Жоспар: Кіріспе Сүт өнімдерінің көрсеткіштері



бет14/17
Дата27.09.2023
өлшемі184,5 Kb.
#110929
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
ref -sut-onimderi-27 2

Түсі, дәмі, иісі. Бір стакан сүтті құйып алып, жарықта қарап, басқа түс пен басқа сүтке тән емес иic жоқтығын анықтайды. Сиыр сүтінің дәмі мен иісі өзіне тән, басқа дәм мен иістер болмау керек. Түсі ақ сарғыш болады. Ал майы алынған сүттің түсі ақ-көкшіл болады. Сүттің дәмін оны ішу арқылы бағалайды.
Сүт тығыздығын анықтау (МЕМСТ 5867-93)
Сүттің тығыздығы стандарт бойынша ареометр көмегімен анықталады және г/см3 бірлікпен өлшенеді. Табиғи сиыр сүтінің, тығыздығы 1,028-1,034 г/см3 шамасында болу керек. Өндірісте сүт тығыздығын градуспен өлшеу орын алған. Егер ареометр бойынша сүт тығыздығы 1,031 г/см3 болса, сүттің меншікті салмағын 31 градус деп есепгейді, т.с.с.
Сүттің тығыздығына оның майлылығы тікелей әсер етеді. Сүттің майлылығы жоғарылаған сайын, оның тығыздығы азая түседі,яғни майы альнған сүттің тығыздығы табиғи сүттің тығыздығынан жоғары болады. Бірақ, табиғи сүт пен майы алынған немесе су қосылған сүттің тығыздығы бірдей болуы да мүмкін. Сондықтан сүттің майлылығын тек оның тығыздығы бойьнша болжауға болмайды.
Сүт тығыздыгы оның құрамын, компонетттерінің қатынасьн сипаттайды . Ол сүттің жеке компоненттерінің тығыздықтарының орташа мәні болып табылады. Сүттің тығыздығын сүт температурасы 20±5°С жағдайда лакто-денсиметр (ареометр) көмегімен анықтайды.
Сүт тығыздығын анықтау үшін қажетті заттар;
- сыйымдылығы 500 мл шыны заттар;
- лакто-денсиметр (ареометр);
- секундомер;
- 250 мл зерттелетін сүт сынамасы.
Анықтау техникасы
а) 250 мл зерттелетін сүт сынамасын сәл көлбеу қалыптағы шыны цилиндрге қабырғасымен (сүт көбіктеніп кетпес үшін) қояды;
ә) Құрғақ лактоденсиметрді (ареометрді) сүтке сальш, шкаласының 1,030 белгісіне дейін сүңгітіп, қоя береді, ол цилиндр қабығысна тимеу керек:
б) Прибор тоқтаған мезеттен 1 минуттан кейін сүт температурасы мен тығыздығын прибордың сүт ізінің белгісі арқылы анықтайды: температурасын +0,50C дәлдікпен, тығыздығын ±0,0005 дәлдікпен;
в) Егер сүттің температурасы 200С-тан жоғары болса, әрбір градус үшін сүт тығыздығы көрсеткішіне 0,0002 қосады, ал 20°С-тан төмен болса, әрбір градус; үшін 0,0002-ге азайтады.
Табиги сиыр сүттің тығыздығы 1,027-1,032 г/см3 болу керек. Егер сүтке су қосылған болса, оның тығыздығы азаяды -қосылған әрбір 10% су шамамен сүт тығыздығы 0,003-ке азайтады.
Майы алынған сүттің тығыздығы жоғары болады. Себебі, сүт құрамында-ғы май мөлшері азаяды да, керісінше, минералдық заттардың %-тік қатынасы көбейеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет