Жоспар: Кіріспе Тілдің шығуы туралы Тілдің қоғамдық қызметі Тілдің негізгі қызметі Кіріспе



бет4/4
Дата31.12.2021
өлшемі26,54 Kb.
#21412
1   2   3   4
Байланысты:
тілдің қызметі

3. Тілдің негізгі қызметі

Тіл – қарым-қатынас құралы. Тілге анықтама беруде ең алдымен оның әлеуметтік қызметі, яғни қоғамдағы адамдардың қатынас құралы болу қызметі негізге алынады. Тілдің – тек қатынас құралы ғана емес, сонымен бірге ойлаудың, ойдың жарыққа шығуының да құралы. Адамның ойы тіл арқылы, тілдегі сөздер мен сөйлемдер арқылы айтылып, белгілі бола алады. Ой және оның мазмұны тіл арқылы көрініп, сол арқылы ұғынылады. Демек, ойлау мен тіл бір-бірімен өзара тығыз байланыста болады. Осылай болғандықтан, тілдің табиғатын айқындауда оның қатынас құралы болу қызметімен бірге ойлаудың және ойды жүзеге асырудың құралы, ойдың материалдық формасы екендігі де ескерілуі қажет.

Тіл қызметі – тілдің негізгі мәні, қоғамдағы міндеттері мен атқаратын жұмысы, табиғаты сияқты күрделі ұғымдарды қамтиды. Бұлар – сонымен қатар оның жаратылысының ең маңызы. Бұлар сонымен тар оның жаратылысының ең маңызды қасиеттері болып саналады. Тіл негізінен екі түрлі маңызды қызмет атқарады. Біріншісі коммуникативтік және екіншісі экспрессивтік, танымдық, (яғни сананың жұмысын жүзеге асыру қызметі). Тілдің экспрессивті қызметі делініп, әдетте, оның адамның субьективті қатынасын, сезімі мен эмоциясын білдіру білдіру қызметі аталады. Тілдің экспрессивті қызметінің, ондағы эмоциональды-экспрессивті құралдар мен тәсілдердің ойды көркемдеп, әсерлеп жеткізуде, әсіресе көркем әдебиетте маңызы айрықша күшті. Тілдің эмоционалдық кызметі, әсіресе поэтикалық, көркем әдеби шығармашылық салаларда орын алады. Тіл қызметі анықтауға қызығушылық XX ғасырда белең алды. Қазіргі кездегі тіл әрекеті аясының кеңеюімен тіл қызметі мәселесі ауызша сөйлеу тілі, функционалдық стильдер, мәтін лингвистикасы сияқты жаңа ағымдар аймағында терең зерттеулерге бет алды. Ғалымдар алдында тілдің қандай жүйелері мен кұрылымдары оның әртүрлі қызметтерінде қалай және қандай деңгейлерде қолданыста болатынтындығын анықтау міндеті тұр.

Тіл – халықтың тарихы, шежіресі, халықтың күллі өмірінің жаңғырығы мен ізі, онан сол тілді жасаушы халықтың арманы мен үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні естіліп тұрады.К.Ушинский тілдің осы бір қасиеттері жайында былай деп жазды: «Тілде бүкіл халықтың, оның бүкіл елінің рухы көрінеді, онда халықтық рух шығармашылық қуатымен ойға, суретке айналады, Отан аспанының даусы, оның ауасы, физикалық құбылыстар, оның климаты, оның даласы, таулары мен жазықтары, оның ормандары мен өзендері, оның дауылдары мен нажағайлары көрінеді... Халық тілінің айқын да тұнық тереңінде туған елдің жалғыз табиғаты ғана емес, сонымен бірге халықтың рухани өмірінің бүкіл тарихы сәулеленіп көрінеді.»

Тіл – адамның ой-өрісін, мәдени дәрежесін, ақыл-парасатын, рухани байлығын көрсететін айна.Тіл – қуатты құрал. Оның қуаты мен құдіреті, ғажайып бейнелігі мен алмас қылыштай өткірлігі, әсіресе, көркем әдебиет пен публицистикада көрінеді де, айрықша әсерлі күшке айналады.Жамбыл Жабаевтың пафос пен патриотизмге толы «Ленингадтық өрендерімнің» Ұлы Отан соғысында кеңес жауынгері мен халқына күш, жігер беріп, жауға қарсы аттандыруда еткен әсері, әрбір сөзінің қуаты, дауылпаздай саңқылдаған даусының құдіреті баршамызға аян. Ол ешқашан да ұмытылмақ емес.

Көркем сөздің баурап алатын күші ерлікке, Отанды сүюге, адамгершілікке тәрбиелейді. Тілдің әсерлі күшке айналуы үшін оның әрі ашық, айқын, әрі өткір, әрі көркем болуы шарт. М.Горький: «Тілдің күші тәрізді әрекет ететін шынайы әдемілігі дәлме-дәлділік, айқындылық, сөздің үнділігі арқылы жасалады»-дей келіп, тілдің тазалығы, дәлме-дәділігі үшін күресу керек деген талап қойды: «Тілдің тазалығы үшін, мағыналық дәлме-дәлділігі үшін, өткірлігі үшін күресу дегеніміз – мәдениет қаруы үшін күресу. Бұл қару неғұрлым өткірірек болса, неғұрлым дәлме-дәл бағытталса, ол соғұрлым жеңімпаз болады»

Айтайын дегеніңді дәлме-дәл, ашық, айқын және әсерлі түрде жеткізіп беру әрқашан оңай бола бермейді. Ол үшін тілді, әсіресе, оның байлығын, көркемділігі мен үнділігін, сан сырлы мағынасы мен өткірлігін, эмоциональды бояуы мен экспрессивті қызметін жан-жақты меңгеру, көптен-көп жаттыға білу қажет.

Тіл мәдениетінің өзектілігі әрқашан ескеріліп, қай халық болса да бұл мәселені айналып өткен емес. «Өнер алды - қызыл тіл» деп қазақ халқы да сөйлеу шеберлігіне үлкен мән берген. Қазіргі таңда тіл мәдениетінің көкейтестілігі арта түсті.

Тілдің өндіріс құралдарымен қызмет ету жағынан ұқсастығы бар. Тіл мен өндіріс құралдарының ұқсастығы мынада: тіл де, өндіріс құрал да әр басқа қоғамдық құрылысқа – ескі құрылысқа да, жаңа құрылысқа да қызмет етеді. Дегенмен, тіл мен өндіріс құралдарын теңестіру, оларды бірдей деп есептеу қате болар еді. Бұлардың арасында түбірлі айырмашылық бар: өндіріс құралдары материалдық игілік өндіреді, ал тіл ештеңе өндірмейді, адамдардың қатынас құралы, сөйлесу, түсінісу құралы ретінде қызмет етеді.

Сонымен, тіл базиспен де, қондырмамен де, мәдениетпен де, өндіріс құралдарымен де бірдей емес, тілді олармен теңестіруге болмайды. Тіл таптық құбылыс емес. Тіл қоғамдық құбылыс бола тұра басқа қоғамдық құбылыстардың түбірлі айырмашылығы бар және өзіне тән ерекше белгілері бар құбылыс болып саналады. Тіл мен қоғамның өз ара тығыз байланысы – екі жақты байланыс. Біріншіден, тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. Тіл жоқ жерде адамдардың қоғамда бірлесіп еңбек етуі, қоғамдық өндірісті ұйымдастыруы, оны дамытуы мүмкін емес. Демек, қоғамның өмір сүруі, адамдардың бірлесіп еңбек етуі үшін қатынас құралы, пікір алысудың құралы – тіл қажет. Тіл – адам баласы қоғамының өмір сүруінің және дамуының қажетті шарты. Екіншіден, тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүреді. Қоғам – тілдің өмір сүруінің шарты, қоғамнан тыс, адамдардың коллективінен тыс тіл жоқ. Қоғамның өмір сүруі үшін, адамдардың бірлесіп еңбек етуі үшін тіл қаншалықты қажет болса, тілдің өмір сүруі үшін қоғам да соншалықты қажет.



Тіл – адамдардың қатынас құралы болумен бірге, пікір алысатын, бірін-бірі түсінісетін құралы, қаруы.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламасында»: «Тілді дамыту - Қазақстан Республикасы мемлекеті саясатының аса өзекті бағыттарының бірі» , сондай-ақ «Мемлекеттік тілді оқытудың саны мен сапасына көңіл бөлу керек» делінген. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» - деп тұжырымдайды. Ал қазақ халқының тіл келешегі мектеп оқушыларында деп ойлаймын..

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет