Коллоидтық ЖҮйелер және лиофобтық коллоидтық ЖҮйелерді алу және тазарту әдістері



бет1/5
Дата15.10.2023
өлшемі0,74 Mb.
#115363
  1   2   3   4   5

КОЛЛОИДТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР ЖӘНЕ ЛИОФОБТЫҚ КОЛЛОИДТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІ АЛУ ЖӘНЕ ТАЗАРТУ ӘДІСТЕРІ

ҚАБЫЛДАҒАН: х.ғ.к.,доцент м.а. Тулегенова Г.У.

Орындаған: Алижоббар.Н

аралбаев.н

Жилхайдарова.Ш

Тобы: 112а

Курс:1

Факультет: жалпы медицина

жоспар

1.Коллоидтық жүйелердің жалпы сипаттамасы

2.Лиофобтық коллоидтық жүйелердің алу әдістері

2.1 Конденсациялық әдістер

2.2 Диспергациялық әдістер

2.3 Пептизация әдісі

3.Коллоидтық ерітінділерді тазарту әдістері

1.Коллоидтық жүйелердің жалпы сипаттамасы

Коллоидтық химияның жеке ғылым ретінде пайда болуы ағылшын ғалымы Т. Грэммен басталады деп есептелінеді. Ол 1861 ж. коллоидтық ерітінділерді даярлау және тазартудың бірқатар әдістерін жасады. Т. Грэм барлық заттарды диффузиялық қабілеттігіне байланысты екі топқа бөлді. 1) кристаллоидтар – салыстырмалы түрде жылдам диффузияланатын және шын (шынайы) ерітінділер түзетін заттар. Ол ерітінділердің белгілі бір жағдайларда зат кристалл күйінде бөлінуі мүмкін. 2) коллоидтар – диффузия жылдамдығы да, осмостық қысымдары да аз заттар, олар коллоидтық ерітінділер, тоңазытпалар, желім тәрізді аморфты тұнбалар түзеді. Орыс ғалымдары Н.Б. Борщев және П.П. Веймарн теориялық және эксперименталдық зерттеулер нәтижесінде кез-келген затты сәйкесті жағдайлар жасап коллоидтық күйге айналдыруға болады деген дұрыс қорытынды жасады.

Егер коллоидтық бөлшектер сұйық ортада болса, онда ондай жүйелерді коллоидтық ерітінділер немесе зольдер деп атайды. ХІХ ғасыр бойы және ХХ ғасырдың бас кезінде бірқатар іргелі зерттеулер коллоидтық химияның дамуына үлкен роль атқарды. Осы зерттеулердің негізінде коллоидтық ерітінділерде бөлшектер ұсақтанудың (майдаланудың) немесе диспергленудің жоғары дәрежесінде, бірақ молекуладан әлдеқайда үлкен күйде болатыны анықталды. Сонымен, коллоидтық жүйелер дисперстік жүйелерге, яғни бір зат өлшемі әр түрлі бөлшектер күйінде басқа затта таралған жүйеге жатады екен. Бөлшектердің майдалану дәрежесі дисперстілік дәрежесі деп аталады. Майдаланған немесе дисперленген затты қоршаған орта дисперсиялық орта, ал әр түрлі өлшемдегі бөлшектер күйінде дисперленген зат – дисперстік фаза деп аталады. 278 Дисперстік жүйелер әр түрлі болып келеді, барлық биологиялық әлемнің негізін құрайтын да – сол дисперстік жүйелер. Техникада да, өндірістеде де дисперстік жүйелер кең таралған. Дисперстік жүйелердің жеке компоненттерінің химиялық құрылымының, бөлшектер өлшемінің және дисперсиялық ортаның әртүрлігі азық – түліктердің көп түрлерін алуды және пайдалануды қамтамасыз етуі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет