Е.s.p ерекшелігі мынада, онда оң мәндер болады, себебі ұсыныс көлемі және баға әрдайым бір бағытқа жылжиды және ұсыныс қисығында оң көлбеу болады. Көлеміне әсер ететін ең басты фактор осы қарастырып отырғандардың бағасы болып табылады. Баға өзгерген уақытта ұсыныс көлеміде өзгеріп отырады. Осы байланысты табу үшін ұсыныстың бағалық икемділігі деген көрсеткішті қолданамыз.
Ұсыныс икемділігінің коэффициенті сұраныстың бағалық икемділігі коэффициентіне сәйкес мына формула бойынша есептеледі:
ЕS = (∆Q/Q / (∆Р/Р)) = (∆Q /∆Р) ∙ (Р/Q)
Ұсыныс икемділігінің коэффициенті әрқашан оң сан, өйткені ұсыныстың бағасымен шамасы – тең бағытталған шамалар. Сұраныс сияқты ұсыныс бағасы бойынша икемді, икемсіз, мүлде икемді, мүлде икемсіз немесе бірлі-жарым икемді. Ұсыныстың икемділігі не әсер ететін шешуші фактор ретінде уақыт факторы болып табылады: өндіруші де неғұрлым ұзақ уақыт аралығы бар, соғұрлым жоғарылау дәрежеде ұсыныс шамасы бағаға байланысты өзгеруі мүмкін.
2.1. Ұсыныс икемділігі
3.Тепе-тең бағаны болжау
Тепе-теңдік – бұл тараптардың, яғни сатушы мен сатып алушының келісімге қол жеткізген нарықтағы жағдайы. Яғни қарама – қарсы тараптар, өз-ара бітімге келеді. Нарықтағы тепе-теңдік баға сатып алушылардың немесе тұтынушылардың жоспарларын және сатушылардың немес өндірушілердің жоспарларын теңгерген кезде орын алады. Яғни, тепе-теңдік баға – бұл сұраныс көлемі мен ұсыныс көлеміне тең баға.
Тепе-теңдік көлемі – бұл тепе-тең баға бойынша сатып алынған және сатылған тауарлардың көлемі. Нарық өз тепе-теңдігіне қарай жылжиды, себебі:
• Баға сатушылар мен сатып алушылардың жоспарларын реттейді;
• Егер жоспарлар сәйкес келмесе, баға өзгереді.
4.Салықтардың нарықтық тепе-теңдікке әсері
Салық салудың өзіне тән нарықтық нысандары болады. Мысалға, салықты нарықтағы өткізілетін тауардың әр бірлігіне салынады деп жорамалдайық.Сатушыларға салынатын салық. Сатылған тауардың әр бірлігіне сатушы t- ақшалай бірлік мөлшерінде салық төлеуі керек. S- ұсыныс қисығы өндірушілердің тауардың белгілі көлемін сатуға келісетін ең төменгі бағаны көрсетеді. Бұл ұсыныс қисығының t-бірлікке жоғары жылжығанын көрсетеді. е' жаңа тепе-теңдік пен е бастапқы тепе-теңдік салыстырайық. Алдыңғы p(e)- бағамен салыстырғанда сатып алушы р'(е) бағаны төлейді, ал сатушыға салық төлегеннен кейін р'(е)-t қалады. Басқаша айтқанда, р'(е)-р(е) мәніне тең салықтың бір бөлігін сатып алушы төлейді, ал р'(е)-(р'(е)-t)-ке тең болатын қалған бөлігін сатушы төлейді.