Резазуринмен байқау. Стерилденген пробиркаға 1 мл резазурин ерітіндісін, оның үстіне анықтауға арналған 10 мл сүт құямыз да, тығындап, үш рет жайлап әбден араластырамыз. Пробирканы редуктазникке немесе ыстықтығы 38°С су ваннасына саламыз. Судың деңгейі пробиркадағы қоспаның деңгейінен жоғары болуы керек. Су ваннасына, редуктазникке салған уақытын анықтаудың басталғаны деп есептейміз. 20 минуттан кейін ағарған пробирканы алып тастаймыз. Қалған пробиркаларды да ерітінді ағарған кездегі уаөытын белгілеп алыптастай береміз. Енді сүттегі бактерия санының редуктазаның резазуринді ағарту уақытына баланысты екеніне көз жеткізу үшін төмендегі кестеге қараңыздар.
Сүттің пастерленгендігін анықтау Қазіргі кезде республикамыздың кейбір шаруашылықтарында бруцеллез, туберкулез ауруымен ауыратын сиырлардың кездесетіндігін жасыруға болмайды. Сондықтан да сүтті мемлекетке тапсырмас бұрын тікелей ферманың өзінде пастерлеу керек. Кейбір жағдайда мамандардың жауапсыздығынан мемлекет толық пастерленбеген немесе пастерленген сүтке пастерленбеген сүт қосылып тапсырылады.
Адамдардың денсаулығын сақтау үшін, ондайжағдайда сүттің пастерленген-пастерленбегенін тексеру керек. Оны фосфотаза, пероксида лактоальбумин үлгілері арқылы білуге болады.
Фосфотаза үлгісі. Фосфотаза ферменті сүтті 63 °С температурада 20 минут бойы немесе 72°С температурада 20 секунд қыздырса бұзылады.
Аспаптар мен реактивтер. 1, 2, 20 миллилитрлік пипеткалар, 100 мл колба, цилиндр, су ваннасы, пробиркалар, 1 н сулы аммиак және хлорлы аммоний ерітіндісі, 0,1 проценттік натрий-фенолфталеинфосфат ерітіндісі.
Тексеру єдісі. Пробиркаға 2 мл сүт, натрийдің 1 мл, 0,1 проценттік фенолфталеин-фосфат ерітіндісін құйып, жақсылап араластырамыз. Содан кейін пробирканы 40—45°С температурадағы су ваннасына 1 сағат салып қоямыз да әуелі 10 минуттан кейін, екінші рет 1 сағаттан кейін қараймыз. Егер пробиркадағы қосындылардың түсі өзгермесе, онда сүт пастерленген де, ашық қызғгылт, түске боялса — пастерленбеген.