2.1.1Жобалық тапсырма– жобаға талаппен негізігі міндеттер көрсетілетін жобалаудың алғашқы сатысы. Жобалауға тапсырманы заказ беруші белгілейді және мынандай маңызды деректерді көрсетеді: кәсіпорынның атауы, жобаға негіз болған себептер, құрылыс салатын аудан және алаң, обьектінің өндірістік қуаты, мал шаруашылығын дамытудың келешектік жоспарлары, жануарларды күтіп – бағу технологиясы, табынның саны, құрамы мен өнімділігі, санитариялық – гигиеналық режимі, жобаланған азықтандыру рационы, ветеринариялық сақтау жүйелері, ветеринариялық – санитариялық талаптар мен зоогигиеналық параметрлер. Күркетауық қораларын салуға таңдап алынған жер құрғақ, сәл биіктікте, тасқын ен нөсерлі жаңбырдан соң, су баспайтын болуға тиіс. Ол жер аймағына күн сәулесі мол түсіп тұруға және желдетіліп тұратын сондай – ақ, осындай орында қатты желден, құм дауылынан және қарлы бораннан қорғанған болуы керек. Ол үшін орман – тоғай маңына салынғаны немесе айнала ағаш отырғызған жөн. Осы аймақта құрылыс салуға қосымша күш жұмсауды қажет ететін жер бедерінің кедергісі болмауы тиіс. Топырағы құрылыс салуға қолайлы болғаны жөн. Жер қыртысының құрамы су және ауа өткізгіш, түйіршік топырақты, сүзгіштік қабілеті төмендеу, көк – желек отырғызуға жарамды болу керек. Күркетауықтардың қораларын салуға таңдалған жердің топырағындағы дымқыл кемінде 5 м тереңдікте болғаны жөн. Құс шаруашылығы кәсіпорындарын салу үшін жер таңдаған кезде оның табиғи ауа райына да назар аударған жөн. Жер көлемін айқындау құс фермасының кеңейтілуін және оның құс азығымен қамтамасыз ету мүмкіндігін ескере отырып жүргізіледі. Ветеринариялық – санитариялық көзқарас тұрғысынан алғанда құрылыс салу үшін жерге қойылатын басты талап – ол жерде бұрын жұқпалы аурулардың болмағандығы. 2.1.2Көлемді – жоспарларды есептеу шешімдері (ені, ұзындығы) кеңдігі, ғимарат көлемі Күркетауық қораларының едені тақтайдан салынады (түгелдей тақтайдан немесе жұқа тақтайшадан) немесе асфальтталады, болмаса тор көзді болады. Ересек күркетауықтарды торлы немесе жұқа тақтайшалы не еденде ұстағанда олар негізгі еденнен 40-80 см биіктікте орналастырылады. Күркетауық балапандар қорасына бұл биіктік 20-25 см, тор көздің мөлшері туғанына 20 күн болған күркетауық балапандары үшін 12х12 мм, ал 45 күн толған күркетауық балапандары үшін 15х15 мм. Күркетауық қоралары жылжымалы тұрақты жем берілетін астауымен су құйылатын науа болады. Бұлардың саны күркетауық балапандарының азықтану кезінде алатын орын мөлшеріне қарай белгіленеді. Қазіргі уақытта өнеркәсіпте күркетауық қораларына арнап жасалған механикаландырылған жабдықтардың комплектісі бар. Бұл комплектіде жемді таратып беретін құрал, науалы суат, ұяларды және күркетауық өтетін жолдарды ашып жабатын механикаландырылған қондырғылар, күркетауық саңғырығын жинайтын механизмдер, өндірістік процестерді автоматты жолмен басқаратын станция бар. Күркетауық қораларына жабдықтарды орналастыру жобасы қора құрылысының конструкциясына байланысты болады.