Жоспар: Кіріспе



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата13.04.2023
өлшемі193,16 Kb.
#81980
1   2   3
Байланысты:
Зерттеу жұмысы

Франция 
1788–1789 жж. Францияда қоғамдық-саяси дағадарыс 
басталған еді. Революцияның басталу себептері өнеркәсіп 
пен саудадағы дағдарыс, 1788 жылғы құрғақшылық, 
Людовик XVI (1754-1793 жж.) сарайының 
ысырапшылдық шығындарының салдарынан мемлекеттік 
қазынаның күйреуі («Мемлекет – бұл мен» деген қанатты 
сөзі) емес, бүкіл елді жаулаған наразылықтың себебі сол 
кезде үстемдік құрған феодалдық-абсолюттік жүйенің 
елдің экономикалық, әлеуметтік және саяси дамуының 
міндеттеріне сәйкес келмеуінде еді. Франция халқының 
99 %-ға жуығын үшінші сословие құрады, қалған 1 % - 
мәртебелі сословие – дворяндар мен дінбасылар еді. 
Үшінші сословие таптық құрамы жағынан түрлі болып 
келді.



Оның құрамына шаруалар, қала жұмысшылары, 
қолөнершілер, кедейлер болды. Үшінші сословиенің 
барлық өкілдерін олардың саяси құқықтарының болмауы 
және сол кездегі тәртіпті өзгертуге деген құлшынысы 
біріктіретін еді. Олардың бәрі де феодалдық-абсолюттік 
монархияның қысымына шыдай алмайтын еді. 
Ұлы француз революциясының тарихы үш кезеңнен 
тұрады: 
- бірінші – 1779 жылғы 14 шілде – 1792 жылғы 10 тамыз; 
- екінші – 1792 жылғы 10 тамыз – 1793 жылғы 2 маусым; 
- үшінші– 1793 жылғы 2 маусым – 1794 жылғы 27–28 
шілде. 
Революцияның бірінш кезеңінде ірі буржуазия мен 
либерал дворяндар билікке келді. Олар конституциялық 
монархияны жақтады. 1791 жылғы қыркүйекте Людовик 
XVI Құрылтай жиналысы құрастырған конституцияға қол 
қойды, осыдан кейін елде конституциялық монархия 
орнады, Құрылтай жиналысы тарап, Заң шығару 
жиналысы жұмыс істей бастады. 
1792 жылғы 10 тамыз күні Париж коммунасы бастаған 
халық көтерілісі бой көтерді. Революцияның екінші кезеңі 
басталды. Париж коммунасы осы кезеңде париждік 
қалалық өзін өзі басқару органына айналды, ал 1793–1794 
жж. революциялық биліктің органына айналды.
Людовик XVI өлім жазасын кесу атифранцуздық 
коалицияның кеңеюіне себеп болды, оған Англия мен 
Испания енді.



Сыртқы майдандағы сәтсіздіктер, елдегі экономикалық 
қиындықтар, салықтардың өсуі – мұның бәрі 
жирондистердің беделінің түсуіне әкеп соқтырды. Елде 
толқулар басталды, өлімдер мен бүліктер басталды, ал 
1793 жылғы 31 мамыр – 2 маусым күндері халық 
көтерілісі басталды. 
Осы оқиғадан бастап, революцияның үшінші кезеңі 
басталды. Билік қалалық тұрғындар мен шаруаларға арқа 
сүйеген радикал буржуазияның қолына көшті. Дәл осы 
кезде халықтың билікке үлкен әсер етті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет