Жоспар кірспе негізгі бөлім


Шет психологиясындағы ағымдар(бихевиоризм)



бет4/5
Дата19.10.2023
өлшемі39,16 Kb.
#119388
1   2   3   4   5
Байланысты:
stud.kz-29587 2

6.Шет психологиясындағы ағымдар(бихевиоризм).
Ғылым білімнің сұранысының дамуына байланысты, XX ғасырдың басында сананың интроспективтік психологиясының дағдарысы байқалды. Интроспективтік психология практикалық өңдеуді қажет ететін мәселелерді шеше алмады. Қоғамның қарқынды дамуымен анықталатын тәжірибе сұраныстарын бұрынғы субъективтік әдістер қанағаттандыра алмады. Жаңа объективтік әдістерді жасау қажет болды.
Психология ғылымының көрнекті тарихшыларының бірі ─ М.Г.Ярошевский сана психологиясының дағдарысына, осыған дейін Францияда кең таралған невропатология мен психиатрия саласындағы зерттеулер нәтижелері себеп болды деп санайды. Бұл зерттеулер кейде адам психикасында санадан тыс құбылыстар болатынын көрсетті. Санадан тыс құбылыстар аумағы клиникалық және эксперименталдық талдауға түсті. Көлемді зерттеулерді Шарко(1825-1893) жасады. Оның басшылығымен атақты француз психологы Пьер Жане (1859-1937), психоанализ негізін салушы Зигмунд Фрейд(1856-1939) жұмыс істей басты. Атақты француз психологы Альфред Бине объективтік әдістерді жасай бастады. Ол балалар ақыл-ойының деңгейін анықтайтын тестілер жасады. Интроспективтік әдіс, балаларға ұсынылған тапсырмалар шешімінің нәтижелерін немесе өнімдерін объективтік талдаумен салыстырғанда, екінші кезекте болды.
Сонымен, XX ғасырдың басындағы психиканы эксперименталдық зерттеулер, психология ─ сана туралы ғылым ретінде анықталуы мүмкін емес деген тұжырымға әкелді.
Бұл кезеңдегі психологияның дамуына Ч.Дарвинның эволюциялық ілімі үлкен ықпал жасады.бұл ілім мынаны дәлелдеді: психикалық құбылыстарды қоршаған ортадан,тіршілік иесінің бейімделу әрекетінен бөлек қарастыру мүлдем мүмкін емес. Эволюциялық теория ықпалымен жануарлар психикасы мен балалар психикасын зерттеу жұмыстары жасала бастады. Бұл зерттеулер интроспекцияны қолдану мүмкіндігін ысырып тастады, адам психикасына генетикалық және салыстырмалы тұрғыдан қарауды бекітті. Осындай әр түрлі ықпалдардың бәрі психологияда жаңа психологиялық теориялар қатарының пайда болғанын көрсетті. Бұл теориялардың өкілдері сана психологиясын психиканың жаңа концепциясымен алмастыруға немесе толықтыруға тырысты.
Бихевиоризм (ағылш. behaviour - мінез-кұлық ) - тілдің мәні мен кызметін адам организміндегі вербалдық және эмоционалдық әсерлердің сыртқы ортамен қатынасы арқылы түсіндіру. Бихевиоризмнің теориялық негізін салған Л. Блумфилд (АҚШ). Бихевиоризм психологиялық бағыттардың бірі негізінде туған, бірақ психологияның ой-сана жайындағы зерттеулерін мойындамайды. Бихевиоризм дескриптивті лингвистикада (Б. Блок), трансформациялық-генеративтік грамматикада (Н. Хомский)тағы басқа кездеседі. 20 ғасырдағы психология ғылымын сипаттайтын американдық бағыт деп те қарастырады. Ол адамның құлқын жете қарастырады да, сананы негізгі зерттеу обьектісі деп санамайды. Бихевиоризімнің іргесін қалаушы Эдвар Торндайк.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет