың қарым-қатынастарының өзара үндестік табуына себепкер болатын қасиетті орынға айналды. Парктер мен бау-бақшалар композициясын музейлер мен театрлар, сурет галереялары мен кітапханалар, ғибадатханалар және т.б. мәдени ошақтар одан әрі түрлендіре түсті.
Франциялық рококо: Амалиенбург
XVIII ғасырда бароккомен қатар Батые Еуропа өнерінде кеңінен тараған стильдердің бірі — рококо болды. Ол сарай зиялылары мөдениетімен тікелей байланыста қалыптасты. Рококо эстетикасының басты ұраны — «Өнер — рахаттану құралы». Бұл ұран сол бір кезеңдегі «ертеңгісін ойламайтын аристократтардың (ақсүйектердің) дүниеге көзқарастарын дәлме-дәл көрсетеді. «Бізден соң не болса да мейлі» деген Людовик XV нің ұраны да осы дәуірде шыққан.
Бірақ Еуропа халқы болашақтан топан суды немесе селді емес, түбегейлі өзгерістерді, мәдени жаңғыруларды күтті. Халық сенімі бұл орайда ақталды десек қателеспейміз, өйткені ғасырдың бел ортасына қарай Франция, одан кейін бүкіл Еуропа елдері Ағартушылық идеялары рухының аясында өмір сүрді. Вольтер мен Руссо күрес туларын көтерді. Бірақ бұл екі ақыл- ой алыптарының алдарына қойған мақсаттары мен бағдарламаларына айтарлықтай айырмашылықтар болды, өйткені олар ескі қоғамдық құрылысқа қарсы екі орталықтың, әлеуметтік өмірдің шиеленіскен жағдайындағы қарсы полюстің өкілдері болатын. Екі ғұлама да бір уақытта, 1778 жылы қайтыс болды, бірақ тіршілікте бірін-бірі аяусыз сынаумен өтті. Женевалық философтың плебейлік демократизмі Вольтердің жүрегін айнытты, тіпті Руссоны өркениеттің жетістіктері мен рахатынан бас тартып, адамның алғашқы табиғи жағдайына көшу қажеттігі жайындағы пікір де ешқандай қанағаттандырмады. Ал Руссо болса өз тарапынан замандасының қарапайымдылыққа байланысты өркөкіректігін жақтырмады. Бірақ тарихи кезең бұл қарама-қайшылықтарды жуып-шайып жіберді, өйткені олар күні өтіп бара жатқан қоғамдық құрылысты, оның идеологиясын қай түрғыдан сынаса да, қалай сынаса да — ортақ іс үшін, бір мақсат үшін сынады, ортақ мақсат үшін күресті, сондықтан да бұл екі дананың екеуі де Ағартушылық заманының ұлылары болып қала береді.
Олай болса, қоғамды қайта құру жолындағы күрестің бұл аристократиялық және демократиялық жолдары — прогресс жолындағы мәдени қозғалыстың екі бағыты десек қателеспейтін шығармыз деп ойлаймыз. Вольтердің жолы — рухани жөне әлеуметтік революцияларды «жоғарыдан» жасау жолы, бұл жол — Вольтердің ізін қуушылардың романтизм мен еркіндікке ұмтылу жолы. 1825 жылы Ресей топырағында болған декабристер қозғалысы да осы идеялар жольшдағы патриоттық күрес болды. Еуропалық және орыс әдебиетінде Чайльд Горольд, Карл Моор, Чацкий мен Дубровский сияқты аристократтық толқулар батырларының бейнелерінің тамаша сомдалуы да осы бір ағымның әсерінен болса керек. Вольтерге қарағанда Руссоның ілімі мен идеяларының тағдыры әрі күрделі, әрі ерекше. Олардан француз революциясының бостандық, теңдік, туысқандық жайындағы өмірлік ұрандар туындады. Бірақ, өкінішке орай, бостандық пен теңдікті желеу етіп якобин диктатурасы өз бағдарламасында жаппай қырып-жою теориясын жақтап шықты. Жан Жак Руссо алғашқы өнеркәсіп революциясының қарсаңында ғалымдар мен саясатшылар адамзаттың болашағы үшін жауапты екендігін, адамның табиғатты игеруге байланысты іс-әрекеттеріне бақылау орнату қажеттігін мәлімдеген болатын. Бірақ, өкінішке орай, бұл мәлімдемелер мүлде ескерілмей, бұл дәуірдегі еуропалықтардың басқыншылық әрекеттері кездейсоқтық сипатынан айрылып, саналы түрде жүзеге асырыла бастады. Мысалы, АКДП-тың шығысында Еуропадан қоныс аударғандар жергілікті халықты ата-қонысынан ығыстырып, жаңа жерлерді зорлықпен басып алды. Африка, Азия құрылықтарының бірқатар мемлекеттері де жыртқыштықпен тоналды. Британ өкіметі шалғайда орналасқан «бесінші континентті» (Австралия) қылмыскерлердің жазаларын өтеу орталығына айналдырды. Ал Еуропалық мемлекетгердің өз араларындағы әскери қақтығыстарға келетін болсақ, мұнда жағдай мүлде басқаша болды. Олар соғыс жағдайында бір-бірін тең деп санады, тіпті шиеленіскен сәттердің өзінде де тиісті келісімдерге келіп отырды (жеңіске жеткен мемлекет тұтқындарды құлға айналдыра алмады, соғыс қимылдарына тек арнайы әскерлер ғана қатыстырылды және т.б.). Бірақ Франция, Англия, Португалия, Испания сияқты Еуропа мемлекеттері еуропалық емес немесе «христиандық дүниеге» жатпайтын елдер үшін ешбір заң да, ешбір норма да есепке алынбады. Олар «түземдіктермен» саудаласып не болмаса бәтуаға келіп жатудың ешбір қажетгігі жоқ, шама келгенше оларды бағындырып қана қоймай, қырып-жоя беру керек деп санады. Бұл қанды саясаттың құрбандығына Үндістан сияқты көптеген өркениетті елдердің ұшырағандығы тарихтан белгілі.
Орын алған осындай келеңсіз жағдайларға қарамастан, Еуропадағы «Ағартушылық» дәуірі — дүниежүзілік мәдениет тарихындағы ең жарқын кезеңдердің бірі болды. Ағартушылық идея¬ларының нәтижесінде пайда болған мәдени өзгерістерді сол дәуірдің адамдарының өздері де мақтаныш етті. Ғасыр ақыны аталған Гетенің өзі де осы бір тарихи кезеңдегі уақиғаларды шаттана жырлады. «Ағартушылық» дәуірі — Еуропаның рухани дамуыңдағы ұлы бетбұрыс кезеңі болды. Ол қоғамдық өмірдің барлық саласына (қоғамдық-саяси, мәдени және т.б.) айтарлықтай әсерін тигізді. «Утопияның алтын ғасыры» деп аталатын бұл дәуірдің мәдени мұрасы өзінің жан-жақтылығымен, жанрлар мен стильдердің көптігімен, оптимистік сарынымен және адамзаттың ақыл-ойына деген шынайы сенімімен осы уақытқа дейін таң қалдырып келеді.